Технологическая карта урока "Үш бәйтерек" 10 класс

Ақмола облысы, Щучинск қаласындағы «Туризм және сервис индустриясы
колледжі» КММ –ң қазақ тілі мен әдебиет пәнінің
оқытушысы: Игубаева Рахима Апсановна
ТҰ-11тобы
Күні: 11.09.2018
Ашық сабақтың тақырыбы:
Үш бәйтерек
Мақсаты:
Ұлағатты адамдардың өмірімен, шығармашылық жолымен
таныстыру, ауызша сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Күтілетін нәтижелер:
А. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсінеді, сұрақтар құрастыра
алады.
В. Сұрақтарға жауап бере алады, хронологиялық кесте құрып,
талдай алады.
С. Мәтін бойынша түсінгенін өз сөздерімен айтып бере алады.
Керекті жабдықтар:
І. Жансүгіров, С.Сейфуллин, Б. Майлиннің портреті, ақын
жазушылардың шығармалар жинағы (кітапханада), техникалық
құралдар (компьютер, ұялы телефон), түсті маркерлер, стикер,
постер, бағалау фишкалары, рефлексия парағы.
Сабақ барысы:
Сабақ
кезеңдері
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе
1. Ұйымдастыру. Амандасу.
Тренинг «Саңырау телефон» -
шеңберге тұрып, бір оқушының
құлағына сөз айтамын, ол оқушы
әрі қарай бұл сөзді басқаларына
жеткізеді.
2. Топқа бөлу(үш бәйтеректің
суретін таңдау арқылы)
1.Тренинг арқылы тілдерін жаттықтырады, бір –
біріне сыйластықпен қарап, сабаққа кіріседі.
2.Оқушылар қиық қағаздарды таңдап,Бейімбет,
Сәкен, Ілияс ауылы болып топқа бөлінеді.
Түсіндіру
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Қазақ халқы «Үш бәйтерек»
деп атап кеткен Ілияс
Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин,
Бейімбет Майлин қазақ
әдебиетіне айтулы ақын,
қаламгер, дарынды драматург
ретінде үлкен үлес қосты.
Олардың қаламынан
Қазақстанның дарқан даласы,
өндіріс орындары мен еңбек
адамдарының іс — әрекеттері,
өмірге деген құштарлықтары,
болашаққа үміт – сенімдері
кеңінен көрінеді.
«Үш бәйтерек» ұлттық сөз
өнерін азаматтық бейне,
беделімен де, қайраткер,
қаламгерлігімен де биік белеске
көтерді. Ұлт руханиятын даңқты
туындыларымен, тақырып
1. Оқушылармен бірге сабақтың мақсатын
анықтау
2. Әр тапсырмаға бағалау критерийлерін құру
3. Әр жұмысты талдап, бір – біріне бағалау
фишкаларын ұсыну
4. Әр топ бір – біріне сұрақтар қойып, жауап алу,
5. Әр жауапқа толық талдау жасау арқылы
өздерінің білім деңгейлерін көрсетеді.
байлығымен, жанрлық
қырларымен, көркемдік әлемімен
байытты.Әдебиеттің «Үш
бәйтерегі» өмірдегі өрнекті
өнегелерімен халық жүрегінде
жол тапты. (І.Жансүгіров,
С.Сейфуллин, Б.Майлиннің өмірі
мен шығармашылығы туралы
мәліметтермен слайд арқылы
таныстыру — компьютерден)
Негізгі
бөлім
«Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі.
1. Берілген ресурс бойынша
жұмыс жүргізу.(берілген жұмыс
түрлерін оқушылар белгілі уақыт
ішінде өзара бөліп алып
орындайды)
2. Ресурс бойынша постер жасау,
қорғау.
«Пилот және навигатор» әдісі
1. Мәтінімен танысу;
2. Хронологиялық кесте құру;
3. - Сұрақтар құру;
4. - Мәтін бойынша қысқаша әңгімелеу.
5. Екі тілек, бір ұсыныс әдісі бойынша
бағалау.
Қорытынды
1. Сұрақ- жауап арқылы жауап
беру.
1. Сәкен Сейфуллиннің шын
аты?
2. Сәкеннің өмір сүрген
жылдары?
3. Бейімбет Майлиннің шын аты?
