Конспект урока "Мұғалім ең мәртебелі мамандық" 11 класс


Күні: 28.09.2015 ж
Тақырыбы: «Мұғалім ең мәртебелі мамандық»
Сынып: 11 «А»
Мақсаты: Оқушыларға мұғалім мамандығының қиыншылықтары мен қызық
тұстарын түсіндіру, мұғалім еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, нақыл сөздер жазылған парақтар, ұстазым әні
Сабақтың барысы: Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе,
ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, ия балалар ұстаздардың әр – қайсымызың бойымызға сіңірген
еңбгі зор. Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз ұстаздар мерекесіне арналып отыр.
1.Ұстаздар туралы нақыл сөздерді аяқтап, мағынасын ажыратып көрсек?
(Топпен жұмыс)
I. «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,
«Ұстазға қарап шәкірт өседі»
«Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»
II.«Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»
«Адамның адамшылығы, жақсы ұстаздан»
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»
Ән «Ұстазым менің»
2.Енді ұстаздардың өмірінен бір-екі қалжың келтіре кетсек. (Оқушыларға алдын
ала сұрақ қойылып, пікірлері тыңдалады).
Мұғалімдер кім болуды армандайды?
Мұғалімдер әсте әртіс, жазушы, сот, бастық, сылақшы, майлаушы, немесе еден
сыпырушы болуды армандамайды. Өйткені:
-Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қарамағында 25-30
оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе? Ашса алақанында, жұмса жұдырығында,
дегендей ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп
отырады.
-Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі
ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.
-Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Демек, майлаушы да
өзі, сылаушы да өзі. Безендіруші де өзі.
-Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім ұқсап күнде
жазуға отырмас.
-Соңғы кезде бухгалтер мен кассир де өздері.
Ұстаздарымыз сан алуан қосымша мамандықтар меңгеруде.
3. ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК
Каникул жылдың ең қысқа күндері.
Күнделік үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиям.
Математика мен түгіл әкемнің де тісі бата бермейтін “жаңғақ”.
Дос бақылау жұмысында дәптеріне жазғандарын бақылатып отыратын я қыз, я
ұл.
Сабақ үзілісті зарықтыра күттіретін 45 минут.
Спорт секциясы әжеме айтатын басты сылтауым.
“Апайға айтам” қыздардың негізгі қаруы.
4. Оқушыларға «егер мен мұғалім болсам» деген тақырыпта постер жасап
қорғату
5 қорытынды:
Ұстаз болу жүректің батырлығы,
Ұстаз болу сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз
жырлағандай, мектебімізде сөздері маржан ұстаздарымыздың бар болғанын
мақтаныш етеміз. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп,
ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?
Мұғалімдік – екінің бірі игеріп кете алмайтын мамандық. 45 минут бойы
оқушыларды тыныш ұстап қана қоймай, оларға білім беру жауапкершілігі мол
жұмыс. Мұғалім — мәртебелі мамандық. Әкім де, депутат та, дәрігер де
мұғалімнен тәлім алған. Ауылда болсын, қалада болсын, мұғалім зиялы маман
ретінде есептеледі. Еліміздің білімді ұрпағын дайындап жатқан олардың еңбегі
орасан.
Қосымша материал
I.
«Ұстаз болу-өз уақытын аямау, ...
«Адамның адамшылығы, ...
«Ұстазы жақсының-...
II.
«Ұстазыңды ұлы ...
«Ұстазға қарап ...
«Ұстаздық еткен жалықпас, ...
Каникул жылдың ең қысқа күндері.
Күнделік үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиям.
Математика мен түгіл әкемнің де тісі бата бермейтін
“жаңғақ”.
Сабақ үзілісті зарықтыра күттіретін 45 минут.
Спорт секциясы әжеме айтатын басты сылтауым.
“Апайға айтам” қыздардың негізгі қаруы.
. Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/
2. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз/
3. Жел соққанда тау ық бола ма? /Ық болады/
4. Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/
5. Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/
6. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/
Өскемен қаласы әкімдігінің «№33орта мектебі» КММ
Тәрбие сағаты: «Мұғалім ең мәртебелі мамандық»
Өткізген: Біржанова А.Б
Тексерген: Месейхан М
Өскемен, 2015ж