Модельдер түсінігі және түрлері. Модельдеу кезеңдері

Пән мұғалімі: Үсенова Гүлфайруз Бейсенбекқызы
Сынып
9
Пән
Информатика
Сағат
1
Тақырып
Модельдер түсінігі және түрлері .Модельдеу кезеңдері
Мақсаты
1. Оқушыларды «модель» ұғымымен таныстыру, модельдеудің
қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру, модель түрлерімен, модельдеу
кезеңдерімен таныстыру.
2. Статистикалық және динамикалық, ақпараттық, компьютерлік және
компьютерлік емес модельдер жөнінде түсінік беру.
Тәрбиелік
Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық
Оқушыларға модельдер және модельдеу туралы түсінік бере отырып ой –
өрістерін, білім – білік дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекілік
ДК, слайд, жұмыс дәптері.
Әдіс-тәсіл:
Компьютерде практикалық жұмыс.
І. Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
2.Өткен материалды қайталау
3.Жаңа сабақты түсіндіру
4.Сабақты бекіту
5.Үйге тапсырма
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен материалды қайталау сұрақтары
Символдық шама деген не?
Символдық шамалар қандай қызметші сөзбен белгіленеді?
Символдық шамаларға қолданылатын қандай стандартты функцияларды білесіңдер?
Жолдық шамалар қандай қызметші сөзбен белгіленеді?
Жолдық шаманың ұзындығы деген не?
Жолдық шамаларға қолданылатын амалдар қандай?
ІІІ.Жаңа сабақ:
Модель дегеніміз – нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықщам әрі шағын түрде
бейнелеп көрсету.
Модельдеу объектілерді, процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың
(макетін) құру.
Әрбір адамның күнделікті іс - әрекетінде белгілі бір мәселені шешу немесе кез келген жұмыс
орындалмас бұрын оның санасында алдын ала оның орындалу моделі жасалады. Мысалы, жолдан
өту немесе дүкенге бару, сабақ оқу т.б. әрекеттерді орындау алдында өз ойымызша жолдан
қалай өту, қандай жолмен бару, қай сабақтан бастап дайындалу сияқты іс - әрекеттер
тізбегінің моделі жасалады.
Модель – көрнекті түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалуы мүмкін. Мұндай модель
барлық уақыттта біздің ойымызда бейнеленетін прототип болғанға дейін жасалады.
Бір объект (процесс, құбылыс) үшін әр түрлі жасалуы мүмкін. Модельдің жасалуы зерттеу
мақсатына және прототип жөнінде жинақталған мәліметтердің көлеміне тәуелді болады.
Мысалы, жуық арада басқа қалаға қыдырып баратын болдық делік. Ол қала туралы өзіміз
білетін мәліметтерді жинақтап, ойымызды қорытып, қиялымызда сол қаланың моделін жасай
бастаймыз.Мұндағы мақсатымыз – басқа қаламен танысу. Қаланы аралап келгеннен соң, толық
мәлімет алғандықтан, ойымыздағы модель өзгеруі мүмкін. Ал сол қаланың сәулетші жасаған
моделі мүлде өзгеше болады. Өйткені, оның мақсаты – үйлер мен ғимараттардың үйлесімді
орналасуы, құрылысы және оларды көркейтіп қайта жаңарту болып табылады.
Модель түрлері
Модельдерді қасиеттеріне қарай мынандай топтарға жіктейді:
Қолданылу аймағы
Модельде уақыт факторын ескеру
Білім саласына қарай топтау
Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау
Оқыту модельдері Зертханалық модельдер
Ғылыми-техникалық Еліктеу модельдері
Ойын модельдері
Қолданылу аймағы
бойынша жіктелуі
Оқыту модельдері - көрнекті оқу құралы, әр түрлі машықтандыруды, үйретуші
программалар түрінде болуы мүмкін.
Зертханалық модельдер жобалау объектісінің кішірейтілген немесе өте майда
оюъектілер үшін олардың үлкейтілген көшірмесі болып табылады. Бұл модельдер – объектіні
зерттеу, қасиеттерін болжау, зерттеу мақсатында қолданылады.
Ғылыми - техникалық модельдер процестер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында
құрылады.
Ойын моделдеріне - әскери, экономикалық, спорттық ойындар жатады.
Еліктеу модельдері шын мәніндегі нақты объектін өте жоғары дәлдікпен бейнелей алады.
Модельді уақыт факторына байланысты динамикалық және статистикалық деп екі
топқа жіктеуге болады.
Статистикалық модель деп объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт
бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады. Мысалы тіс емханасында дәл сол уақыт мезетіндегі
оқушылардың тістерінің жағдайы туралы мәлімет береді:бастауыш сыныптағылардың сүт
тісі, орта және жоғарғы буындағы оқушылардың емделген, емделуге тиісті тістерінің саны т.б.
Динамикалық модель уақыт барысындағы объектінің қасиеттерін өзгерісін көрсету
мүмкіндігін береді. Мысалы, жеке оқушының емханадағы түбіртек кітапшасын динамикалық
модель деп айтуға болады. Өйткені осы кітапша бойынша жыл сайын олардың денсаулығындағы
болып жатқан өзгерістерді анықтау мүмкіндігі бар.
Үй салу кезінде оның іргетасының қабырғалары мен тіреулерінің үнемі түсіп тұратын
күшке шыдамдылығын тексеру керек. Бұл үйдің статистикалық моделі. Сондай – ақ дауылға,
жер сілкінісіне т.б. уақыт факторларына байланысты болатын өзгерістерді де ескеру қажет.
Бұл мәселелерді динамикалық модельге сүйене отырып анықтауға болады.
Модельдерді көрсетілу әдісіне қарай топтау
Материалдық (заттық) модель Ақпараттық модель
Вербальдық Таңбалық
Материалдық модельді басқа сөзбен заттық немесе физикалық деп айтуға да болады.
Олар түпнұсқаның геометриялық және физикалық қасиеттерін көрсетеді. Материалдық
модельдердің қарапайым мысалдарына балалар ойыншықтарын алуға болады.
Ақпараттық модельді қолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз. Себебі, олар тек
ақпараттарға ғана құрылады. Мұндай модельдер қоршаған ортаны ақпараттық жағынан