Технологическая карта "Мен кіммін?"

«Балдырған» ересек арнайы түзету тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Бөлімі: «Валеология»
Тақырыбы: «Мен кіммін?»
Мақсаты :
Білімділік:Балаларға өз дене құрылысын білуді, адамның бір-бірінен айырмашылығын
салыстыру, ажырата білуге көмектесу, адамның дене мүшелерінің құрылысымен таныстыру,
Түзете-дамытушылық: олардың өз атауы бар екенін білу, айтып ажыратуға , жас ұрпақтың
дұрыс өсіп-жетілуі үшін денсаулығын күтуді үйрету.
Тәрбиелік:Балаларды жастайынан өз денсаулықтарын күтуге, салауатты өмір сүруге баулу,
гигиеаналық талаптарды орындауға тәрбиелеу,
Алдын – ала жүргізілетін жұмыс: Өткен тақырыпта жаттығу жасау ережелерін естеріне
түсіріп әңгімелесу.
Әдіс тәсілдер: АҚТ,көрсету,түсіндіру, сұрақ – жауап,д/ойын (Адам денесін құрастыр)
сергіту сәті, ойын (Не жалғыз, не екеу) әңгімелесу,қайталау.
Қажетті көрнекі құралдар: Адам дене мүшелерінің суреттері
Қостілділік компонент /билингвальный/: Адам- человек, бас- голова, мойын- шей, қол-
рука,кеуде-в груди аяқ- нога.
Іс - әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің іс- әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Мотиваци
ялық-
қозғаушы
лық
Балалар Саламатсыздарма !
Балалар бізге телефоннан хабарлама келген сияқты?
-Ия балалар дәрігерден келген екен
Тәрбиеші хабарламаны оқиды.
Саламатсыздарма балалар!
Сендер өз дене мүшелеріңді танып біліп жүріңдер
Балалар өз дене мүшелеріңді білесіңдерме?
Қане бәріміз бірге айтып көрейікші
(Бас, мойын, қол, кеуде, аяқ)
Балалар амандасады.
Балалар хабарламаны
тыңдайды
Балалар бірге қайталайды
Ұйымдаст
ырушылы
қ ізденіс
кезеңі
Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар адамның көңілді
болуы неге байланысты?
Дұрыс, балалар адам баласының дұрыс өсіп
жетілуіне табиғат та, соның ішінде күн, ауа, және
судың адам үшін маңызды екенін біз білеміз.
Ендеше балалар мен сендерге бір жұмбақ
жасырайын, тыңдыңыздар!
Жұмбақ.
Жер бетінде ең ақылды, ең күшті кім?
Иә балалар дұрыс айтасыңдар!
Ойын «Өз досыңды таны»
Тәрбиеші балаларға бір-біріне қарап қандай
айырмашылықтарын және ұқсастықтарын бар екенін
айтуды ұсынады. Балалар шашыңның түсі, көзі,
мұрын пішіні, бойы, түсі жағынынан
айырмашылықтарын бар екенін айтады.
Отыра қойыңдар балалар , өте дұрыс ал, енді олай
болса мен сіздерге Арманның түсін айтып береейін
тыңдаңыздар.
1. Бас бірінші болып былай дейді:
«Мен бәріне баспын менде көз, ауыз, құлақ, мұрын
бар. Мен болмасам ештеңені көрмейді, естімейді,
иісті де сезбейді, сөйлейде алмайды, тіпті аштан
өлер еді.»
2. «Егер мен болмасам сені арлы-берлі жан-жаққа
бұрар еді»- деп мойын да дауласа кетеді.
3. Осы кезде «Достар білесіңдер ме, егер де біз
болмасақ жүкті әрлі-бері тасу , тамақ дайындау, ішу,
кірді жуу, жазу, сурет салу, ойнау да өте қиын болар
еді»-дейді қол.
4. Көп ойланып кеуденің де шыдамы кетті: «Мен, мен
ше?! Егер мен болмасам адам болар ма еді.»
«Егер мен болмасам не істер еді адам. Сіздер
ешқайсысыңыз аяқсыз ешқайда да бара
алмайсыңдар, күні бойы біз сіздерді бақшаға ,
дүкенге , жұмысқа апарамыз. Күні бойы жүгіреміз,
сонда да рахмет алмаймыз»- дейді аяқтар. Бұл айтыс
дау ұзаққа созылар еді, ұйықтап жатқан Арман өз
түсінен өзі шошынып, оянып кетті.
дидактикалық ойын: «Адам денесін құрастыр.»
Дені сау адам, көңілді
бақытты болады.
Жұмбақтың жауабы.
(Адам)
Менің көзім кішкентай ,
менің шашым сары,
менің құлағым үлкен,
менің бойым ұзын, т.б.
Балалар тәрбиешіні
мұқият тыңдайды.
(бас, мойын, кеуде, оң
аяқ және сол аяқ) .
алдарыңызда тұрған тарелкадан адам денесінің
бөліктерін алып, құрастыру керек.
Сергіту сәті.
Бармақ болып тоғайға,
Сұры көжек жуынды.
Басын жуды, көзін жуды,
Құлағын жуды, беті-қолын жуды.
Аяғын да жуды, құйрығында жуды,
Сілкінді, сүртінді
Тап-таза боп бір тынды.
Ал, балалар сендер қалай ойлайсыңдар адамға ең
керегі басы, мойыны, қолдары, денесі немесе
аяқтары ма?
Ендеше тақтадағы суретке қарап , адам дене
мүшелерінатап көрсетейік.
Біздің денеміз әдемі де, әсем болып өсу үшін не
қажет?
Балалар қиылған дене
бөліктерін әрқайыссысы
өз еркімен құрастырады
Балалар тәрбиешімен
бірге қимыл қозғалыс іс
әрекетімен көрсетіп
орындайды
Барлығы да бізге керек.
Балалар суретке қарап
отырып адам денесінің
қандай бөліктерден
тұратынын айтады.
спортпен айналысуымыз
қажет
Рефлекси
ялық
түзетушілі
к
Өте жақсы балалар, бүгін біз өзіміздің дене
мүшелерімізбен танысып, оларды атап, құрастырып
та көрдік.
Адам- табиғаттың ең керемет бөлігі, адам өз өмірін
сақтау керек, сондықтан ол өзін-өзі танып білуге
міндетті . Барлығымыз орынымыөздан тұрып, «Не
жалғыз, не екеу» ойынын ойнайық.
Денсаулық ол шыныққан,
Барлық дене мүшесі.
Денің сау болып жүргенің,
Ешбір жерің ауырмай.
Ауыз жалғыз, бас
жалғыз, кеуде, мұрын,
ерін, мойын. Көз екеу,
қас-қабақ, қол-аяқ, құлақ
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Балалар өз дене мүшелерінің құрылысын білді
түсінеді: Балалар өз дене мүшелерінің атқару қызметтерін түсінді
Қолданады: Дене мүшелерін құрастыруды қолданды