Конспект занятия "Ғарыш және Қазақстан"


Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы: «Ғарыш және Қазақстан»
Мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға ғарыш оның ғылымилығы туралы түсіндіре отырып, ғарыш саласында қол
жеткен жетістіктерге тоқталу.
Тәрбиелік:Оқушыларды елін,жерін сүюге,Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық:Оқушылардың ғылыми дүниетанымын жетілдіру.
Көрнекілігі:Интерактивтік тақта,ДК, ғалымдардың, ғарышкерлердің суреттері, Қазақстан картасы,
ғарыш туралы және Байқоңыр ғарыш айлағы туралы бүктемелер.
Барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі:
2.Ғарыш және Қазақстан.
1-жүргізуші: Қазір адамзат баласы өз өмірін ғарышсыз елестете алмайды.
2-жүргізуші:Ғарышқа алғашқы қадам жасау белгілі ғалым К.Э.Циолковскийден (1857-1935) басталды
десек те болады.(Слайд)
1-оқушы:К.Э.Циолковскийдің идеялары оның 1903 жылы шыққан «Әлемдік кеңістікті реактивті
құралдармен зерттеу» еңбегінде көрініс тапты ол зымырандардың көмегімен ғарышты игеру
мүмкіндігін теориялық түрде дәлелдеді:денеде бірінші ғарыштық жылдамдық тудыра алатын зымыран
құрылысын,көпсатылы зымырандардың сипаттамаларын,массасы айнымалы денелердің қозғалысы
туралы,сондай-ақ ғарышқа ұшу жөніндегі басқа да маңызды идеяларды ұсынды.Ойы мен қиялы
болашаққа ұмтылған К.Э.Циолковскийдің идеяларында ғажайып қиял мен техникалық мүмкіндіктер
арқылы жүзеге асырылатын мәселелер үндестік тапты.
1-жүргізуші:Тек содан жарты ғасыр өткеннен соң ғана,адам баласының ғарыш кеңістігіне шығуы
туралы арманы орындалды.К.Э.Циолковский идеялары орыс ғалымы С.П.Королевтің басшылығымен
жүзеге асырылды.(Слайд)
2-оқушы:Негізгі ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды. Байқоңыр ғарыш айлағынан Спутник
атты бірінші жасанды жер серігі ұшырылды. (Слайд)
3-оқушы:Жердің жасанды серіктері елдің географиялық жағдайын,геофизикалық
өзгерісін,атмосферасын зерттейді.Жер шарына қаупі бар апаттардың алдын алады.Жердің суреттері ауа
райын күн ілгері болжауға,аса апатты құбылыстардың алдын алып сақтануға мүмкіндік береді.
4-оқушы:Жасанды серіктер арқылы телехабарлар беріледі,алыс жерлермен радио,телефон
байланыстары жүргізіледі.Олар жердің ішкі құрылысын зерттеуге,дәл географиялық карталар жасауға
пайдалы қазбалар іздеуге,егіннің шығымын болжауға,тағы басқа көптеген жұмыстарға барған сайын
кеңінен пайдалануда.
2-жүргізуші: Соңғы жылдары Қазақстанда ұшырылған кассат жер серігі телехабарлар мен байланыс
жүйелерін одан әрі дамытты.(Слайд)
5-оқушы: Лайка — ғарышқа сапар шеккен әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі. 1957 жылдың 3-
қарашасында ғарышқа салмағы алты келі, жасы екі жастан асқан Лайканы «Спутник- ғарыш
кемесімен ғарышқа аттандырып жіберді. Ғарыш кемесі ұшырылғаннан кейін, шамамен, 5-7 сағаттан соң
Лайка ғарыштағы температураның күрт артуы мен стресстің салдарынан өледі. Сынақты
ұйымдастырушылар о бастан-ақ Лайканың жерге қайтуын күткен жоқ. Олардың жоспарлауынша Лайка
ғарышта бір аптаға жуық уақыт өмір сүруі керек болатын.Кеңес Одағының ғалымдары Лайкамен берге
тағы екі итті жаттықтарған болатын. Олар: Белка мен Стрелка. Осынау үлкен сынақты іске асыру үшін
Лайканың ұшырылуынан біраз жылдар алдын арнайы коммисия құрылып нақты шараларды анықтап
отырды.Кеңестік ғалымдар ғарышқа иттерді жіберген болсағ, өз кезегінде, АҚШ ғалымдары сынақ
жасау үшін шимпанзелерді пайдаланды.Аты әлемге тарап, атаққа кенелген Лайканың құрметіне әндер
жазылап, сигарет шығарылды. Тіпті, топтарының атын өзгерткен әншілер де болды. Ғарыш күніне
орайластырылып әр түрлі ашықхаттар әзірленді. (Слайд)
1-жүргізуші:1961 жылы12сәуірде адам баласы тарихында бірінші рет Ю.А.Гагарин «Восток» ғарыш
кемесімен ғарышқа ұшты.
