Конспект "Табиғатқа саяхат. Бб дыбысы мен әрпі" 1 класс

Табиғатқа саяхат. Б дыбысы мен әрпі
Бастауыш сынып мұғалімі
Күні: 30.01.2017
Сынып: 1 М
Сауат ашу
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Ускенбаева Бахтигуль Ануаровна
Сабақтың
тақырыбы
Табиғатқа саяхат. Бб дыбысы мен әрпі
Осы сабақта
қол жеткізілетін
оқу мақсаттары
(оқу
бағдарламасына
сілтеме)
1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындапоқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас
оқу, түсініп оқу) қолдану.
1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және
жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау
1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және
төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға
сай жазу.
Сабақтың
мақсаттары
Барлығы: Оқудың түрлерін (буындапоқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас
оқу, түсініп оқу) қолдану.
Көбі: Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және
жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.
Кейбірі: Өзбеттерінше тапсырмалар орындайды.
Тілдік мақсат
Оқушылар: көркем және бейкөркем мәтін үлгілерімен таныс
болуы керек, жанрын ( ертегі, өлең ) ажырата білуі және өлеңді
мәнерлеп оқи білуі керек.
Негізгі сөздер мен тіркестер: Бақбақ - одуванчик –dandelion. Балық –
рыба- fish
Сыныптағы диалог / жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: айтылым,
тыңдалым, жазылым
Пәнаралық
байланыс
Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану
дағдылары
Аудиожазба, таныстырылым.
Бұған дейінгі
меңгерілген
білім
Пп дыбысы
Сабақ барысы
Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
5 минут
Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан
арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай
тамаша, қандай қуаныш!
Шаттық
шеңбері
Сабақтың
ортасы
15 минут
Дескриптор :
Дескриптор :
1 - тапсырма.
- Суреттегі өсімдік қалай аталады ?
- Бақбақ .
-Бақбақ сөзі қай дыбыстан басталып тұр?
- Б Б Б
- Қане, бәріміз бірге қосылып дыбыстап көрейікші.
- Кім айтады, б дыбысы қандай дыбыс?
- Дауыссыз дыбыс, өйткені созылмайды, еркін
айтылмайды.
- Бақбақ сөзін буынға бөлейікші. Неше буын?
- 2 буын.
- Б дыбысы қай буында кездеседі ?
- 1-ші және 2-ші буында да кездеседі.
- Құрамында б дыбысы бар тағы қандай сөздер
білесіңдер?
Суретпен жұмыс жасай отырып б дыбысымен танысады.
2 - тапсырма. Б әрпі неге ұқсайды?
- Балалар б дыбысы неге ұқсайды деп ойлайсыңдар?
- Қане мына үнтаспаға қараңдаршы.
Б әрпінің неге ұқсайтынын біледі .
Сурет
Аудио
тыңдалым
АКТ
Сергіту сәті
1 минут
Сергіту
сәтіне
арналған
жинақ
Аяқталуы
14 минут
Дескриптор :
Дескриптор :
3- тапсырма. Оқылым. «Балық аулайық» ойыны.
Оқулықта берілген сөздерді буындап, тізбектеп оқыту.
Оқулықта берілген сөздерді буындап, тізбектеп оқиды.
Бақбақ - одуванчик –dandelion. Балық рыба-fish
4 - тапсырма. Топтық жұмыс.
Автормен таныстыру.
Қайранбай Жұмабай Қожақынұлы (1948 ж. т.) —
педагог, баспагер, жазушы. Алматы облысы, Ұйғыр
ауданында дүниеге келген.
-Бүгін біз осы кісінің «Бор неден жасалады ?»
әңгімесін оқимыз . Балалар сендер білесіңдер ма ? Бор
неден жасалады ? Ондай болса мені мұқият тыңдаңдар
" Бор неден жасалады ? " мәтінін мәнерлеп оқу.
Бор — түсі ақ, біркелкі ұсақ түйірлі кальций
карбонатынан құралған жұмсақ шөгінді жыныс.
1-топ. Рольге бөлініп оқу.
2-топ. Сахналық қойылым қою.
3-топ. Берілген сұрақтарға жауап береді.
Берілген тапсырмаларды орындайды.
Оқулықпен
жұмыс
Сурет
Дәптермен
жұмыс
8 минут
Бб дыбысын жазу.
Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы
және төменгі сызығын сақтау және әріп элементтерін
дұрыс, көркем жазу білігін бағалауды ұйымдастыру.
Дәптермен
жұмыс
Сабақтың соңы
2 минут
Рефлексия.
1. Атауында «Б» дыбысы бар сөздерді қоршап сыз.
2. Буындардан сөз құрастыр.
3. Әрбір суреттің атауын жазып шық. «Б» дыбысы сөздің
қай бөлігінде тұрғанын анықта.
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет әлпеті
салынған суреттерді таңдау.
Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім
Смайликтер
«Бағдаршам» әдісі арқылы оқушыларды бағалау.
Қосымша ақпарат
Саралау – оқушыларға
қалай көбірек қолдау
көрсетуді жоспарлайсыз?
Қабілеті жоғары оқушыларға
қандай міндет қоюды
жоспарлап отырсыз?
Бағалау оқушылардың
материалды меңгеру
деңгейін қалай тексеруді
жоспарлайсыз?
Қиналатын оқушылардың
қасына барып, сұрақтар қою,
бағыт беру арқылы көмек
көрсету. Жұмысты жылдам
орындайтын қабілеті жоғары
оқушыларға конверт
сыртына сурет салуды
ұсыну.
Оқушылардың жұмыс
жасау барысын бақылау
жүргізіп бағалау.
Комментарий беру арқылы
бағалау.
Рефлексия
Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?