Конспект урока "Тәрбие - отбасынан басталады" скачать бесплатно

Конспект урока "Тәрбие - отбасынан басталады"


Тәрбие-отбасынан басталады.
Мақсаты: а) Ата-аналарды қатыстыра отырып, олардың
үлгісі мен ықпалы арқылы оқушыларды ата-
аналарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
ә)Ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы ынтымақты
нығайту.
б) Халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі арқылы
оқушылардың бойында асыл да адамгершілік
қасиеттерді қалыптастыру
Сабақ барысы:
І. “Ұйымдастыру” кезеңі
ІІ. “Отан–отбасынан басталады” баяндама
ІІІ.
“Сан сұраққа саяхат”
ІV. “Алтын сандық” ойын
V.“Сыңарын тап”
а) ата-аналар үшін
ә) балалар үшін
VІ. “ Қорытынды”
Мұғалімнің сөзі:
«Тәрбие-отбасынан басталады.
(Ұрпақ тәрбиесі- ұлт болашағы)» тақырыбында ашық тәрбие сабағын таңдауымыздың
өзіндік мәні мен маңызы бар.
Баланың алғашқы тәрбие алатын орны – отбасы. Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет
дағдысы қалыптасады. Еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса
мән беру – біздің негізгі мақсатымыз.
Тәрбие – күрделі үдеріс. «Тәрбие отбасынан басталады» деп халық даналығы бекер
айтпаған. Саналы да, білімді болашағын қалыптастыру әрбір ата-ананың мерейлі міндеті,
парасатты парызы. Еліміздің болашағының тізгінін ұстар тұлғаның бойына білімнің нәрін,
тәрбиенің иісін сіңіруміз қажет. Ата-бабамыздан қалған ұлттық тәрбиемізге дақ түсірмеу
үшін барлық қажетті жауапкершілікті ата-ана өзіне алғаны жөн, себебі бала ата-ананың
өмірінің жалғасы. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деп
өткен ғасырдың ұлы тұлғасы А.Байтұрсынұлы айтқандай, баланың болашағына толғанар
ел, ойланар отбасы қалыптасса елдің болашағы зор болмақ.
Ата-аналардың оқу мен тәрбие үдерісіндегі ынтымақтастық пен бірлескен жұмысы жан-
жақты болса жемісті болады.
Ұрпақ тәрбиесі ұлағатты болу үшін, отбасындағы ата-ана берген тәрбие мектепте
жалғасын тауып, мұғалім жауапты зор міндетті атқарады. Ең бастысы – бала ата-ананың
оның оқудағы жетістіктеріне қызығушылығын сезінуі керек.
Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі
- бала тәрбиесінде отбасы ықпалы басқа тәрбиелік ықпалдарға қарағанда ең басым болып
келуі;
- отбасы – болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді
қалыптастыратын қоғамның ажырмайтын басты тірек – арқауы;
- отбасы бала тәрбиесінде адамзат қоғамның тарихындағы ғасырлар сынынан мүдірмей
өткен ұлттық дәстүрлі жалғастырушы;
- отбасының әлеуметтік міндеттерінің өзегі тәуелсіздікке ие болған Қазақстан
Республикасының мемлекеттік заңдарын құрметтеуші, елжанды азамат тәрбиелеу;
- отбасы баланың мамандықты еркін және саналы таңдауына ықпал жасаушы;
- отбасы өзінің ұрпағын болашақ отбасылық өмірге дайындаушы;
ІІ. “Отан–отбасынан басталады” баяндама
Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген
сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы –
адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.
Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің
күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын
еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген нақыл сөз отбасы
тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе?
Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани
жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар.
Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:
Отбасы – шағын мемлекет,
Мен – президент, сен – премьер,
дегені бар. Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән
өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс-шығыс бюджеті, қастерлеп
ұстанатын рәміздері, т.б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс-тіршілігінің де соған ұқсас
жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді. Сондықтан
отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын
сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. «Отан
отбасынан басталады» деген сөздің мәнісі де осында.
