Қош келдің, Жаңа жылым, еліме!

1
«Қош келдің, Жаңа жылым, еліме!»
Жүргізуші:
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп, сағынған!
(Жаңа жылдық әуенге балалар қол ұстасып мерекелік залға кіреді,
шыршаны айналып орындарына жайғасады.)
1 оқушы:
Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдық бұл тойға,
Шақырамыз қол соға!
2 оқушы:
С Новым годом!
С новым счастьем!
Вам, желает детвора!
Ожидает вас сегодня
Много-много волшебства!
3 оқушы:
Уа, халайық, той бүгін
Бақыт, шаттық мол бүгін.
Қызық көріп, тойлаңдар,
Маңайға жар салыңдар!
4 оқушы:
Будут танцы, хороводы,
Фейерверки, чудеса.
Ожидает всех нас счастье,
Новый год пришел! Ураааа!
5 оқушы:
6 оқушы:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар!
Сіздерді келе жатқан жаңа 2018 жылмен құттықтаймыз!
Жаңа жылда көтеріңкі көңіл - күй, зор денсаулық, сәттілік және бақыт
тілейміз.
7 оқушы:
Олай болса, бұл не тұрыс?
Жаңа жылға арналған мерекемізді бастайық!
(2 «в» сынып «Шыршалар» биі )
2
8 оқушы:
Қымбатты қонақтар, бүгінгі жаңа жылдық мерекемізді барлығымыз көтеріңкі
көңіл – күймен, әсем әнмен, сәнді бимен өткізуге ат салысайық!
9 оқушы:
Ендеше, кім де кім бар дауыспен ән салса,
Кім де кім шаршағанша билесе,
Кім де кім қалыспай ойындарға қатысса,
Соған, Аяз атаның сыйлығы бар екен.
Жүргізуші:(кричалка)
Олай болса, балалар,
Бар дауыспен ән шырқаймыз ба?
Шаршағанша билейміз бе?
Бүгінгі мерекеде тәртіп бұзып, тентек боламыз ба?
Құмарымыз қанғанша ойын ойнаймыз ба?
Бәрекелді, олай болса, мерекемізді бастаймыз!
Жүргізуші:
- Балалар, енді, әдеттегідей жаңа жыл мерекесін жүргізу үшін бір нәрсе
жетіспей тұрған сияқты. Қалай ойлайсыңдар, ол не?
- Әрине, Аяз ата мен Ақшақар жетіспей тұр. Олар біздің мектепті таба алмай
жүрген болар.Кәнеки, бар дауыспен оларды шақырып көрейік, бәлкім,
естіп келіп қалар.
- Естімей жатыр, тым алыста болар. Кәне, бейне бақылаудан қарап көрейік.
(Экранға назар аудару)
- Әне-әне келе жатыр екен, кәне бар дауыспен шақырайық, әйтпесе басқа
жаққа кетіп қалар.
(Балалар дауыстап шақырады, боран соғады, залға қарша қыздар кіріп
билейді, Аяз атаға жол ашып, жерге қалықтап қонады)
«ҚАРШАЛАР БИІ» 1 «Б»,1 «В»
(Аяз ата шанасын сүйретіп залға кіреді.)
Аяз ата:
Ассалаумағалейкум,
жұртым, жиналған!
Көңілдерің дүр маржан!
Айналайын ұлдардан,
Айналайын қыздардан!
Аяз атаң мен Ақшақар
Келді, мінеки, алыстан!
Жүргізуші:
Бәрекелді, алақай, Аяз ата мен Ақшақар келді, қол соғып, қошеметтеп,
сәлемдесейік баршамыз! 1,2,3! (Барлығы сәлемдеседі)
Ақшақар:
Сәлем бердім баршаға,
Сіздермен қауышқаныма қуана!
Неткен нұрлы жүздерің,
3
Неткен сұлу шыршаларың!
Бірақ, ата, қараңызшы,
Шырша шамдары жанбаған.
Аяз ата:
- О, не дегенің қызым!?
Шыршаны шамын жағамыз,
сиқырлы сөзді айтып,
шыршаны лезде жайнатамыз!
Кәнеки, балалар, бәріміз бір дауыспен :
Шырша, шырша таңырқат,
Шыршамызды жарқырат! – дейік. 1,2,3!
Шырша, шырша таңырқат,
Шыршамызды жарқырат!
ШЫРША ШАМДАРЫ ЖАНАДЫ
Ақшақар:
Таң қалдырып баршаны,
Шыршамыз жарқырап жайнады.
Құбылтып, құлпыртып айналаны
Сиқырлы сәулелер жан-жаққа тарады.
Кәнеки, бәріміз қол ұстасып, сұлу шыршаны айналып ән шырқайық!
Хоровод: «Аппақ, аппақ жапалақтап»
Аяз ата:
- Бәрекелді, тамаша! Әнді керемет шырқадыңдар, жарайсыңдар! Енді
өздерің көріп тұрғандай құр алақан емеспіз, Ақшақар екеуіміз сендерге
арнаған сый-сияпаттарымыз бар. Кәне, қызым, мына бүлдіршіндерді
қуантып сыйлықтарын таратып берейік.
Ақшақар:
- Ата, бар ғой, ең кішкентай бүлдіршіндерімізден бастасақ қайтеді?
Аяз ата:
- Әрине, балам, тек тізімді алып шық, бірде-бір бала құр қалмасын.Ал,
бастайық!
(1 «А»,1 «Б»,1 «В», 2 «А»,2 «Б»,2 «В» сыныптарына кезекпен сыйлықтарын
береді.)
- Балам, бәріне бердік пе? Енді ең негізгі сыйлығымды әпере ғой, баршаға
табыстайық.
