Технологическая карта "Қуыршақтар - құламақтар"

Технологиялық карта «Қарлығаш» Ісәбилер тобы.
___________
Білім беру саласы: Шығармашылық. Таным.
Бөлімдері: Мүсіндеу.
Тақырыбы: «қуыршақтар-құламақтар».
Мақсаты: баланың домалақ пішіні жайлы танымын арттыру; Қуыршақ-құламақтың дене
ерекшелігімен таныстыру, кеудесі, басы және аяқ- қолдары домалақ екенін түсіндіру;
денелерді бір-біріне бекітуді үйрету; тілдерді дамыту; саусақтың ұсақ бұлшық еттері
қимылын жетілдіру; ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: әртүрлі құламақтар суреті, ермексаз, қағаз және мата майлықтар; тақтайша немесе
клейенка, үлестірмелі материалдар, тенселген ойыншықтар
Қостілдік компонент: қуыршақ кукла.
Сөздік жұмыс: құламақ.
Іс-әрекет кезеңдері
Мотивациялық
қозғаушылық
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Тәрбиеші өлеңді оқиды.
Біз қандаймыз?
Қуыршақпыз-құламақпыз,
Бізді ақрын тербетсең,
Ұзақ ұақыт тоқтамаймыз.
Солға-оңға, оңға-солға,
Біз тік тұрмаймыз.
-Балалар, қуыршақпен қалай ойнау керек
екенің білесіндер ме? Маған көрсетіңдерші.
-Балалар, қуыршақты неге құламақ деп
атайды білесіңдер ме?
Дұрыс, бұл қуыршақты жатқызуға болмайды
бұл туралы мынадай жұмбақ та бар:
Міне, қыңыр адам!
Жатқызуға көнбейді!
Сендерге осындай кездесе ме?
Мүлде ұйықтағысы келмейді,
Жатқызсам – қайтып тұрады,
Тұрады да, тербеледі,
Ол қалай аталады?
Сөздік жұмыс: құламақ.
Билингвалды компонент:
Қуыршақ кукла.
-Келіңдер, оны жақсылап қарайық.
-Қалай ойлайсындар, оның бөліктері неге
ұқсайды (басы, денесі, қолы?) Пішіні
қандай?
-Қуыршақ-құламақ көлемі әртүрлі
шарлардан жасалған?
Көрсетіңдерші, ең үлкен шар қай жерінде?
Ал ең кішісі ше?
-Қараңдаршы, киімі неткен әдемі! Ол қандай
түс?
-Құламақты басқа түстен жасауға бола ма?
-Міне, алдарыңда ермексаз.
Қалай ойлайсыңдар, онымен ойнау қызықты
болу үшін қандай түсті ермексаз алуға
болады?
-Дұрыс айтасыңдар, ашық түстерді алған
дұрыс: ашық қызыл, сары т.б.
-Құламақты жабыстыру үшін бірнеше
Балалардың іс-әрекеті
Балалар өлеңді
тындайды, теңселген
қуыршақтың қимылын
қайталайды.
Балалар қуыршақпен
ойнайды.
Өйткені ол жатпайды.
«Құламақ» сөзін
қайталайды.
Қуыршақты
қарастырады, жауап
береді.
-Дөңгелек.
Балалар көрсетеді
және атын айтады.
-Қызыл, сары түсті.
Басы, кеудесі, екі
қолы-төрт бөлік.
Рефлексиялық-
түзетушілік
бөліктерге бөлу керек: бір үлкен, бір кішірек
және екі кішкентай.
-Содан кейін дөңгелек жасау керек. Оны
қалай жасаймыз?
-Бұл үлкен дөңгелектен не жасаймыз?
-Әрине, кеудесін.
Ал кішірек дөңгелектен ше?
-Дұрыс, басын. Ал кішкене дөңгелектен
қолдарын жасаймыз.
Тәрбиеші құламақ-қуыршақтың жасалу
жолдарын көрсетеді.
-Қуыршақ дайын, бірақ мен бір нәрсе істеген
жоқпын. Қалай ойлайсындар, ол не?
-Дұрыс, құламаққа көз бен ауыз керек. Енді
соларды жасаймын.
Сергіту сәті:
Шаршасандар, балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Саусақтармен ойнандар,
Қолдарыңды сермеңдер.
Денелерің шынықсын,
Саналарың тынықсын.
Қараңдар, менің қуыршағым дайын. Сендер
де осындай құламақ жасаңдар.
Тәрбиеші жеке жұмыс жүргізеді.
Балаларды мадақтайды.
-Қараңдаршы, балалар, қаншы түрлі түсті
әдемі құламақ жасадыңдар! Сендерге ұнады
ма.
-Басы – дөңгелек шар,
кеудесі және қолы.
Балалар қолдарымен
дөңгелек жасап
көрсетеді.
-Кеудесін.
-Басын.
Балалар қарайды,
мұқият тындайды.
-Көзі мен ауызын
жасау керек.
Қимыл-қозғалыстар
жасайды.
Балалар қуыршақ
сомдайды.
Жүздері қуаныштан
бал-бұл жанған
балалар өздерінің
жұмыстарын ата-
ананларына арналған
көрмеге қояды.
Күтілген нәтиже:
Нені білді: ермексазбен жұмыс істеудің дағдыларын жасайды.
Қандай түсініктерді игерді: таныс формалармен мүсіндеу тәсілін түсінеді.
Меңгерген дағдылары: сюжеттік ойындардың мақсатын түсінеді және қолдан жасаған
жұмыстары туралы әңгімелеуді біледі; ермексазбен жұмыс істеудің дағдыларын қолданады.
Тәрбиешінің аты-жөні: