Кураторский час "Көкшетау қаласының тарихи мәдени ескерткіштері" 9 класс

Тақырыбы: «Көкшетау қаласының тарихи мәдени ескерткіштері»
Куратор сағат
.
Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Мұражай 1923 жылы 1 мамырда құрылған. 1927 жылы алғашқы
экспедициясына шығып, өлкенің табиғаты, тарихы жөнінде құнды мәліметтер
жинақтады. Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайында барлығы 142
мыңнан аса материалдық және рухани ескерткіштер бар.
Көкшетау қалалық тарихи мұражайы
Кеңес заманында мұражай қоғам қайраткері Валериан Куйбышевтың есімімен
аталса, 2005 жылы Көкшетау қалалық тарихи мұражайы деген атауға ие болды.
Қазір мұнда Көкшетау қаласының тарихынан сыр шертетін 13 мыңнан аса
мұрағат бар. Мұрағаттардан қазақтың біртуар ұлдары Абылайхан, Кенесары,
Қанай би және т.б., сондай-ақ Көкшетау қаласының әлеуметтік-экономикалық,
мәдени өмірінен көп мәліметтер алуға болады.
Көкшетау қаласындағы «Әдебиет және өнер» мұражайы
Мұнда фольклор, қазіргі дәуір әдебиеті, өнер, көпшілік-саяхат және қор бөлімі
жұмыс жасайды. Ең құнды жәдігерлердің қатарында Қожа Ахмет Иассауидің
«Диуани хикмет» кітабының ортағасырлық көшірмесі, Қарауыл Қанай бидің
саптыаяғы, XVIII ғасырдағы батырдың су ішкен құтысы, Ақан серінің Темірбек
ұста жасаған адалбақаны, Ақанның ән ғұмырына айналған Ақтоқтының айнасы
және іс тігетін «Зингер» машинасы және басқа да тарихи маңызға ие заттар бар.
Қазақ халқының музыкалық ұлттық аспап түрлері, зергерлік әшекей бұйымдар,
теріден, ағаштан жасаған тұрмыстық көне заттар да мұражай төрінен орын
тепкен.
Мәлік Ғабдуллин мұражайы
117 жыл тарихы болған мұражайға 2005 жылы күрделі жұмыстар жүргізіліп,
көпшілік келетін орынға айналды. Олай дейтін себеп, жылына 63 мың адам
мұражайды көруге арнайы ат басын бұрады. Мұражай 5 экспозициялық залдан
тұрады: «Ауылым-алтын бесiгiм» деп аталатын алғашқы залда М.Ғабудллиннiң
балалық шағына байланысты тұрмыстық заттар, портреттер, туыстарының
суреттерi қойылған.
«Өмiрдiң өрiне өрлеп, шыңына шыққан» атты екiншi залда М.Ғабдуллинн
мектеп өмiрi, ҚазПИ-да оқығаны, Қазақстанның көрнектi жазушылары, бiлiм
қайраткерлерi туралы материалдар қойылған. Үшінші зал соғыс тақырыбына
арналған «Елi үшiн, халқы үшiн туған Мәлiк» деп аталады. Сондай-ақ,
«Көкiректе сөнбейтiн мәңгi жарық» және «Мәлiк Ғабдуллиннiң жұмыс
кабинетi» деп аталатын залдар бар.