Хан ордасы, салтанатты сарайларда талай күн аунап-қунап жатып, өзінің шұрқ тесік
құрым киіз лашығына қайтып оралғанда Жиренше шешен: «Айхай, менің өз үйім, кең
сарайдай боз үйім», — деп, жаны жай тапқан екен. Бұл аңызда үлкен шындық, терең мән
бар. Әркімге, оның ішінде балаға өз үйінен ыстық, өз үйінен кең де керемет мекен жер
жүзінде жоқ. Кавказ халықтарында «Нағыз жайлы орын: қылышқа – қынабы, отқа –
ошағы, ер жігітке — өз үйі» – деген тамаша нақыл бар.
Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас-
пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді.
Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары
болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері – баланың
«әдепті бала» болып өсуі.
Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма»
деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген.
Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі
жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты,
ұқыпты болып шыға келеді.
Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді,
өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен.
Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп
қойған.
Аналардың балаларға: «әкеңмен ақылдас», «әкең біледі», «әкеңнің айтқанын істе» т.б.
сияқты дәстүрімізде бар сөздерді айтып отыруы қандай ғанибет! Атақты «Абай»
эпопеясында халқымыздың осыған орайлас қадірлі дәстүрін танытатын мынадай бір
тағылымды эпизод бар. «… Семей қаласында үш жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне күн
кешкіре жеткен, 13 жасар шәкірт бала – Абай аттан түскен бетте, амандасу үшін, шешеге
қарай жүреді. Сонда ақылды да байсалды ана Ұлжан: «Әй балам, анда әкеңдер тұр, әкеңе
барып, сәлем бер!» дейді. Бір сәтке балалық сезім жеңіп, қателік жіберіп алғанын
түсінген жас Абай кілт бұрылып, ортасында әкесі Құнанбай бар шеткерірек тұрған оқшау
топқа қарай адымдай жөнеледі». Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов мұны халықтың жүрекке
жылы осындай тамаша дәстүрінен хабардар ету үшін ғана емес, оның тәрбиелік зор
маңызын жоғары бағалағандықтан да келтіріп отырғаны анық.
Ата-ананың бір-бірінің қадір-қасиетін осылайша ардақтап, беделін өсіруі, араларында
өкпе-наз, кикілжің туа қалғанда, оны балалардан оңашада, екеу ара шешіп отыруы
шынайы инабаттылық, әдептілік.
Сайып келгенде, қоғамда әдеп-инабат өлшемдерінің терең тамырланып, кең жайылуында
отбасының маңызы орасан зор.
ІІІ.
“Сан сұраққа саяхат”
Ата-аналарға:
1.Бүгін сіз балаңызбен сөйлестіңіз бе? Егер сөйлессеңіз не жайында сөйлестіңіз?
2.Сіздің балаңыз бос уақытын қалай өткізеді?
3. Ең алдымен қандай тәрбиеге ерекше көңіл бөлер едіңіз?
4. Сіз мерекелерде балаңыздың дайын сыйлық бергенін қалайсыз ба? Әлде өз қолымен
жасаған бір затын сыйлағанды жөн көресіз бе? Неліктен?
5. Баланы сенің қолыңнан келмейді, кедергі жасама, теледидар көр, демал деп шеттететін
ата- аналарға не айтар едіңіз?
6. Кешкі ас ішіп болған соң ауыз үйде ыдыс-аяқ жуылмай қалды. Өйткені бір жақсы
фильм басталып кетті. Фильм біткесін қызыңыз сізге; « ана, ыдысты таңертең жуа
салайыншы» десе, сіз не деп жауап берер едіңіз? Құптайсыз ба?
7.Жұмыстан үйіне келе жатқан ана , баласының қолын көтеріп , балағаттап көршінің
баласын соққыға жығып жатқанын көріп қалды.
