Конспект занятия "Қозғалу белсенділігін арттыру үшін дәстүрлі емес дене шынықтыру заттарын пайдалану" 1 класс

Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлім: «Дене шынықтыру»
Тақырыбы : « Қозғалу белсенділігін арттыру үшін дәстүрлі емес дене шынықтыру
заттарын пайдалану»
Қолданылатын құрал-жабдықтар: «Сақина»
Мақсаты: музыка ырғағымен әр түрлі қимыл қозғалыс жасап жүруге жаттықтығу, тепе-
теңдік қабілетін дамыту, сақинаны қолдану арқасында балалардың қозғалу тәжірибесін
түрлендіріп, балаларға көңіл күй сыйлау, ойын тапсырмалары мен ойындарда ережелерді
орындауға үйрету.
Нышан: балалардың санына байланысты «сақиналар», бағдарлаушы- «түрлі түсті
жолшалар»
Сабақтың барысы:
Тәбиеші : -балалар, бүгін біз сендермен ойындар алаңына қызықты саяхатқа аттанамыз.
Ал сақиналармен біз ойнаймыз. Оңға!
-сақинаны оң қолдарына ұстап, жай жүру.
-белгі бойынша сақинаны сол қолға ауыстырып жай жүру.
-сақина екі қолдарында, қолдарын жоғары көтеру, аяқтарының ұшымен жүру.
- қолдары арқасының артында, сақинаны екі қолға ұстап өкшелерімен жүру.
-сақинаны екі қолына ұстау, беліне дейін көтеріп, тізелерін жоғары көтере жүру.
4 бағанға тұру.
Музыкалық бой жазу «музыканың ырғағымен сақинамен жүру»
Тәрбиеші:
-Балалар, қанекей біз кішкентай сыйқыршыларға айналайықшы! Сыйқырлы қалпақ
киеміз!(сақинаны бастарына қою)
1.Ойын тапсырма: «Сыйқырлы қалпақты құлатып алма»
Сақинаны бастарына қойған қалпы бөлме ішінде жеке - жеке жүру.
-Ал енді балалар, қалпақты сыйқырлы сақинаға айналдырып, онымен ойнап көрейік!
2.Ойын тапсырма: «Кім алысқа апарады
Сақинаны тура бағытта домалату.
3. Ойын тапсырма: «Лақтыр-құлатпай қағып ал!»
Сақинаны лақтырып, екі қолымен қағып алу.
4. Ойын тапсырма: «Зеректік»
Сақинаны қолдарын көтеріп алдарында ұстау, сақинаны жібере салу, отырыңқырап
сақинаны екі қолымен қағып алу.
5.Ойын тапсырма: «Көңілді секіру»
Сақинаны алдарына, жерге қою, бір аяқпен тұрып секіру, екінші аяғының ұшымен жерге
қойған сақинаны итеру.
Қимылдауға арналған ойын: «Кім тез арада мұнара салады
(пирамиданың сақиналарымен ойын)
(балалар 4 топқа бөлінеді де кілемнің 4 бұрышына тұрады)
Музыка ырғағымен жүру, музыка аяқталғанға дейін мұнараны жинап берулері керек.
Тапсырманы бірінші болып орындаған топ жеңіске жетеді.
-Балалар, ал енді сақинаны рөл секілді ұстап жүрейік. Кеттік! (Музыка ырғағымен
балалар саппен жүреді).
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Көңілді сақина»
Балалар тапсырманы орындайды:
- сақинаны оң қолда
-сақина сол қолда
-сақина оң иықта
-сақина сол иықта
-сақина оң тізеде
-сақина сол тізеде
-Ал енді менің кішкентай сыйқыршыларым, сыйқырлы қалпақтарыңды киіп, оны маған
құлатып алмай әкеліп беріңдер.
Балалар, біздің саяхатымыз аяқталды! Сендер өте жақсы ат салысып, ақылды бала
болдыңдар!