Тақырыбы "Арайлы Алтын күз!"

Тақырыбы: Арайлы Алтын күз!
Өтетін орны: Мектеп акт залы
Өтетін уақыты: 26.10.2013жыл.
(Әр сыныптан ханша мен ханзада қатысады)
9 сыныптың қатысушы жұптары вальс биін билейді.
Жүргізуші:Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, оқушылар!
Арайлы «Алтын күз» атты күзгі бал кешіне, қош келдіңіздер!
Армысыздар, ұлағатты ұстаздар!
Бармысыздар, жадыраған жас достар!
Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!
Сіздердің құрметтеріңізге « Күрең күз » әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:Уа, халайық халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтың
Алтын күзге арналған
Кешімізді бастайық!
Ендеше ортаға әр сыныптан сайысқа қатысушы үміткерлерімізді
шақырайық .
1. «Күрең күз» 11-сынып
2. «Күзгі шуақ» 10-сынып
3. «Арайлы алтын күз» 9-сынып
( Сайыскерлер ортаға шығады)
Енді әділ қазылар алқасымен, сайысымыздың жоспарымен
таныстырып өтейін.
Әділ қазылар алқасы:
1. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Н.Айпейсова
2. Тарих және география пәнінің мұғалімі М. Исахаев
3. Информатика пәнінің мұғалімі Н. Мырзабекова
4. Музыка пәнінің мұғалімі М. Өтегенов
5. Технология пәнінің мұғалімі Т. Қалиева
Жоспар
1.Таныстыру
2.Өнер сайысы(Ән айту, би билеу,көрініс, пародия)
3 Көрме.Үй тапсырмасы (Өз шығармашылықтары бойынша
қолөнер бұйымдары немесе күзгі дақылдардан бейне жасау)
4. Сән үлгісі.
5.Мерекелік дастархан мәзірі (Салат дайындау)
6.Ойын
7. «Білгенге –маржан» (Сұрақ- жауап бөлімі)
8.Ханшайым мен ханзада
9. Қорытынды
1-бөлім
Жүргізуші: Табылсыншы ақыл, білім ұл мен қыздан
Өнерімен, білімімен аты озған
Әдеп-ғұрпын жоғалтпай аулымыздың
«Ұл мен қызы» деген атқа ие болған- деп
сайыскерлеріміз өздерін таныстырып өтсін.
(Әр сынып өздерін таныстырып өтеді)
2-бөлім
Жүргізуші:Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалып айтпас,
Әрқашан да нанымды.
Сол шындықты күнделікті
Көріп жүрміз өмірден.
Өнерімен танысайық,
Тілекші боп көңілден.
Бұл бөліміміз «Өнер сайысы» деп аталады. Келесі кезекті өз
өнерін көрсетуге береміз. (Сайыскерлер өнерлерін көрсетеді)
3-бөлім
Жүргізуші:Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын,
Көңілдің серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Біздерге бірлікпенен ортақтассын!
О заманда ашқан қазақ өнер сырын,
«Өнер жастан» жаныңдар.
Шақырған сайыстарға бірі- бірін
Өнерпаздар-дарындар.
Көрейік тамашалап, көрермендер,
Көрсетсін сайыскерлер өздері дайындаған қолөнерін.
Бұл бөлім Көрме. «Үй тапсырмасы» деп аталады. (Сайыскерлер өз
шығармашылықтары бойынша жасаған қолөнерімен
таныстырады)
4-бөлім
Жүргізуші:Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз сәнімен.
Өз қолынан шығарған киім үлгісін
Сіздерге көрсетеді өз сәнімен,- дей келе келесі кезекте сән үлгісін
көрсетуге береміз.
(Сайыскерлер сән үлгісін көрсетеді)
5-бөлім
Жүргізушіөрсетер өнер әр салада сайысып,
Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.
Мерекелік ас мәзірін жасапты,
Қыздарымыз бармақтары майысып.
Келесі бөліміміз «Мерекелік дастархан мәзірі» деп аталады.Келесі
кезекті салат жасауға береміз. (Әр жұп дайындаған салаттарымен
таныстырады.
6-бөлім
Ойын.(әр сыныптан бір ойыннан дайындап алып келу)
7-бөлім
Жүргізуші: Білім аққан сел дейді,
Бірақ оңай келмейді.
Ала білсең білім көп,
Ақыл-ойға кел дейді.
Білім-ой мен арымыз,
Рухани ол нәріміз.
Сайыскерлер сіздерге
Қол соғамыз бәріміз!
Бұл бөліміміз «Білгенге маржан» деп аталады. Сұрақтарға жауап
бересіздер.
(Әр билетте 2сұрақтан болады)
8- бөлім
Жүргізуші: Күз келіп, хан мен ханшайым
Өткізді күзгі бұл айын.
Ханшайым тапқыр қыз болды
Ағызар сөйлеп сөз майын
Ал ханымыз ақылды
Барша жұртты шақырды.
Би де билеп, ән айтты
Қуаныштан шалқыды.
(Ортаға Ханшайым мен ханзаданы шақырамыз)
Қорытынды.
Жүргізуші: Ендігі кезекте «Күзгі бал» кешінің жүлдегерін
анықтайық . Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз. Әділқазылар
алқасына сөз береміз.
(Жеңімпаз марапатталады!)
Жүргізуші:Білім-теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,
Әдебі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа жетелейміз.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен күнге,
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,- дей отырып бүгігі
«Күзгі бал» кешін аяқтаймыз.
Нұрипа Айпейсова Пірмашқызы
Қызылорда облысы Шиелі ауданы
№228 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
1-билет
1.Қай жылы, қай күні Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі
жарияланды? (16 желтоқсан 1991жыл)
2. Жеті жұтты атаңыз? (Құрғақшылық жер сілкіну,сел,мал
жұтау,оба,өрт,соғыс)
2-билет
1. Қазақстан Республикасының президенті тұңғыш рет қай жылы
қай күні сайланды? (1 желтоқсан 1991 жыл)
2.Бұзылмай сақталатын ұлттық тағам? (құрт)
3-билет
1.Астана Қазақстанның нешінші астанасы? (төртінші)
2.Жеті қазынаны атаңыз? (ер жігіт,сұлу әйел,ілім білім,жүйрік
ат,құмай тазы,қыран бүркіт,берен мылтық)
4-билет
1.Қай елде елбасымызға ескерткіш орнатылды?
(Түркия астанасыАнкарада)
2.Қазақтардың ертеден келе жатқан мейрамдарын ата?
(наурыз,ораза айт,құрбан айт)
5-билет
1.Қазақстанның Конституциясы қай жылы қай күні қабылданды?
(30 тамыз 1995)
2.Қазақтың ұлттық киімдерін ата?
(сәукеле ,тақия,қамзол,шапан,мәсі кимешек)
Сайыстың турлары
1.Таныстыру
2.Өнер сайысы(Ән айту, би билеу,көрініс, пародия)
3 Көрме.Үй тапсырмасы (Өз шығармашылықтары бойынша
қолөнер бұйымдары немесе күзгі дақылдардан бейне жасау)
4. Сән үлгісі.
5.Мерекелік дастархан мәзірі (Салат дайындау)
6.Ойын
7. «Білгенге –маржан» (Сұрақ- жауап бөлімі)
8.Ханшайым мен ханзада