Презентация "Мария Монтессоридің педагогикалық жүйесі және оның маңызы"

Подписи к слайдам:
МАРИЯ Монтессоридің педагогикалық жүйесі және оның маңызы Жоспар: І. Кіріспе М.Монтессоридің педагогика- лық жүйесі ІІ. Негізгі бөлім 1. Монтессори технологиясын қолданудың әдіс – тәсілдері 2. Монтессори методикасы 3.Монтессори шеңбері ІІІ.Қорытынды Оның маңызы Монтессори - педагогиканың негізгі ұстанымдарының бірі. Баланың еркіндігі мен өзіндік ойлау дағдысының дамуына қысым көрсетпеу  керек, яғни балаға бостандық беру.
  • Монтессори - педагогиканың негізгі ұстанымдарының бірі. Баланың еркіндігі мен өзіндік ойлау дағдысының дамуына қысым көрсетпеу  керек, яғни балаға бостандық беру.
М. Монтессори жүйесін негізінде 3 басты қағида құрайды: 1. Әр баланың жеке ерекшеліктерін ескерту; 2. Даму еркіндігімен қамтамасыз ету; 3. Баланың әрі қарайғы интеллектуалды дамуының негізі ретінде сенсорлық және дене тәрбиесінің мүмкіндіктерін кеңінен қолдану
  • М. Монтессори жүйесін негізінде 3 басты қағида құрайды: 1. Әр баланың жеке ерекшеліктерін ескерту; 2. Даму еркіндігімен қамтамасыз ету; 3. Баланың әрі қарайғы интеллектуалды дамуының негізі ретінде сенсорлық және дене тәрбиесінің мүмкіндіктерін кеңінен қолдану
2. Монтессори методикасы
  • 2. Монтессори методикасы
  • Монтессори әдісінің мақсаты:
  • - Балаларды еркін тәрбиелеп,өмірге бейімдеу.
  • - Өмірде өз мақсаты бар екенін қалыптастыру.
  • - Балалардың өзінің үйреніп,өзін дамытуына жаңа мүмкіндіктер беру
Монтессори педагогтың міндеті:
  • Монтессори педагогтың міндеті:
  • - Балаға өз жұмысын басқаруға көмектесу.
  • - Негізгі түстерді айыра білуге үйрету.
  • - Ұсақ моториканы дамыту.
  • - Алғашқы математикалық, ғарыштық түсініктерді қалыптастыру.
  • - Зейінін тұрақтандыру.
  • - Тәртіпке үйрету.
Монтессори 5 аймақтан тұрады: Монтессори 5 аймақтан тұрады: 1. Күнделікті өмір жаттығулар аймағы 2. Сенсорика аймағы 3. Математика аймағы 4. Тіл аймағы 5. Ғарыш аймағы 1. Күнделікті өмір жаттығулар аймағы:
  • 1. Күнделікті өмір жаттығулар аймағы:
  • Күнделікті өмір жаттығулар аймағы кішкентай балалар үшін ерекше маңызды. КӨЖ аймағында бала өзіне және өз заттарына қарауға көмектесетін материалдар орналасқан. Материалдар бала өзі істейтін ісінің мақсатын айқын түсінген жағдайда таңдап алынады. Бала өзі киінуге (түйме, кнопка, сыдырма, жіпшелер, түйрегіштер, баулар, банттар, ілмектер сияқты заттар салынған рамкаларды пайдалана отырып) үйренеді. Ұқыпты бір нәрсені құюға, төгуге, ыдыс жууға, айна сүртуге, киім – кешек жууға, шын үтікпен оны үтіктеуге, салаттар жасауға, көкөністер тазалауға, кесуге, майдалауға, жаңғақ ашуға, аяқ киім тазалауға, бір жерден екінші жерге тасымалдауға өзіне – өзі қызмет етуге үйретеді.
