Конспект "Мектеп шеберханасына саяхат. Р дыбысы мен әрпі" 1 класс

Күні:
Сынып: 1
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
Мектеп шеберханасына саяхат.
Р дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін
оқу мақсаттары (оқу
бағдарламасына сілтеме)
1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді
тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.
1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы
және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін
каллиграфиялық талаптарға сай жазу.
Сабақтың мақсаттары
Барлығы: Жаңа білімді меңгереді, әріпті таниды, жазады.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы
талқылайды.
Кейбірі:Сөздерді тұтас, түсініп оқиды, алған білімді өмірде
қолдана алады.
Жетістік критерийлері
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай
алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс
Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары
Таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік
Мектеп шеберханасына саяхат.
Сабақ барысы
Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
Ынтымақтастық
атмосферасын
қалыптастыру
Бүгінгі көңіл күйлерін раушан гүлін қызыл, сары түстерге
бояу арқылы көрсетіп, гүл шоғын жасау.
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Он саусақтың саласындай,
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Бiр адамның баласындай.
Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы
жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай
қуаныш!
Шаттық шебері
Сабақтың ортасы
-Біз қайда саяхатқа бара жатырмыз? /Мектеп
шеберханасына/ Саяхатты жалғастырамыз. Ол үшін
тапсырмаларды мұқият орындауымыз қажет.
Тыңдалым. Бағандағы буындар мен сөздерді, сөйлемді
оқу.
Оқылым. Сөздер мен сөйлемдерді өз бетінше буындап
оқуға, жиі кездесетін сөзді тұтас оқуға, түсініп оқуға
жаттықтыру.
«Ар, ара, арал, арала, нар, анар, Анар» сөздерін хормен,
тізбектей, жекелей оқыту.
«Ара, ара, аралар!» және «Алан, ара арала» сөйлемдерін
оқытып, олардағы «ара» сөздерінің мағынасын
ажыратқызу.
Бірінші сөйлемде «ара» – жәндік, екінші сөйлемде «құрал»
екенін суреттердің көмегімен анықтату.
Таныстырылым,
оқулықпен
жұмыс
Кеспе буын
Суреттер