Конспект урока "Денсаулық фестивалі - 2014"


Тақырыбы: Денсаулық фестивалі – 2014
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру
үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, сөйлеу
шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелік: Тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы.
Ауруды емдеуден гөрі оның алдын алу керектігін айтты. Біздің бүгінгі
тәрбие сағатымыз салауатты өмір салтын сақтау мақсатында «Бақытым да,
байлығым да - Денсаулық» деп аталады.
І бөлім. «Тазалық – денсаулық кепілі.»
Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені
сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі.
Халқымыз «Дені саудың жаны сау» деп бекер айтпаған. Отанымыздың келешегі,
көркеюі балалар сіздердің қолдарыңызда. Сондықтанда сендердің таңдауларын -
салауатты өмір салтын сақтау.
Балалар сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық
қылады. Қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең көзің соған түседі. Біздің де
өмірімізді жарық қылатын, жан - жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі
басты байлық не деп ойласыңдар?
Әрине, Денсаулық.
Денсаулық адам ағзасының қалыпты, дұрыс жұмыс істеуі.
Денсаулық дұрыс тамақтану.
Денсаулық тәулігіне 10 сағат ұйықтау, ұйқы ең алдымен миды
тынықтырады.
Денсаулық таза ауада көбірек жүру.
Денсаулық тазалық сақтау.
Денсаулық тамақты шамадан тыс тойып ішпеу.
Денсаулық тамақтан соң ауызды шайып, қолыңды жу.
Мұғалім.
- Балалар денім сау болу үшін таза болып жүру мен бірге тағы не істеуіміз
керек?
Оқушылар. Таңертеңгілік жаттығу жасап, спортпен шұғылдану керек.
Адамдар әрқашан қимылды қозғалыста жүрсе біздің ағзамыздағы қан жүрісі
де қозғалыста болып жұмысы жақсарады. Ауруларға қарсы тұра алатын боламыз.
Денімізді сақтау үшін зиянды әдеттерден аулақ болу керек. Адам
денсаулығынажақындоста, қастарда бар.
Адам денсаулығына жақын достар не деп ойлайсыңдар?
( тазалық, спорт, таза ауа, дұрыс тамақтану, күн тәртібі.)
Адам денсаулығына қас.( шылым шегу, ішімдік, салақтық, жалқаулық.)
денені шынықтыру
Денсаулық болса бәрі болады тазалық, дене шынықтыру, дұрыс
тамақтанудың маңызы зор.
Біздің денсаулығымыз мықты болу үшін тазалық сақтау жеткіліксіз.
Сонымен бірге денемізді шынықтыруымыз керек. Үнемі дене
шынықтырумен айналысатын адам ауырмайды
Тиімді тамақтану денсаулық үшін маңызы зор. Ет, балық, ұн, сүт
тағамдарының әрқайсысының орны бөлек. Сонымен қатар жеміс – жидектерді
көбірек жеген жөн. Олардың құрамында адам денсаулығына қажетті дәрумендер
өте көп. Сонымен қатар шамадан тыс көп тамақтану да зиян.
Ал, енді мен жұмбақ жасырамын, шешуін тез табайық.
Ақ қарда тек тұрмадым,
Қос тақтаймен зырладым. (шаңғы)
*******************
Аяқтарым қалтылдап,
Қос тай міндім жалтылдақ.
Шапса жұбын жазбайды,
Бір – бірінен озбайды. (коньки)
*********************
Бұдан кір қорқады
Судан бұл қорқады (сабын)
***********************
Дәмі де жоқ ,Түсі де жоқ (су)
**************************
Ұрып қалсаң кері атып,
Оралады өзіңе,
Көрсе досың бері атып,
Қайтып барар өзіңе (Доп)
***********************
Отыз екі мықты,
Қаз –қатар болып шықты,
Он алтысы асты,
Он алтысы үсті. (тіс)
Тұмауменауырмауүшінбөлменіжиіжелдетіп,
адамдаркөпжиналатынжерлергебармағандұрыс. Тұмауратыпауырсаң,
мынаережелердісақта: төсекрежимінсақтапсұйықзаттарды,
витаминдердікөпмөлшердеіш.
Тұмаутуралыне білеміз?
Егерденеңқалтырап, Дәрігергежедел сен
Сүйектеріңсырқырап, Көрінгеніңжөнболад.
Екікөзіңжасаурап, Бұлтұмаудыңтигені
Бас ауырып, жөтелсең, Жөн оны ертебілгенің.
Жағымсызәдеттер.
Саусағыңдысормағын, Әрбіржанғажаумықты
Салдыр – салақболмағын. Арақ – шарап ішпегін.
Әдетқылмамұрныңды, Денсаулыққақауіпті
Шұқыламамұрныңды. Темекі де шекпегін.
Жан сезімсаулығы
жансезімнің – өзіңніңСенім, рахат, жұбаныш
Көңіл – күйіңсезімің. Денсаулыққазиянды:
Денсаулыққажағымды: Ашу, қиял, реніш,
Көңілдішақ, қуаныш, Көңілсіздік, қорқыныш.
Табиғат аясындағы су тоғандарын, өзендерді, көлдерді ластама! Табиғатты
тамақ қалдықтарымен, өзендерді, көлдерді ластама! Табиғатты тамақ
қалдықтарымен, целлофан қалталармен, қағаздармен ластама. Демалыс
жорықтарға шыққан кезде айналаңды жинап жүр.
Жағдаяттан шығу тапсырмалары беріледі.
1.Сенің өте жақсы көретін ағаңның аузынан ептеп сыраның иісі шығатынын бір
екі рет байқадың. Ағаңды қалай құтқарар едің?
2.Мектептен шығып үйге келе жатқаныңда есірткі шегіп отырған бір баланы
көрдің. Сен не істер едің?
3. Саған 11-сынып оқушысы: «Маған күнде бір қорап темекі алып бер. Екеуіміз
бірлесіп шегеміз. Мұны тек сен екеуіміз ғана білетін болайық. Әйтпесе…… » деп
жұдырығын көрсетіп, шарт қойды. Не істейсің?
Сұрақтар.
1 Жеміс жидектерді жемес бұрын не істеу керек?
(жеміс – жидектерді жақсылап жуып алу керек.)
2 Тамақтану алдында не істеуіміз керек?
(тамаққа отырар алдында қолды жуу керек)
3. Адамның дені сау болу үшін қандай шарттарды орындау қажет?
(Денесін, беті қолын киімін әрдайым таза ұстау керек.
Зияндызаттарданаулақ болу керек.)
4. Адам не үшінжуынады?
5. Тазалықтыңдостары мен қастарыната?
Деніміз сау болсын десеңдер, міне жоғарыда айтылғанның бәрін денсаулық
үшін істелетін жұмыстар. Таза ауада демалу, спотпен шұғылдану, денені күтіп
ұстау, еңбек ету, дұрыс тамақтану барлығы салауатты өмір салтына жатады. Осы
айтқандардыкүнделіктітұрмыстапайдалануымызкерек.