Сценарий "Сұлтан"

Жаңа жылға арналған меркелік сценарий «Сұлтан»
Дауыс:
Ерте бір заманда
Араб әмірлігінде
Бір Сұлтан болыпты
Ол Сұлтанның көңілін ешкім таба алмаған екен
Жаңа жыл мерекесіде жақындап
Сұлтанның көңілі бір жылынған жоқ екен.
Күнде ыстық болып, сұлтанды масалар шағып
Соны көрген сұлтанның қызметкерлерінің
Танертеңнен бастап қолдырынан барлығы құлап жатыр.
Сұлтанның қызметкерлері құлдары оның көңілін көтеруге тырысады бірақ
ештеме шыкпайды.
Сұлтан музыкамен кіреді.
Султан:
Уәзірлерім менің көңіл күйім болмай тұр.
Біздің Елімізге жаңа жыл мерекесі келді
Ал мен жаңа жылды да тойлаған жоқпын әлі.
(Сұлтан мұңаяда.)
Әли Уәзір:
Вай! Вай! Ұлы Сұлтан мен сіздің көңіліңіздің жоқ екенін ескеріп менің
көмекшілерімді сарайға шақырдым. Олар есіктің сыртында күтіп тұр.Сіз
рұқсат етсеңіз оларды біздің сарайға кіргізейік.
Сұлтан:Кірсін көңілімді көтеріп көрсін.
Әли Уәзір: Әміріңізге құлдық.
Музыка ырғағымен бүлдіршіндер кіріп орындарына жайғасады.
Ән «Орманда шырша»
Сұлтан:
Мен жалықтым!Менің сарайым маған қызықты емес.Ешкім менің көңілімді
көтере алмайтын шығар.Уәзір Мырзаны шақырыңдар мүмкін оның
көмекшілері менің көңілімді аулайтын шығар.
Музыкамен Уәзір-Мырза кіреді.
Уәзір-Мырза:
Күнге татитын ұлы Сұлтан менде келіп жеттім.
(Сұлтанға басып иіп сұлтанның қолын алып сүйеді.)
Сұлтан:Уәзір Мырза менің көңілім болмай тұр тезірек көмекшілеріңді
шақырт маған өнерлерін көрсетсін.Жаңа жыл мерекесін тойлайық.
Әли Уәзір :Уәзір Мырзаның көмекшілері келіп тұр Сұлтан кіргізуге
рұқсат етіңіз.
Султан:
Кірсін.Өнерлерін тамашалайық.
Тақпақтар:
Музыкамен 2 пираттар келеді.
1 Пират:
Сәлеметсіздер ме! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.Сұлтан біз
сіздің мұнайып көңіліңіз жоқ екен деп естідік.Сен мұнайма
ашуыңды бас.Біз сіздің көңіліңізді көтеру үшін.Жан-жақтан
көмекшілер әкелдік.
2 Пират:
Сұлтан біздің өнерлеріміз тегін емес.Сіз бізге алтын беруіңіз керек.
Султан:
Менің сарайымда алтыннан да көп нәрсе жоқ берем қанша керек
болсада.Өнерлеріңді тезірек көрсетіңдер!
Би «----------------- »
1-Пират: Сұлтан біздің алтындарымыз дайын ба біздің басқа да
сарайларға барып өнерлерімізді көрсетуіміз керек.
Сұлтан:Пираттар менің де сендерге арналған бір шартым
бар.Сендер алтындарымды жай алып кетпейсіңдер оларды жинап
аласыңдар.
2-Пират:Сұлтан біз ешқандайда шарттарыңызды орындамаймыз.
1-Пират: Алтындарымызды беріңіздер әйтпесе сіздердің
мерекелеріңіздің шырқын бұзамыз.Қарақшыларды шақырамыз.
(Пираттар қылыштарын сермейді)
Сұлтан:Уәзірлерім оларды зынданға тастаңдар.Кімде кім менің
бұйырығымды орындамаса соларды мен жазалаймын.дейді.
(Уәзірлер пираттарды ұстап жатқанда.Пираттар сұлтанның
аяғына жығылады.)
2-Пират.О ұлы сұлтан бізді кешіріңізші біз ақымақ болдық.Тек
жазалай көрмеңізші.
