Классный час "Жыл басы - Наурыз" 1 класс

Жыл басы – Наурыз
Мақсаты:
1.Қазақ халқының ежелден сақталып,атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-
дәстүрін,наурыз мейрамының мәнін түсіндіру,әрі дамыту және көркейту.
2. Окушылардың ойлауын дамыта отыра,ой қиялын,өрісін,іздену негіздерін дамыту.
3. Оқушыларды ұлтжандылыққа,имандылыққа,инабаттылыққа.халқымыздың салт-
дәстүрін қастерлеуге,сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілер: Буклет,кестелер,шарлар,қанатты сөздер.
Барысы:
Наурыз мейрамы- өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық
мереке.Ол парсымыз «Нау-рыз» жаңа күн деген сөзнен шыққан.Бұл жөнінде
халқымыздың кемеңгер ұлдары Абай,Шәкәрім,Мұхтар Әуезов,Ахмет Байтұрсынов
біршама деректер жинаған.Күн мен түн теңелген,мал төлдеп, адамның аузы аққа
тиген,жер бусанып, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі «Ұлыстың ұлы
күні»- деп атайды екен.
Сондықтан біріншіден Наурыз тепе-теңдік мерекенің негізгі арқауы,мәңгі деп есептелген.
2. Наурыз- күні жаңарудың,өсудің, түлеудің басы.
3. Наурыз күні имандылық мереке.Алдына келген атанның құны болса да кеш.
4. Наурыз көктем мерекесі,еңбек тойы,ырыс мошылық бастауы.
5. Наурыз мерекесі мейірімділік,қайырымдылық мейрамы.
Ұлы күні кәрі- жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өсірген.
Наурыз той құтты болсын!
Шапағатын аямай бұл жақта аспан,
Жадырайды әр адам мұң шақпастан.
Ой ағайын, келіңдер!
Бүгін бізде –
Наурыз көже құрт - қатық,бұршақ қосқан.
Наурыз келсе,құт келгені, халайық!
Есік ашып,шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық..
Бүгін күн кенелді,
Жер шуаққа кенелді,
Соны тойлар ел енді.
Наурыз той салтымыз,
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Өмір бағы жайнасын,
Бақта бұлбұл сайрасын.
Күреп алтын күрекпен,
Қарды еріткен Наурыз!
Жатыр көктем түлетіп,
Бүрлеп бақша – бауымыз.
Ұлы күні ұлыстың
Күн мен түнді теңеген
Тәтті дәмін ырыстың
Таттық Наурыз көжеден.
(«Қазақы дастарханы » әні )
Армысыз әлемнің алтын шырағы,
Күн Ана! Төрлетіңіз!
Атар таңға,батар күнге тәу-тәу!
Күн Ана.
-О, қасиетті Жер Ана! Алла –тағаланың әмірін қалт жібермей орындап,адамзат үшін саған
бас иемін.Мен сен үшін табиғат байлығына енген тау тасыңнан,жан-жануарыңнан
бастап адам затына дейін қуаныш нұрын себу үшін,өзіңнің гүл көктеміңді, Ару көктемімді
шықырғалы отырмын.
Жыр сыйлаған,нұр сыйлаған тіршілікке,
Құтты болсын қуанышың Ару көктем,
Шақыратын бәрімізді бірлікке.
Көктем Ару.
-Армысыздар халайық,
Бармысыңдар халайық,
Наурыз тойын жұп жазбай,
Жылда қарсы алайық.
Өшкен шырақ жағылсын,
Көктемнің әрбір ақ таңы,
Қуанышпен, жақсылықпен ашылсын.
Бүгін ұлыстың ұлы күні!Ата бабаларымыздың сөзімен айтсақ
«Ақ түйенің қарны жарылған күн». Ендеше,Наурыз мейрамының салтанаты
Наурызды шақырайық.
Наурыз келсе құт келгені халайық,
Есік ашып шын жүректен,
Ел болып қарсы алайық!
Күн Ана.
- Зарыға күткен жаңа жылым да,
Наурызым келді – ау!
Жаңа жылым жарылқа,ескі жылым есірке.