4. Бейімбетті кім тәрбиеледі?
5. Ілияс Жансүгіровтың туған
жері
6 Ілияс Жансүгіровтың қай
поэмасында Ақан сері өмірі
бейнеленген?
7. Сәкеннің туған жері?
8. Бейімбет Майлиннің туған
жері.
9. Қазақтың үш бәйтерегін ата
10. Оларды неге үш бәйтерек деп
атаған?
2.Мұғалімнің қорытынды сөзі:
3. Рефлексия парағын толтыру.
4.Фишкалары бойынша бағалау.
5.Үйге тапсырма.
1. Әр дұрыс жауапқа фишка алып отырады.
(Садуақас)
(1894-1938)
(Бимағамбет)
(шешесі)
(Алматы облысы, Ақсу ауданы)
(әкесінің)
(Құлагер)
(Ақмола облысы)
(Қостанай уезі)
(1936)
(Сәкен, Ілияс, Бейімбет).
3.Рефлексия парағы (нені білемін? Нені білгім
келеді? Нені білдім?)
4.Әр оқушы фишкаларын санап, бағаларын алады.
5. Мәтінді мазмұндау
Сәкен Сейфуллин 1894 жылы бұрынғы Ақмола облысы Ақмола уезі, Нілді болысының
Бірінші ауылында (қазіргі Қарағанды облысы, Ақадыр ауданы) туған. Әкесі Сейфолла
домбырашы, шешен әрі саятшы болған. Анасы Жамал ертелі – кеш Сәкенге аңыз-әңгіме,
ертегілер айтып берген.Табиғаттан дарынды жаратылған мөлдір қара көз, толқынды шашты,
қырмұрын, қайратты ұлдарын Сейфолла мен Жамал азан айтып қойған Садуақас деген есімнің
орнына, еркелетіп Сәкен атап кеткен. Әке – шешесінің ықпалымен жас Сәкен нәрсені біліп,
болашаққа үмітін арттыра түсті. Ауыл молдасынан тілін сындырып, арабша хат танып, қисса –
хиқаяны өзі оқи алатын деңгейге жеткен Сәкенді «орысша тіл үйрен, орысша оқу үйрен», —
деп, тоғыз жасында Нілді заводына жіберді. Сәкеннің жан – жақты білім алуы, азаматтық —
әлеуметтік көзқарастырының қалыптасуы, шығарамашылық қадамының басталуы оның 1908
1913 жылдары Ақмоладағы Приходская школада, қалалық училищеде, 1913 – 1916 жылдары
Омбы мұғалімдер семинариясында оқыған жылдарымен тығыз байланысты. Сарыарқаның
сайын даласы, Есіл, Нұра өзендері мен Оба, Ор тауларының әсем көріністері Сәкен
шығармашылығының дамуына әсер етті. Өсе келе қоғам қайраткері, ақын қаламгер ретінде
жұртшылық жүрегіне жол тапты. Қазақ әдебиетінің барлық жанрында қалам тартты. Халық
өмірін, еңбегін, адамның өміріндегі орнын кеңінен суреттей білді. С. Сефуллиннің «Өткен
күндер» атты алғашқы өлеңдер жинағы халық өмірі мен тұрмысын кең көлемде жырлады.
1916 жыл оқиғасы, революция шындықтары, өмір — тұрмыс сырлары «Тар жол, тайғақ кешу»
романында суреттелген. Оның «Асау тұлпар», «Домбыра», «Экспресс» атты өлеңдер жинағы
және т.б. шығармалары халық жүрегінен үлкен орын алды. Сазгер ретінде Сәкен Сефуллин
қазақтың жаңа музыкасының дамуына өзінің тамаша әндерімен үлес қосты. 1936 жылы қазақ
әдебиетінің көзі тірі классигі С.Сейфуллиннің әдеби қызметінің 20 жылдығы тойланып,
әлеуметтік ерекше қызметі ескеріліп, оған Еңбек Қызыл Ту ордені берілді. Сталиннің жеке
басынатабыну кеселінен жазықсыз жалаға – репрессияға ұшыраған Сәкен Сейфуллин 1938
жылы 25 ақпанда мерт болды. Әкесі Сейфолла да репрессияға ұшырады.
