Конспект занятия "Ыдыстада ырым бар"

Ересек «Гүлдәурен» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі
Өткізу күні:16.11.2018 ж
Тәрбиеші : Садырбекова Г.К..
«Коммуникация » және «Шығармашылық» білім беру саласының
ұйымдастырылған оқу қызметі. Сөйлеуді дамыту. Сурет
салу.Аппликация
Өтпелі тақырып: «Дұрыс тамақтану. Дәрумендер »
Тақырып : Ыдыстада ырым бар.
Мақсаты: :
Тәрбиелік: ыдыстарды ұқыпты ұстауға, балалардың бойында патриаттық
сезімдерін тәрбиелеу.
Дамытушылық: байланыстырып сөйлеуге, сұраққа толық жауап береуге
дамыту.
Білімділік: Ыдыс - аяқтар туралы түсініктерін толықтыру. Асхана
құралдары, оның ерекшеліктері, олардың алуан түрлі болатынын түсіндіру
(түсті, мөлшері, көлемі, материалы, металдан жасалатындығы, жасалуы т.)
оларға бағдар жасауға жаттықтыру. Бұрыңғы және қазіргі ыдыстарды бір
бірінен ажыра білуге дағдыландыру.
Педагогикалық технологиялар: АКТ, ойын технологиясы, денсаулық
сақтау технологиясы, санквейн технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету:телевизор, көрнекіліктер, үлестірмелі
материалдар, дидактикалық ойындар.
Билингвалдық компонент: ыдыс\ посуда, шайнек\чайник,
самауыр\самовар
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Келген қонақтармен үш тілде амандасу.
Әже телефон шалып, кесе жасап беруді сұрайды.
2. Негізгі бөлім.миға шолу жасау. Презентация арқылы.
Кесе дегеніміз не?
Ол қандай?
Не үшін керек?
Қандай ыдыстарды білесіңдерме?
Бұрыңғы кездегі ыдыстар қандай ыдыстар?
Олар неден жасалған?
1 тапсырма. Мұражайға бару.
Мұражайдағы бұрынғы және қазіргі кездегі ыдыстарды салыстыру.
Ыдыстар жайлы ырым сөздер айту.
Ыдыс туралы жаңылтпаш атау.
Ыдыстарды үш тілде қайталау.
2тапсырма . «ыдыстарды ажырат»
Шарты: темір және ағаш себетке бұрынғы және қазіргі ыдыстарды
топтастырып орналастыру.
Самауыр қай кездегі ыдыс?
Тостаған қай кездегі ыдыс?
3 тапсырма Саусақ жаттығуы
Біз үйде нешеуміз
Кел санайық екеуміз.
Бас бармақ\әкем
Балан үйрек\анам
Ортаң терек ағам
Шылдыр шүмек мен
Кішкене бөбек сен
Біз үйде нешеуміз?
Біз үйде бесеуміз.
4 тапсырма папье маше әдісі арқылы кесе жасау.
Папье маше әдісін жасау жолдарын көрсету, түсіндіру.
Балалар болғаннан кейін кеселерді кептіруге пешке салу.
5 тапсырма сергіту сәтінің орнына қара жорға биін билеу.
6 тапсырма:
Балалар кеселерімізде кеуіпті, бірақ олар біртүрлі емеспе?
Оны сәнді болу үшін не істейміз?
Ирек сызықтар арқылы кесені әшекелеу.
7 тапсырма: хатшыдан жасаған кеселерді әжеге беріп жібереді.
Қорытынды :
Балалар бүгін оқу қызметінде қандай тақырыппен таныстық?
Ыдысқа не жатады?
Ыдыс не үшін керек?
Балаларды мадақтау.мақтау.
Әже телефон шалып, балаларға алғыс айтады, өзінің сыйлығын беріп
жібереді.