2-жүргізуші: 12сәуір тарихқа «ғарышкерлер күні» деген атпен енді. (Слайд)
1-жүргізуші:Тұнғыш ғарышкер Гагариннің өмірінен сыр шертсек.
6-оқушы:Юрий Гагарин 1934 жылы 9 наурыз күні Смоленск облысы,Гжатск қаласында дүниеге
келген.Әкесі Алексей Иванович,ал анасы Анна Тимофеевна Гжатск ауданына қарасты Клушино
ауылынан,қарапайым ауыл еңбекқорлары болған.Олар Юрийді еңбекқорлыққа тәрбиелеген.Неміс
басқыншылығының қиын кезеңдерін бастан өткізе отырып Гагарин отбасы 1945 жылы Клушино
аулынан Гжатск қаласына қоныс аударған. 1949 жылы мектепті бітіре отырып,осы жылы Люберецкое
училищесіне ұшқыш мамандығы бойынша түсті.Одан кейін Саратовский техникумына оқуға түсті.1954
жылы 25 қазанынан бастап Саратовский аэроклубында жаттыға бастайды.
7-оқушы: 1957 жылы Юрий Гагарин,Валентина Ивановнамен үйленіп, отбасында Лена мен Галя атты
екі қыз тәрбиелейді.1959 жылы Юрий жаңа ұшқыштар техникасына байланысты ұшқыштар қатарына
үміткер ретінде өтініш-рапорт жазады.Және 18 желтоқсанда Москваның орталық ғылыми-авиациялық
госпиталына денсаулығын тексеру үшін барады.Осы ерлігі үшін Юрий Гагарин Кеңес Одағының
Батыры атағын алды.
2-жүргізуші:1968жылы 27 наурызда Киржачск ауданының Новоселово ауылының маңындағы жаттығу
кезінде қайтыс болды.Кремлевск жарындағы Қызыл алаңында жерленген.
1-жүргізуші:Енді қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтың өміріне қысқаша
токталсақ.(Слайд)
8-оқушы: Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы
ауданы, 1-ші Май ауылында дүниеге келді. Ол кез соғыс жаңа бітіп, батырлықты, ерлікті уағыздаған
уақыт болатын. Әкесі Оңғарбай мен шешесі Қамия көзге көрініп, көз жұмған 9 ұлдан кейінгі перзентіне
«енді осы жаманымыз аман болсыншы» деген ниетпен азан шақырып, Тоқтар есімін беріпті. Ата-анасы
ерте дүние салды. 1962-65жылдары Теміртау құйма механикалық зауытында токарь болды, есімі
облыстың Құрмет кітабына алтын әріппен жазылды. 1969 1975 жылы Кеңес Одағы Әскери-әуе
күштерінің Қиыр шығыс әскери округінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилья командирінің
орынбасары болды.1975 1976 жылы Мәскеу ұшқыштар-сынақшылар мектебін, Мәскеу авиация
институтын бітірді.1976 1992 жылы Мәскеудегі А.Микоян атындағы Тәжірибелік конструкторлық
бюроның ұшқыш-сынақшысы міндеттерін атқарды.
9-оқушы:Тоқтар Әубәкіров 1989 жылы 1 қарашасында МИГ-29 ұшағын крейсердің қысқа алаңына
қондырып және көз ілеспес шапшаңдықпен аспанға қайта көтерді.Осы ерлігі үшін Гиннестің рекордтар
кітабына енген.