8.Отан- отбасынан басталады.
Бұл мақалды қалай түсінесіз?
Оқушыларға:
1.Сендер отбасыларыңда қандай тілде сөйлесесіңдер?
2.Әр отбасының дәстүрлері бар. Сіздердің отбасыларыңызда қандай дәстүрлер сақталады?
3.Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқаныңда алдыңнан бір үлкен кісінің сөмкасын
көтере алмай келе жатқанын көрдің . Сен не істер едің?
4.Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?
5.Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?
6.Әдептілікті бізге кім үйретеді?
Мектеп психологнің баяндамасы.
ІV. “Алтын сандық” ойын
Тыйым сөздерді оқушыларға беру.
Тыйым сөздер
1.Мал
2.Су
3.От
4.Пышақ
5.Құс
6.Сыпырғыш
7.Киім
8.Үй
9.12 мүшеге байланысты
10.Тамақ
V.“Сыңарын тап”
Ата –аналарға:
1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар………. (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)
2. Ана сүтін ақтамағанды………… (ешкім жақтамайды.)
3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без…….(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без )
4. Қарағайға қарап тал өсер…………… (қатарына қарап бала өсер)
5. Үйінде ұл-қызы бардың…………. (көгінде сөнбес жұлдызы бар)
6.Үйге келген қонаққа тамағыңды берме ................(қабағыңды бер)
7.Бала қымбат ........................(немере ыстық)
8.Қызым үйде ...........................(қылығы түзде)
9.Қыздың аңқауынан сақта .....................(ұлдың жалқауынан сақта).
10.Қайтып көрер есікті …………………….(қатты жаппа)
Оқушыларға:
1. Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме)
2. Күлме досыңа…………(келер басыңа)
3. Ауру қалса да …………(әдет қалмайды)
4. Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз бала сорлы бала)
5. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің)
6.Атпаз көрген ат таныр....................(ұстаз көрген хат таныр)
7.Асық ойнаған азар.......................(доп ойнаған тозар)
8.Таспен ұрғанды..........................(аспен ұр)
9.Жоқ болсаң жасыма.....................(тоқ болсаң тасыма)
10.Жүзігің алтын болғанша..................(жүзің жарқын болсын)
VІ. “ Қорытынды”
Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын
бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің
азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына
қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан
бала жоқ, үйретіп жатқан әке- шеше жоқ.
Бауыржан Момышұлы
Тәрбие мен білім ажырағысыз. Білім бермей тәрбиелеу мүмкін емес , ал білім тәрбие
арқылы бойға сіңеді.
Лев Толстой
Адамға – яғни оқушыға ең бірінші білім емес тәрбие беру керек.Тәрбиесіз берілген
білім - адамзаттың қас жауы.Ол келешекте
оның өміріне апат әкеледі.
Әбу Насыр Әл – Фараби
Мұғалім сөзі:
Тәрбие алған баланың болашағына кепіл беретін ата-ана яғни отбасы болса , сол
тәрбиені біліммен ұштастыру ұстаздың мақсаты емеспе?
«Өз-өзіңе ие бол , өз бойыңдағы қиқарлықты , өктемшілікті , ашуланшақтықты ,
тәкәппарлықты , жоя біл.Бұлардан дарашылдық өсіп өнеді.Егер өзіңнен -өзің талап
ете білмесең , өзіңді-өзің анықтап, реттеп , сынай білмесең –жүз мұғалімнен оқысаң да
ештеңе шығара алмайсың.Зор бәленің бірі қызғаншақтық. Досыңның қолы жеткен
табысын қызған ба,қуан! Қуана отырып оны басып озуға тырыс.
Ойсыз , кітап оқусыз , ақыл-ой еңбегінсіз өткен күн бұл босқа өткен күн» -деген
сөздерді әр-бір оқушының жадына құю ата – ана сіздің және ұстаздар біздің
міндетіміз екендігі сөзсіз.