Технологическая карта урока "4 саны мен цифры" скачать


Технологическая карта урока "4 саны мен цифры"

Ұйымадастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті: ҚМТҚ
Тақырыбы: «4 саны мен цифры»
Мақсаты: балаларды 4 санымен және цифрымен таныстыру, заттардың екі жиынтығын
салыстыру негізінде 4 санының құрылуымен таныстыру, 1-ден 3-ке дейінгі сандар мен цифрлар
туралы білімдерін, байқағышты ғын, сөздік қорларын дамыту.
Көрнекіліктер: кірпі, саңырауқұлақ, 1-4 дейін сандар, мазмұнды суреттер.
Іс - әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалардың
іс - әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық
Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, төмендегі өлең
жолдарын айтқызу.
Армысың, алтын күн!
Армысың, көк аспан!
Армысың, жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Міне, менің қолым.
Балалар бір-
бірінің қолын
ұстап, жылу
сезімдерін
білдіру.
Ұйымдастыруш
ы- лық-
ізденушілік
Күзде барлық аңдар қысқа азық дайындайды.
Мен тиіннің үйінен,
Екі ұсақ жаңғақ таптым.
Міне, тағы біреу жатыр,
Мүкпен беті жабылған.
Қане, тиін, үй иесі
Санап жібер жаңғақты.
-Тақтаға 3тиін, 3 жаңғақ ілу,
-Жаңғақтың иесін тап, өз таңдауынды түсіндір.
-Екінші тиінге неше жаңғақ керек? Неге?
-Барлығы неше тиін? Цифрды көрсет
Тақада 4 кірпі
-Барлығы неше кірпі?
-Себетке 3 саңырауқұлақ қою
-Қане тезірек айтыңдаршы кірпілер тойды ма?
-Сен қалай білдің?
-Барлық кірпіге саңырауқұлақтың жеткендігін тағы қалай
білуге болады?
-Неше кірпі саңырауқұласыз қалды?
-Саңырауқұлақ пен кірпі екеуі тең болу үшін не істеу керек?
-Кірпі үш саңырауқұлақ тапты, біз оған тағы 1 саңырау құлақ
қостық. Барлығы неше саңырауқұлақ болды.
-Барлық саңырауқұлақ бірдей ме?
-Әр кірпіге бір саңырауқұлақтан қойыңдар.
-Енді төрт цифрымен танысамыз.
Орындықты төңкердік,
Оны «бестен» кем көрдік.
Орындықтың суретін көрсету.
Санамақ жаттау
Бір-Таңертең тұр.
Екі-Шынығып, бекі.
Үш-Тазала тіс.
Төрт-Сабындап жу бет.
«Қанқызын тап» дидактикалық ойын.
Балалар
тақырыпқа
қызыуғышылық
пен жауап
береді.
Сурет бойынша
жұмысты
орындау
Тапсырманы
орындайды
Рефлексиялық-
түзетушілік
Күз айларын атаңдар?
Бүгін біз қандай санмен және цифрмен таныстық?
4 саны неге ұқсайды?
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: сандар қатарын, сандарды білу
Білді: 4 санын жазуды білді
Біледі: 1-3ке дейінгі сандарды біледі