10-оқушы:1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы
Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда
Байқоңырдан «Союз ТМ-12» кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир»
орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия,
медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу
нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі туралы зерттеген. 19921993
жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1-орынбасары, 1993 1994 жылы Қазақстан
Республикасы Ұлттық аэроғарыштық агенттігінің бас директоры Ғылым және жаңа технология
министрінің орынбасары, 1994 – 95 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты
Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.1996 жылдан Қазақстан Республикасы
Президентінің кеңесшісі.
2-жүргізуші:Осы қуаныштан кейін көп ұзамай екінші қазақ ғарышкер ағамыз Талғат Мұсабаев ғарышқа
көтерілді. (Слайд)
11-оқушы:Т.Мұсабаев «125 тәулікке созылған өзінің алғашқы ғарышқа ұшу сапарын «Союз ТМ-19»
жүк кемесімен « Мир » орбиталық станциясының бортинженері ретінде 1994 жылы 1 шілдесінен 4
қарашасы аралығында жасады.Ол екінші сапарын «Союз ТМ-27» жүк кемесімен «Мир» орбиталық
станциясының командирі ретінде 1998 жылдың 29 қаңтары мен 25 тамызы аралығында жасады.Үшінші
сапар 2001 жылдың 28 сәуірі мен 6 мамыры аралығында өтті.Ол кезде Т.Мұсабаев «Союз ТМ-32» жүк
кемесімен Халықаралық ғарыш станциясына алғашқы ресейлік келіп кету экспедициясының командирі
болған.
1-жүргізуші:Қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев Гиннес рекордтар кітабына енген:оған дейін ешкім
ашық космоста бірінші ұшу кезінде бір тәуліктен аса уақыт болған емес.
2-жүргізуші:Балалар,біздің Қызылорда облысында ғарыш айлағы бар екенін білесіңдер.(Қызылорда
облысының картасы)
1-жүргізуші: Байқоңыр ғарыш айлағы бізге жақын орналасқан.(Слайд)
12-оқушы:Аңыздарға сүйенсек Қорқыт бабамыз жер жаннатын іздеп,дүниенің төрт бұрышын аралап
туған топырағы Сыр өңіріне қайта келеді.Сонда «бұл Жер жердің кіндігі» депті.Тас алып,аспанға
лақтырса,тас аспанда ұзақ айналып жүріпті.Жылдар өте ғалымдар «Байқоңырда жердің тартылыс күші
аз,экваторға жақын,ғарышты ұшыруға ең қолайлы орын» деген қорытынды жасаған.
13-оқушы:Ғарыш айлағына айналатын жер біріншіден,экваторға жақын орналасуы
тиіс.Екіншіден,оның қасында мол сулы өзен болуы керек.Ондай мол сулы өзен сол кездегі Сырдария
болатын.Сондай-ақ,ғарыш алаңына темір жол өтіп,солтүстік-батыс шалғайда кең жазық дала жатуы тиіс
еді.Байқоңырдың табиғаты осы шарттарға сай келді.Биыл әлемнің ең бірінші ғарыш айлағы
Байқоңырдың құрылғанына 58 жыл.Ал адамзаттың тұңғыш ғарышқа ұшқанына 53 жыл.
«Байқоңырдың» құрылысы 1955 жылы басталды.
2-жүргізуші:1994 жылы Байқоңыр ғарышайлағын Ресейге жалға беру мерзімі 20 жылға деп
есептелсе,2004 жылы қаңтар айынан бастап 50 жылға дейін болып мерзімі ұзартылды.
1-жүргізуші:Біздің арамызда да болашақ ғарышкерлер бар.
14-оқушы:Ғарышкер киімін киген оқушы ортаға шығып өзінің болашақта ғарышкер болғысы
келетіндігін, ол үшін көп оқып іздену керектігін, осы мақсатқа жету жолында бар күш жігерін
салатындығын әңгімеледі.
2-жүргізуші:Қанатың талмай, биіктерге самғай бер қазақ баласы!- дей отырып Жолдас
Жансұлтанның орындауындағы «Жаса Қазақстан» әнімен кешімізді қорытындылаймыз.