Конспект урока "Мектепке дейінгі жастағы дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру шарттары"

Мектепке дейінгі жастағы дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру
шарттары.
Бағыттаушы дәріс. Дене тәрбиесі адамның дене мүшелерін шынықтырып, бала
психикасының дамуына әсер ететін, адам ағзасының барлық жағынан жетілуіне, қимыл
әрекеті мен дағдысының, білімнің қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған көп қырлы
педогогикалық процесс. Дененің дамуы- тәрбиенің және біздің қоршаған ішкі, сыртқы
ортаның әсерінен ағзаның биологиялық функцияларының және адам денесіндегі бұлшық ет
тарамдары мен түрлерінің өзгеруі мен өсуі. Дене жетілуі- еңбекке қабілеттілігі, дене
дамуының ең жоғары дәрежесіне жетуі. Ағзаның өсуі (сандық өзгеріс) оның құрылысы мен
функциясының (сапалық өзгеріс) өзгерумен байланысты. Ағзада сандық және сапалық
өзгерістердің жинақталуы жас шамасына қарай дамудың бір баспалдағынан екінші
баспалдағына ауысуы болып табылады.
Дене тәрбиесінің мақсаты балалардың денсаулығын нығайту, денесінің дұрыс дамуын
қамтамасыз ету, қолайлы жағдай жасау.
Міндеттері:
Баланың денсаулығын сақтау және нығайту.
Мәдени-гигиеналық дағдылар мен әдеттерді қалыптастыру.
Бала денесін шынықтыру.
Балалардың жүру, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру сияқты негізгі қимыл әрекеттерін
дамыту.
2. Дене тәрбиесінде қажетті жағдайлар: балалардың күтімі мен өсіуіне қолайлы мәдени
гигиеналық жағдай жасау, дұрыс жасалған күн тәртібі, тамақтандыру, дененің тазалығы,
баланың жасына және ауа райына жылы-жайлы киіну, гимнастика және қимылды ойындар
ойнату, ұйқысын ұйымдастыру, серуенге шығау, күнді, ауаны, суды тиімді пайдалану.
Шынықтыру құралдары: ауа, су, күн. Күнделікті өмірде тәрбиеші бұларды сауықтыратын
процедура түрінде , ауа және күн ваннасын, шомылу, сулы шүберекпен ысқылану, үстіне
суық су құйыну түрінде пайдаланады.
3. Басқа тәрбие салалары сияқты балабақша дене тәрбиесін ұйымдастыру барысында да
балабақша меңгерушісі жауапты. Ол балалар өмірінің күн тәртібін жасауға, оның
орындалуын бақылауға, тәрбиешілердің жұмыстарын тексеруге тиіс. Балалармен жұмысты
тікелей тәрбиеші жүргізеді және олардың өміріне , денсаулығына , дамуына дербес жауап
береді. Меңгеруші мен тәрбиеші балалармен жұмысты медбикемен тығыз бірлікте жүргізеді.
Тәрбиеші үнемі балалар арасында болып, оларды бақылайды, іс-әрекет барысында басшылық
жасайды, байқағандары жайында дәрігермен кеңесе отырып , сауықтыру шараларын
жасайды. Олар келісе отырып күн тәртібін түзеді. Күн тәртібі дегеніміз- балаың күнделікті
қайталанып отыратын іс-әрекетінің, тынығатын кезеңдерінің нақты , белгілі бір жүйемен
ауысып келуін көздейдейтін, тиімділігі ғылыми негізделген, үйреншікті өмір тәртібі. Бұл
баланың дұрыс өсуіне жағдай жасау үшін жас шамасына, психикалық-физиологиялық
ерекшеліктеріне, денсаулығына, ата-аналардың жұмыс істеу уақытына байланысты
құрылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың күн тәртібін ұйымдастыруда үлкендердің рөлі
ерекше. Балалар күн тәртібін үлкендердің басшылығымен орындайды. Оны ұйымдастыратын
тәрбиеші. Ол алғашқы күннен бастап жүйелі түрде балалардың күн тәртібін орындауға
үйренетеді,, қадағалайды, әр баланың өзі орындайтындай деңгейге жеткізеді.
3. ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдаған «Барлық Қазақстандықтардың өсіп-
өркендеуі, қауіпсіздік және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан -2030 даму стратегиясын
жүзеге асыру барысында ҚР үкіметінің 1678 бұйрығымен 1997 жылдың 3 желтоқсанында
салауатты өмір салты қалыптастыру қызметі құрылды. Сол уақыттан бері салауатты өмір
салтын қалыптастыру мәселесі бойынша аурудың алдын алу мен халықтың денсаулығын
нығайтуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. Әрі денсаулық сақтау министрлігінің
қолдауымен салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметі төмендегідей мәселелердің
шешімін тапты:
Салауатты өмір салты (СӨС) қалыптастыру қызметінің құрылымен байланыстары
жасалып, материалдық-техникалық ресурстары қамтамасыз етіледі;
Гигиеналық тәрбие процесіне жаңа технологияларенгізілді;
Денсаулықты сақтау мен білім беруді ұйымдастыру үшін СӨС қалыптастыратын
мамандар даярлау қолға алынуда;
СӨС –ын қалыптастырудың ұлттық саясаты анықталды, оның тұжырымдамалық негізі
ретінде «Салауатты өмір салты» атты кешенді бағдарлама жасалған.
Қортынды: Мектепке дейінгі жастағы дене тәрбиесі және оның мақсат-міндеттері
нақтыланды. Дене тәрбиесіне қажетті жағдайлар және дене тәрбиесін балабақшада
ұйымдастырудың жолдарымен танысады. Салауатты өмір салтын қалыптастыру шараларын
түсініп, тәжірибеде пайдалану мүмкіндіктерін қарастырады.