Ұрпақтарым аман ет.
Жамандық әрі кет,әрі кет.
Алас,Алас! Бар бәледен қалас.
Наурыз батырым келе ғой!
Наурыз батыр.
Сәлем Анам алтын күн,
Нұр шуаға халқымның.
Ашық болсын аспаным,
Аман болсын жас – кәрің.
Жыл иесі тышқаным,
Құт иесі тышқаным,
Бақыт әкел еліме
Құт береке молшылық
Дари берсін жеріме.
Рахмет;Наурыз батыр, Күн Ана, Ару көктем, тойымызға келген қадамдарыңызға
нұр жаусын!
Жыр сыйлаған,нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерлейік,қадіріңді білдік пе!
Құтты болсын Ұлыс күн жұмылдырған
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!
Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесі құтты болсын! Көктем
айымен қатар даламызға жаңа жыл келді.Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп,оны ақ
тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Наурыз - өте көнеден келе жатқан мейрам.Қазақ
халқының жаңа жылы. Бұл кез-күн мен түн теңелетін уақыт.Наурыз мерекесі күні
адамдар бір-біріне жақсы тілектер айтқан.
Уа, жарандар,жарандар!
Бәрің бері қараңдар
Наурыз – думан басталды,
Бері жақын тұрыңдар.
Наурыз тойы тамаша,
Наурыз тойы жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
Наурыз парсы тілінде «Жаңа кун » дегеді білдіреді.Бұл күн даланы Қыдыр баба аралайды
екен. Сондықтан сол түнді.Қыдыр түні деп атаған.Бұл күні бардық ыдыс атауланы
толтырып қояды.Өйткені ырыс мол болсын деген тілек болған екен.
Малдар төлдеп,қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдық сипаты,
Басталыпты Наурыздан.
Ақ қар кетіп,қой қоздап,
Шырайлы шуақ жаз жетіп,
Шаруаның ұлы кенелген
Күн мейрамы ежелден.
Наурыз қайтып аралады аты да ауыз,
Сұрамаймыз ақы да,алпыс та біз
Үй дастархан даламыз,сахнамыз
Ұлы мейрам – Наурыз шақырамыз.
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып
Тәрбие, тәлім табар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Әр топ өз тобын таныстырады.
1. « Ханталапай » Сұрақ-жауап
(Қазақтың салт-дәстүріне байланысты сұрақтар)
Қазағымның салт-дәстүрін құрметтеп,
Оқушылар жауап берсін сұраққа
Бабалардың салған жолын дәріптеп,
Әр қашанда жүрейікші құрметтеп.
1. Қандай бата білесің?
2. « Асар » дегеніміз не?
3. Жылқының сүті қалай аталады? (қымыз)
4. Төрт түліктің түрлері қалай аталады?
(Шопаната,Қамбар ата , ойсылқара,Зеңгібаба)
5. Жылқының жасына қалай аталауы.
(Құлын, жабағы,тай,бесті, дөнекі құлын )
6. Қандай тыйым сөзді білесің?
(Ақты төкпе,Малды теппе, Нанды теріс қаратып қойма )
7. Қандай ұлттың ойындарын білесің?
(Көкпар,теңне ілу,алтыбақан,асық,тоғыз құмалақ)
8 Жылдан құр қалған жануар (Түйе)
9.Жігіттің неше жұрты бар? Аттарын ата (Үш жұрты бар: Өз жұрты,нағашы
жұрты,қайың жұрты )
10. Наурыз көже неше түрлі тағам қосылады? (7 немесе 9)
О, заманда ашқан қазақ өмір сырын,
Шақырған сайыстарға брін-бірі
Тыңдайық тамашалап көрермендер,
Көрсетеді сайыскерлер өз өнерін.
« Өнерлі өрге жүзеді» демекші,
Өнер сайысына кезек береміз.
Қорытындылау
Ұстаздарымыз
Күлімдеген көзі қандай
Мәпелеген, білім берген,
Сүп- сүйкімді шәкірттері қандай
Тілек айтып балаларға
Нүкте қойсын сайыстарға.