Конспект урока "Нөлмен аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту"


Нөлмен аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша
көбейту
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды нөлмен аяқталатын үш таңбалы санды бір
таңбалы санға жазбаша көбейтумен таныстыру.
2.Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,өз бетінше жұмыс істеу қабілеттері мен
логикалық ойлауын дамыту.
3.Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Әдісі: Білім баспалдағы, сыни тұрғыдан ойлай отырып өз бетімен мағынаны
тану.
Көрнекілігі: Слайд шоу.
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
1-топ-«Білгірлер»
2-топ-«Тапқырлар»
3-топ-«Алғырлар»
II.Үй тапсырмасын тексеру.
Мұғалім: XXI-ғасырда Қазақстанды әлем таныды, өркениетті елдердің
қатарына қосылуға үлкен қадамдар жасады.Қазақстан өз дамуында жаңа серпіліс
жасап, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуды меже тұтып
отыр.
-Еңселі елулікке ену үшін біз қандай болуымыз керек?
-Білімді болуымыз керек.
-Қай мемлекеттің де негізгі тірегі-білімді де, белсенді, дарынды адамдар.
-Біз бүгін сабағымызда «Болашақ баспалдағымен» көтеріліп мына
пирамиданың шыныңа өзіміздің туымызды тігіуміз керек. Сонда біз өркениетті
50 елдің қатарына қосылуға өз үлесімізді қосқан боламыз.Баспалдақпен көтерілу
үшін біз берілген тапсырмаларды орындауымыз керек.Біз бүгінгі сабағымызға
Президент саябағында 2006 жылы ашылған пирамиданы алып отырмыз.Бұл
пирамида Бейбітшілік және келісім сарайы деп аталады.
-Ал бірінші баспалдаққа көтерілу үшін
III.Өткен сабақта алған білімімізді еске түсірейік.
1-топқа:Бөлу амалына байланысты берілген ережелерді еске түсіреміз.
2-топқа:Көбейту амалына байланысты берілген ережелерді еске түсіреміз.
3-топқа:Геометриялық фигураларға байланысты ережелерді еске түсіреміз.
IV.Жаңа сабаққа даярлық кезеңі.
Математикалық диктант (тек жауабын ғана жаз)
3*8 72/8
4*7 64/8
6*8 27/9
7*8 21/3
9*9 36/6
V. Жаңа сабақты түсіндіру.
Оқулықтағы №1 тапсырма бойынша жаңа тақырып түсіндіріледі.
№2 Тақтамен жұмыс
№3 (есеп)
Парта-120
Орындық-? 2есе артық
Шешуі:120*2=240 Ж:240 орындық әкелінді.
Сергіту сәті.
Деңгейлік тапсырмалар
I-деңгей №7
II-деңгей №6
III-дегей №8
Шығармашылық тапсырма №9
Логикалық тапсырма №10
Әмір бір сан ойлады.Оны 10-ға көбейтіп, нәтижеге 50-ді қосты.Қосындының
мәнін 5-ке бөлді, сонда 130 шықты.Әмір қандай сан ойлады?
Қорытындылау.
-Сабақтың мақсаты қандай болды?
-Сабақтың мақсатына жеттіңдер ме?
-Сабақта не қиындық келтірді?
-Не жеңіл болды?
Үйге тапсырма беру.
Бағалау.