1-Пират:Барлық шарттарыңызды орындаймыз.
Сұлтан:Жарайды бір жолға кешірейін.Тезірек алтындарымды
жинап алыңдар.
Ойын: «Алтын жинау»
2-Пират:
Рахмет сізге ұлы сұлтан.Сіз ақылды да қайырымды жан екенсіз.
1-Пират:Сұлтан сіздің ризалығыңыз үшін біз сізге арнап
орманымыздағы достарымызды шақырдық, олардың өнерлерін
қабыл алыңыз.
Сценка «Үйшік» ағылшын.
Ән «Ағылшынша»
Султан:Пираттар барлық көмекшілерің қонақтарың жақсы билеп
ән айтады екен.Бірақ менің көңілім бір көтерілмей отыр маған
ешкім көмектесе алмайтын болды-ау(.деп күрсінеді.)
Уәзір Али:
Сұлтан сарайға тағы бір қонақ келіп тұр.кіргізуге рұқсат етіңіз.
Сұлтан:Рұқсат етемін.
Музыкамен Ақшақар кіріп келеді.
Ақшақар:Сұлтанға бас иіп амандасады.Сәлеметсіз бе ұлы
Сұлтан.Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.
(Сұлтан Ақшақарды көріп ғашық болып қалады.)
Сұлтан:Ақшақар сондай әдемісіз қандай сұрақ пен келдіңіз.
Ақшақар:Мен Аяз атаны іздеп жүрмін.Аяз ата жаңа жыл мерекесін
тойлауға келем деген еді.Жолда адасып кетті ме екен?
Пират:Сәлеметсіз бе Ақшақар сен мұңайма біз орманға барып Аяз
атаны шақырып келейік.Сау болыңыздар.Жаңа жыл мерекелеріңіз
құтты болсын.
(Пираттар музыкамен шығып кетеді)
Сұлтан:Ақшақар көмекшілеріңді шақырт өнерлері болса менің
көңілімді көтерсін.Аяз ата ән мен билеріңді естіп осы сарайға келіп
қалар.
Ақшақар:Қанекей қыздарым менің қайдасыңдар Сұлтанымызға
өнерлерімізді көрсетейік көңілін көтерейік.
Би «Қыздар»
Аяз ата музыкамен кіреді.
Аяз ата:Сәлеметсіздер ме!Жаңа жыл меркелеріңіз құтты
болсын.Ақшақар қызым сен мұнда жүр екенсіңғой.Мен сені
балабақшада іздеп жүрсем сен Сұлтанның сарайында жүр
екенсіңғой.
Ақшақар:Аяз ата мен сізді адасып кетті деп көмек сұрауға
Сұлтанға келдім.
Сұлтанның көңілі көтеріліп.
Сұлтан:Аяз ата сіздің және Ақшақардың келгені қандай жақсы
болды менің көңілім көтеріліп қалды.Мен сізді көргеніме өте қатты
қуаныштымын.Менің бала кездегі арманым ол Аяз мен Ақшақарды
көру еді.
Сіздерге көп рахмет.Көмекшілеріңіз өнерлі екен.
Ақшақар:Біздің бүлдіршіндеріміз Аяз атаға арнап өз жылы
лебіздерін айтпақшы тамашалайық.
Тақпақтар.
Ән «Аяз ата»
Аяз ата:Сұлтан сарайыңыз әдемі екен.Шыршаңыз да әдемі.Бірақ
шыршаңыз өзіңіз сияқты мұнайып қалыпты.Қанекей Ақшақар
қызым шыршамыздың шамдарын жағайық меркемізді әнмен
жалғастырайық.
Балалар:
Қуант бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат.
Шырша шамдары жанады.
Ән «Шыршаға бардық»
Султан:
Балаларды мен өте қатты жақсы көремін.Бүлдіршіндер сендерге
көп рахмет менің сарайы ма келіп өнерлеріңді көрсетіп
келдіңдер.Алғысым шексіз.
Аяз ата:Сұлтан рұқсат етсең менің қабымда балаларға арнлаған
сыйлықтарым бар еді соларды таратайын.
Сұлтан:Әрине сыйлықтардың барлығы таратылсын.
Жүргізуші: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.