Интелектуальная игра "Жұлдызды сәт" 5-7 классы

Интеллектуалды ойын « Жұлдызды сәт»
Мақсаты: оқушылардың білім деңгейін ойын түрінде тексеру, сұрақ қою арқылы
балалардың ойлау қабілетін дамыту, зеректілігі мен зейінін қалыптастыру.
Қазақ тілін біліп, құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдісі: ойын- сайыс түрінде
Қатысушылар: 5-7 сыныптар
Ойын барысы:
Амандасу. Топтарды шақыру.
- Бүгін біз « Жұлдызды сәт» атты интеллектуалды ойынға қатысып отырмыз.
Ойын шарты – әрбір конкурсқа байланысты тапсырмаларды орындау.
- Ойынға 4 оқушы қатысады.
- Ал сайысымызды бастайық.
- Бірінші конкурс «Грамматикалық аялдама». Қазақ тілі грамматикасы
бойынша сұрақтар қойылады оған қатысушылар тез жауап беру керек.
Жауабы дайын болған қатысушы тез қоңырау соғады. Бірінші қоңырау
соққан команда жауап береді. Әр конкурстан кейін қатысушылардың
жауаптарын бағалап отырады.
1 конкурс: «Грамматикалық аялдама».
Сұрақтар.
1. Қазақ тілінде неше септік бар?
2. Зат есім деген не?
3. Сан есімнің сұрақтары?
4. Жалғаудың неше түрі бар? Қандай?
5. Табыс септіктің сұрақтары?
6. Неше дыбыс бар?
7. Буынның қандай түрлері бар?
8. Етістік дегеніміз не?
- Ал жарайсыңдар. Енді келесі конкурс. «Кім жылдам»
«Кім жылдам».
Шашыранды сөздерден сөйлем құрастыру.
( қатысушыларға 3 сөйлем беріледі). Дайындыққа 1 минут уақыт беріледі.
Музыка ойнап тұрады.
1. А.Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны.
2. Республикамыз үлкен, табиғаты тамаша, жері кең әрі бай.
3. Қазақ халқының ұлттық киімдері өте әдемі және ерекше.
- Төртінші конкурс: «Мың бір мақал». Ал осы конкурста қай қатысушы көп
мақал білетінін байқаймыз. Қатысушылар жарысып, мақал-мәтелдерді
жатқа айтады.
- Бесінші конкурс: «Қате тап». Берілген мәтінді оқып, қателерді табу керек.
( қатысушылар дайындалып жатқанда, музыка ойнап тұрады)
Көктем.
Күн жилынды. қар ери бастади. Тунде салқын, күндуз жылы. Коктем
басталды. Жылы жель сокты. Ауылда тракторшілар жер жиртып жатыр. Кеше
кун күркіреды. Енді дала шобі көтериледі. Жыл қустары келе бастады. Бакшада
коконис егілды.
- Жақсы, енді алтыншы конкурс мынандай
«Жұлдызды сәт» командалар берілген сөзден басқа сөздер құрастыру керек.
5 минут беріледі.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА
- Жетінші конкурс: «Дұрыс жаз». Сөздерге септік жалғауларын дұрыс келтіру.
Тақтаға шығып, жазу керек.
Сөздер:
А.с ақын
І.с Абай ...
Б.с. дәптер...
Т.с. кеме ...
Ж.с. ағаш ...
Ш.с. жазушы...
К.с. қала ...
- Бүгінгі біздің сайысымыздың соңғы конкурсы «Кім тапқыр». Қатысушы
айтылған әріпке сөздер келтіреді. мысалы А десем, осы А әріпінен
басталатын сөздерді айтасыңдар.
А
Б
Ә
Қ
- Жарайсыңдар, осымен конкурстар аяқталды , жеңімпазды белгілейік.
Жеңімпазды құттықтап, сыйлық пен грамоталарын беру.
Соңы.
№25 НЖББМ
Интеллектуалды ойын
5-7- сынып
2014 оқу жылы