Екінші бәйтерегіміз – Ілияс Жансүгіров Алматы облысы, Ақсу ауданында туған. Ілияс
анасынан ерте айырылып, әкесі Жансүгірдің үлгі — өнегесін көп көрген. Ескіше хат таныған.
Аңыз — әңгіме, шежіре сырларын естіп өскен. Жетісудың бай табиғаты, ақындық, батырлық
дәстүрлері Ілиястың өмірге, ізгелікке, сұлулыққа құштар болып өсуіне көп ықпал етті. Ілияс
Жансүгіров Алматы, Ташкент қалаларындағы ағарту ісіне қатысты курстарда оқыды.
Фольклорлық экспедицияға шығып, баспасөзге араласты. «Сағанақ» атты алғашқы кітабы
1928 жылы жарық көрді. Ілиястың ақындығы «Тілші», «Кедей еркі», «Арман», «Әншіге» деген
шағын өлеңдерінен басталып, «Дала», «Күй», «Күйші», «Құлагер» атты көлемді
поэмаларымен жалғасын тапты. Ақын «Дала» поэмасында – Алтай мен Атырау, Алатау мен
Еділ, Сібір мен Самарқанд, Шу мен Сыр секілді кең байтақ өлкені мекен еткен қазақ
халқының өмір – тұрмысын, дәстүр — өнегелерін шабытпен суреттейді. Ал, «Күй» және
«Күйші» поэмаларында тарих пен тағдыр ісі, қазақ халқының бастан кешкен оқиғалары
тартымды жырланады. 1928 жылы журналистика институтын бітіріп, елге оралған Ілияс
Жансүгіров «Еңбекші қазақ» газеті редакциясында қызмет істеп, қазақ баспа
сөзінқалыптасуына көп үлес қосты. 1934 – 1935 жылдарда Қазақстан көркем әдебиет
баспасында поэзия бөлімін басқарады. Жазушының Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин,
Мұхтар Әуезовпен достығы оның қаламгерлік жолында терең із қалдырған. Көзі тірісінде
қазақ поэзиясының өрен жүйрігі, ақындықтын Құлагері атанған Ілияс Жансүгіров кесепат –
кесел репрессияға ұшырап, 1938 жылы опат болды.
Бимағамбет Жармағамбетұлы Майлин 1894 жылы Қостанай уезі, Дамбар болысы, Әйет
өзені бойындағы Ақтөбе деген жерде туған. Жасынан әкесінен айрылып, анасының
тәрбиесінде болған.Бай есігінде жүріп, бейнет пен жоқшылықты көп көрген.Ауыл молдасынан
хат танып, Троицкідегі «Уәзифа», Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқыған. Татар, башқұрт
ақын – жазушыларымен достық байланыста болып, алғашқы өлең, әңгіме, очерктерін жазды.
Бейімбеттің шығармалары – қазақ өмірін, кедей тұрмысы мен тіршілігін, ауыл адамдарының
еңбек әрекеттерін бейнелейді. Ақынның «Байдың қызы», «Рәзия қыз», «Қашқан келіншек»,
«Маржан» атты өлеңдері әйел теңдігін, жер бөлісін, адам әлемін суреттейді. Бейімбет
Майлиннің әдеби мұрасын бай мазмұнымен, көркем де шеберлік сипаттарымен ерекше орын
алады. Бейімбет еңбектері жаңа өміріміздің шежіресі еді, биік белесіне енді шыға бергенде
үзіліп кетті.
Қазақ әдебиетінің тарихына үш бәйтерек болып енген – Сәкен Сейфуллин, Ілияс
Жансүгіров, Бейімбет Майлин бір жылда өмірге келіп, шығармашылықтарын қатар бастап,
дүниеден де бір мезгілде өтті. Қазақ зиялылары, ұлттық әдебиеттің үш бәйтерегі аталған ақын-
жазушылары кеңес үкіметі тұсында «Алашордашыл ұлтшылдар» атанды. 20 ғасырдың
отызыншы жылдар ойранында жазықсыз, жолсыз жазаға кез келді. Қуғын сүргінге ұшырап,
атылды. Қазақ әдебиетіндегі үш бәйтерек — Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет
Майлин өмірлері қысқа, тағдырлары ауыр болғанымен шығармашылық ғұмыр баяндары
ғибратты да мәнді болып табылады.