Ақшақар:
- Ой, ата, ол сыйлық мұнда жоқ.Ол қайда? Бағана болған.
Аяз ата:
- Қой, дұрыстап қарадың ба? Енді қайттік?
Ақшақар:
- Дұрыстап қарадым, мұнда жоқ. Енді қайттік? Онсыз жаңа жыл келмейтін
болды ғой, ата -деп жылайды.
Аяз ата:
4
- Қой, жылама, қызым, бір амалын табамыз.Балалар, сендер көрген
жоқсыңдар ма?
Балалар:
- Жоқ, көрген жоқпыз.
Жүргізуші:
- Ата, бізде бәрін бақылап тұратын бейне камера бар. Бәлкім, камераға түсіп
қалған болар, содан көрейік. Экранға назар аударайық.
(Сыйлықты әкетіп бара жатқан Машаны көреді)
Жүргізуші:
- Бәсе, айттым ғой, бейне камераға түсіп қалыпты. Сол баяғы Маша алған
ғой.Өзі кіп-кішкентай болса да, өте тентек қыз.Жүріңдер, сыйлықты
қайтарып алайық.
Ақшақар:
- Жарайды, бірақ ол қайда тұратынын біз білмейміз ғой-деп жылайды.
Жүргізуші:
- Жылама, балалар білетін шығар, кәне, олардан сұрап көрейік.Балалар,
Маша қайда тұратынын білесіңдер ме?
Балалар:
- Білеміз, ол орманда тұрады.
Аяз ата:
- Онда, бұл не тұрыс? Кеттік! Бәріміз паровоз боп тіркеліп алайық. Күш
бірлікте демекші, бәріміз бірге болсақ бізге ешнәрсе кедергі болмайды.
Дайынсыңдар ма? Кеттік!
ОЙЫН «ПАРОВОЗ»
(Осы кезде Маша шыршалар арасында сыйлығын қызықтап әндетіп, билеп
жүреді.)
Ақшақар:
- Ата, әне Маша! Сыйлықта сонда екен, ұстаңдар оны!
(Маша балаларды көріп, қаша жөнеледі)
Маша:
- Миша, Миша құтқар!
Миша:
- Не болды? Мәссаған!Аяз ата мен Ақшақар және мына тұрған барлық бала
сені қуып келді ме?Не үшін?
Ақшақар:
- Миша, ол бүкіл халыққа арналған жаңа жылдық сыйлықты алып алды.
Онсыз Жаңа жыл өз күшіне енбейді.
Маша:
- Бермеймін, менікі!Кетіңдер! Оны мен өзім тауып алдым.Ешкімге де
бермеймін! Кетіңдер!
Миша:
- Маша, сенікі дұрыс емес, Аяз атаның бұл сыйлығын қайтармасаң Жаңа
жыл болмайды.
Маша:
5
- Миша, не, аналар шын айтама? Мына сыйлықты қайтармасам Жаңа жыл
болмай ма?
Миша:
- Ия, Маша, қайтарғаның дұрыс болар.
Маша:
- Бергім келмейді. Онда менің шартымды орындасын.
Миша:
- Жарайды, балалар, шартын орындайсыңдар ма?
Маша:
- Мен сендерге жұмбақ әуен жасырам, ал сендер ол әуен қай мультиктен
екенін табу керексіңдер.Егер де дұрыс тапсаңдар, онда сыйлықты
қайтарамын.
Миша:
- Маша, балалар сенің шартыңды орындады. Енді сыйлықты қайтар.
Маша:
- Жоқ, сыйлықты қайтармаймын.Менің тағы бір шартым бар. Мен
«Балапан» биін билегім келіп тұр.Мына балалардың бірі қалмай менімен
билегенін қалаймын.
Ақшақар:
- Жарайды, балалар, билейік пе?
«БАЛАПАН» биі
Миша:
- Мәссаған, Маша,сендердің билеріңді көріп нағыз балапандардың өздері де
ұшып келіпті.
Балапан:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!Маша Аяз атаның сыйлығын қайтармай
жатқанын көріп, жарты жолымыздан қайтуға тура келді. Негізінде, біз, өте
асығыспыз.Қоштасатын сәт жақындап қалды. Тарих қойнауына бет
алдық.Енді 12 жыл өткен соң қайта ораламыз.
Аяз ата:
- Еее, қарақтарым, қайта аялдағандарың дұрыс болды.Сендерді 12 жыл
көрмейміз, сағынамыз, десек те, жақсы көңіл-күймен қоштасайық.Мына
жұртқа өздерің билеп беріңдер, бәлкім,Маша да көңілденіп сыйлықты
қайтарар.
Балапан:
- Олай болса, достар, кеттік, әсем биімізді барша халыққа тарту етейік!
«БАЛАПАНДАР» БИІ 2 «А» сынып
Аяз ата:
- Бәрекелді, рахмет, өте тамаша би!
Миша:
- Ой, кешіріңіздер, әтеш скайп арқылы хабарласып тұр.кәне, экранға назар
аударайық.
БЕЙНЕСЮЖЕТ: Ескі жылмен қоштасу
Балапан:
6
- Ал, енді қоштасатын сәт келді,12 жылдан кейін аман-есен кездескенше
қош сау болыңыздар!
Аяз ата:
- Балапандарым, сәт сапар тілеймін!Қанаттарың талмай, биікке самғай
беріңдер!
Миша:
- Ал, Маша, ескі жылды да шығарып салдық. Бүкіл халықтың назары
сенде.Еркелігіңді таста, сыйлықты қайтар.
Маша:
- Жоқ, бермеймін,