Конспект урока "Көше ережесін білесің бе?"

Тақырыбы: «Көше ережесін білесің бе?»
Мақсаты: Көше ережесінің адам өміріндегі маңызы мен пайдасын білуге
үйрету. Балаларды жауапкершілікке, сергектікке, жол ережесін бұлжытпай
орындауға жол белгілерін есте сақтау дағдысын тәрбиелеу.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Көзін ашып жұмады,
Бағыт сілтеп тұрады.
ағдаршам)
Балалар жұмбақтың жауабын шешкеннен соң бағдаршам туралы өлеңдері
оқылады.
Бағдаршам қамқорыңдай жанашыр,
Деп тұрғандай:
«Адамдарға жол ашық!»
Кезек ашып, жұмғанында үш көзің
Қалт жібермей, орында дәл, тос өзін.
2. Қызыл көзі жанғанда,
Сары көзі жанғанда,
Сақ абай бол барынша.
Жасыл жарық жол ашық,
Жүгіре бер бел асып.
Бас аяқты ойлап,
Бол ұқыпты жолда
Сұрақтарға дұрыс жауап беру.
1 сұрақ: Бағдаршам дегеніміз не? Оның адам өмірі үшін қандай пайдасы бар?
Жауап: Бағдаршам - механикаландырылған немесе автомат жүйесіне
қосылған үш көзі аспап. Ол жол бойын реттеуге адам өміріне апаттан
сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамыздың
міндетіміз.
2 сұрақ: Жолдағы қозғалыс бағдаршамның басқа қандай белгілермен
реттеледі?
Жауап: Арнайы бағанаға орнатылған жасыл - қызыл түсті, «жүріңіз,
тұрыңыз» дегенді білдіретін адам кейпінде көрнекі белгілермен реттеледі.
3 сұрақ. Жүргіншілерге қай жолмен жүру керек?
Жауап. Жиек жолмен жүреміз.
4 сұрақ. Жиек жол болмағанда ше?
Жауап: Жер асты жолымен.
5 сұрақ Жолдың қай жағынан жүру керек?
Жауап: Жолдың он жағынан жүру керек.
6 сұрақ. Ата - аналарға барғанда қоғамдық көлікке қай жерден отырасыз?
Жауап: Аялдамадан отырамыз.
Ойын: "Бағдаршам"
Ойынның шарты: Барлық бала билеп жүреді. қызыл жанғанда тоқтап
қалады. Жасыл жанғанда билеп жүреді. Сары жанғанда 1 аяғын көтеріп тұра
қалады. Шартты бұзғандар ойыннан шығып қалады.
Ән: Біз жолаушы баламыз.
1. Сапар шексек, сіз бен біз,
Сан көлікке мінеміз.
Троллейбус, трамвай
Автобуспен жүреміз
2. Көліктерге мінеміз
Күнде тынбай жүреміз
Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз
Қорытынды.
Жолда жүру ережесі туралы ережелерді еске түсіреміз.
1. Сен көшеге шықтың. Жүріп келе жатқан адамдарға бөгет жасамау үшін
әуелі сол жағыңа, содан кейін оң жағыңа қара.
2. Қала көшесімен келе жатқанда абай бол! Асықпа! Тек тротуармен немесе
жол жиегімен ғана жүр.
3. Тар тротуармен келе жатқаныңда алдыңнан қарсы келе жатқан үлкен кісіге
жол бер!
4. Көшеде келе жатып қақпадан шығып келе жатқан машинаны көрсең күте
тұр.
Қай көше, қалаға қарай барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жолда жүру ережесі заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен - кіші баршамызға.