Технологическая карта "«Ә» дыбысы және әрпі"

«Бекітемін»
Директорың ОІЖ орынбасары: Е.А.Ерболатов
№ 34 технологиялық карта
Күні: 13.03.17 ж
Білім беру саласы : Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу негіздері
Тақырыбы: «Ә» дыбысы және әрпі
Мақсаты: «Ә» дыбысы мен әрпін таныстыру. «Ә» әрпіне байланысты сөздерді буынға бөлу, дыбыстық талдау жасату,
сөйлеу қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту. Табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
Қолнанылатын көрнекі құралдар: Әліппе дәптер, әріп қималары, суреттер.
Ұйымдастырылған оқу іс
әрекетінің кезеңдері
Педагогтің басқару іс - әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық
- Шаттық шеңбері
Қайырлы таң досым.
Қайырлы күн болсын.
Жеті күннің әр кезі,
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын!
Шаттық шеңберіне шығып
өлең жолдарын
тәрбиешімен бірге
қайталайды.
Ұйымдастырушылық
ізденістік
Дәптермен жұмыс.
Сергіту сәті.
Жұмбақ шешу.
- Сәлеметсіздер ме?
«Кім зерек?» ойыны (сұрақ-жауап)
-Өткенде қай әріппен таныстық?
-І дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
-Қане, сол Ідыбысына сөздер ойлап жіберіңдерші.
-Жуан айтылып тұр ма, жіңішке айтылып тұр ма?
Өте дұрыс, біз әжемізге көмектесуге дайынбыз.
-Әжеміз келе жатса алдынан бір үлкен өзен шығыпты. Бұл
кісіні өзеннен өткізу үшін тапсырма орындауымыз керек.
«Өзеннен өту».
Жұмбақтың шешеуін дұрыс шешшеңдер әже өзеннен
өтеді.
-Бұрап қойған сағаттай
Айқайлайды таң атпай.(әтеш)
Жарайсыңдар балалар біз әжемізді өзеннен өткәіздік.
-Әтеш сөзі қай дыбыстан басталып тұр?
–Бүгін Ә дыбысы және әрпімен танысады екенбіз.
-Ә дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба? Бұны білу үшін
бәріміз Ә деп әндетейік.
-Қандай дыбыс екен? –Дауысты
-Ә ауыз мол ашылып, тіл мен иектің төмен түсуінен
Балалар амандасады.
«Кім зерек» ойынын
ойнайды.
-дауысты дыбыс
-ін, іні, ілмек, ірімшік
-жіңішке
«Өзеннен өту» ойынын
ойнайды.
-Әтеш
-Ә дыбысынан
-Дауысты дыбыс