Презентация "Алғыс айту - парызым!"

Подписи к слайдам:
алғыс айту – парызым! Мақсаты: білім алушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту;  ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;  үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту;  әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу  "Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді", - деді Президент. Назарбаев отбасының жер аударылғандарды қабылдап алғанын еске алды. "Саманнан жасалған екі бөлмелі там үйде тұрған біздің отбасы үш баласы бар жанұяны қабылдап алды. Көз алдымда әрқашан, әрқашан олардың бөлменің бір бұрышына жиналғанын елестете беремін, олар қорқып тұрды - киімдері жыртылған, аш, тозып кеткен. Олар біздің отбасыда өмір сұрді, жұмыс істей бастады, өмір бойы алғыс айтып өтті. Мен оның балаларымен дос болдым", - деді ол.    "Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде - 1 наурызда, басқа уақытты қойса да болады - барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген  қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе  әділетті болар еді", - деді Қазақстан Президенті. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген болатын. Осыдан кейін Қазақстан 1 наурызда Алғыс айту күні деп жариялаған болатын. Мұнда тек көшіп келген басқа ұлт өкілдері ғана емес, сонымен қатар барлық адамдар бір-біріне, жақын туыстарына алғыс білдіріп, тосын сыйлар жасауы керек. Адам бір-біріне көңіл бөліп, қуантқаннан асқан бақыт жоқ деп ойлаймын.

Анаға - Әкеге –  

Әжеге –

Досқа – Далаға -   Сөзге –  Күнге – Жұлдызға –   Суға –   Отқа –

Анаға – өмір сыйлағаны үшін,  Әкеге – қорған болғаны үшін, 

Әжеге – ыстық алақаны үшін, 

Досқа – құшағы мен иығы үшін,  Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,  Сөзге – жанды жылытатыны үшін,  Күнге – шуағы мен назары үшін,  Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,  Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,  Отқа – жылулығы үшін..

Алғыс айтумен қатар бірдей мағынада қолданылатын көптеген сөздер бар. Мысалы, ризашылық,алғыс білдіру, рахмет айту, жақсылық жасау, көмектесу деген сияқты адам бойынан табылатын жақсы қасиеттер. Сонда, Ризашылық дегеніміз не?  Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?  Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?