2.Сенсорика аймағы: Бұл аймақта бала қоршаған ортаны зерттеуде өзінің сезімдерін қолдана білуге үйренеді – осындағы материалдар арқылы өзінің көру сезімін (Түрлі түсті кестелер, көлемі мен пішінін ажыратуға арналған материалдар т.б). Сипап сезу сезімін (сипау үшін тақтайшалар,маталардың қиындыларының жиынтығы т.б). Иіс сезу (иістері бар жәшікшелер). Дәм сезу (дәм сезу банкашалары т.б). Есту сезіміне (шуылдайтын қорапшалар, музыкалық аспаптар т.б) жетілдіреді, сол сияқты температураны ажырату, заттардың салмағының айырмашылығын білу және есте сақтау қабілеттерін жаттықтырады. 3.Математика аймағы:
  • 3.Математика аймағы:
  • Сенсорлық материалмен жұмыс істеп, логикалық ойлауды үйренген соң бала еш қиындықсыз өзіне таныс ұғымдарды математикалық терминдерге айналдыра бастайды. Оның үстіне математиканы үйрену табиғи жүріп отырады: себебі бала жай ғана математикамен ұласатын дайындалған ортада өмір сүреді. Математикалық дамыту аймағы бала санауды, қосу мен азайтуды, көбейту мен бөлуді, түбірге алу, мағыналы сандармен жұмыс істеу үшін барлық керекті материалдардан тұрады.
4. Тіл аймағы:
  • 4. Тіл аймағы:
  • Балаға тілді алып жүруші ретінде тілді дамытуға арналған (онсыз толыққанды интеллектуалды  өсу мүмкін емес болғандықтан) тиісті материалдар қажет. Берілген аймақта  жазуға моторлық (қимылдық) дайындық, фонетикалық естудің дамуы, жазу мен оқуға үйрету, т.б қарастырылады. Бұл жерде бала өзінің қорын кеңейтуге, әріптермен танысуға, саусағымен қиынырақ әріптерді салуға, манна жармасына сурет салуға, сондай – ақ жылжымалы алфавит арқылы сөздерді қоюға үйрене ді.
5.Ғарыш аймағы:
  • 5.Ғарыш аймағы:
  • Жұмыс баланы қоршаған ортамен байланыстырады. Ғарыш аймағында балалар жер бедері, жер шары, әлем бойынша елдерді, олардың мәдениеті мен дәстүрін, өлі және тірі табиғатты, табиғат құбылыстарын, жануарлар мен өсімдіктерді, биологиялық, географиялық, физикалық, химиялық түсініктерін толық алады. Бұл аймақта балалар тереңдетіле түсінік алады.
  • Балалар жұмыс істегісі келетін аймақ пен нақты Монтессори – материалды өзі таңдайды. Ол жалғыз өзі немесе басқа баламен жұмыс істегісі келе ме, оны да өзі таңдайды. Бала өзінің қарқынында жұмыс істейді. Монтессори баланың шынайы заттармен айналысуын «жұмыс» деп атайды, ал біз «ойын» деп санағанға үйреніп қалғанбыз.
Монтессори  сатылары: Монтессори әдісінде үш сатылы оқыту түсінігі бар. Балалардың жаңа білім алып, сөздік қорын толтыру үшін осы әдіс сабақта қолданылады. I-cаты – білім алу сатысы. Бұл  жерде балаға жаңадан білім беріледі. Тәрбиеші балаға белгілі бір заттың түсі, қасиеті туралы түсініктер береді. II-cаты – практикалық білім алу сатысы. Бұл кезде бала іс жүзінде білім алады. Тәжірибе арқылы  I-сатыда алған білімдерін пысықтайды. III-cаты –  тексеру сатысы. Бұл сатыда жаңа сөздер белcенді емес сөздік қордан белсенді сөздік қорға айналады. Ескеретін бір нәрсе, тәрбиеші баланың біліміне сенімсіз болса, онда бұл сынақтар жүргізілмейді  Монтессори тобындағы шеңбер
  •  Монтессори тобындағы шеңбер
  • Монтессори педагогикасының ең бір қажетті бөлшегінің бірі –шеңбер болып табылады.   3 жастан 6жасқа дейінгі топтағы шеңбер барысында балалар көптеген  жаңа ұғымдармен танысады.
Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына топта да, жеке де жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады.
  • Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына топта да, жеке де жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады.