Конспект урока "Ми. Мидың бөлімдері" 6 класс скачать


Конспект урока "Ми. Мидың бөлімдері" 6 класс

Сабақтың тақырыбы: Ми.Мидың бөлімдері.
Сабақтың мақсаты:Мидың құрылысы,ми бөлімдері,қызметі туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеті:білімділік:мидың құрылысы,ми бөлімдері,қызметі туралы түсінік беру,білімді
қалыптастыру.
дамытушылық:есте сақтау,ойлау,жаттау,баяндау,көпшілік алдында еркін сөйлеу қабілеттерін
дамыту;
тәрбиелік:организмнің күрделі шартсыз рефлекстік әрекетін реттеуші ми бөлімдері болғандықтан
денсаулықы күтуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:плакат,мидың нақпішіні,слайтдар.
Сабақтың түрі:аралас.
Сабақтың әдісі:әңгімелеу,сұрақ-жауап,өзіндік жұмыс,салыстыру.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.Сыныпты сабаққа дайындау,оқу құралдарын,қатынасты тексеру.
ІІ.Ұй жұмысын сұрау.
«Қім тапқыр»
1.Жүйке жүйесі қандай бөлімдерге бөлінеді?
2.Жұлын дененің қай жерінде орналасады?
3.Жұлынның сұр заты неден тұрады?
4.Жұлынның өткізгіштік қызметі қандай?
5.Жұлын жүйкесі аралас дегенді қалай түсінесіңдер?
6.Жұлынның ақ заты неден құралған?Ол жұлынның қай жағанда орналасқан?
7.Жұлынның рефлекстік қызметін атаңдар.
8.Жұлынның сұр затында неше түбір болады?
9.Жұлыннан неше жұп жүйкелер таралады?
10.Жұлынның жүйке орталығы дегеніміз не?
11.Жұлын қанша түрлі қызмет атқарады?
12.Менингит ауруы және оның белгілерін атаң.
Биологиялық диктант
1.Егер рефлекстік доғаның бір бөлігі зақымданса.............жойылады.
2.Рефлекстік доға.............басталады.
3.Жүйке жүйесі мүшелердің..........реттейді.
4.Нейронның денесіне қозу...........арқылы келеді.
«Тапқыр болсаң тауып көр!»
ІІ.Жаңа тақырып
Үлкен ми
сыңарлары
Сопақша ми
Аралық ми
Ми бөлімдері
Артқы ми
Ортаңғы ми
1 Үлкен ми сыңарлары
2 Аралық ми
3 Ортаңғы ми
4 Ми көпірі
5 Сопақша ми
6 - Мишық
Ми бассүйектің ми сауытының ішінде жатады.Мидың орташа салмағы орташа 1300-1400г.
Жұлындағыдай мида ақ зат пен сұр заттан құралған.Жұлыннан айырмашылығы-мидың ақ
заты ішкі жағында,сұр заты сыртында болады.Мидың ішінде ми сұйықтығы толған қуыстар
бар.Оларды ми қарыншалары дейді,себебі ішінде мөлдір әрі тұтқыр сұйықтық болады.
Ми бөлімдері:1)сопақша ми;2)мишық (артқы ми);3)ортаңғы ми;4)аралық ми;5)алдыңғы ми
сыңарлары.
1.Сопақша ми-жұлынның жоғарғы шетінің жалғасы.Жұлындағы сияқты,сопақша мидың ақ заты
сыртында,сұр заты іш жағында орналасады.Сопақша мидың ұзындығы 2,5-3см.Сопақша мида бір ми
қарыншасы орналасқан.Онда ему,жұту,жөтелу,түшкіру,көзді жыпылықтату рефлекстерінің орталығы
бар.Сұр затында тынысалу,қан тамырларын, асқорытуды реттейтін орталықтар орналасқан.
2.Артқы миға-мишық пен ми көпірі жатады.Ми көпірі ортаңғы ми мен сопақша мидың аралығында
орналасқан.Сопақша ми мен ортаңғы миды байланыстырып тұратындықтан,оны ми көпірі
дейді.Мишық-сопақша ми мен ми көпірінің артқы жағында жатады.Мишық қаңқа бұлшықеттерінің
үйлесімді жиырылуын реттейді.Әсіресе мойын,тұлға,аяқ-қол бұлшықеттерінің қозғалысын,дененің
қол-аяғы тез шаршайды,қозғалысы,тепе-теңдігі,сөзі бұзылады.
Ортаңғы ми-артқы ми мен аралық мидың арасында орналасқан.Ол алдыңғы ми мен артқы
миды бірімен-бірін жалғастырып тұрады.Теріде пигменттің бояутектің түзілуін реттейді.Кенеттен
шыққан дыбыс,жарық тітіркенгіштерін тез бағдарлауды реттейді.Ми бөлімдерінің мишықтан
басқалары ми бағанасын құрайды.Одан 12жұп бассүйек-ми жүйкелері таралады.Бұл жүйкелер көру
(ІІ жұп), есту (VІІІжұп),көзді қорғаушы (ІІІ жұп), кезеген (X).
4.Аралық ми-ортаңғы мидың алдыңғы жағында жатады.Көру,дәм сезу,есту және т.б.рецепторлардан
келетін қозу аралық ми арқылы алдыңғы мидың үлкен ми сыңарларының қыртысына өтеді.Аралық
ми зат алмасу,жүрек-қантамырлары жүйесі,ішкі секреция бездері,зәршығару,ұйқы жұмысын
реттейді.Ағзаның ішкі ортасы,дене температурасы,тынысалу,қан қысымының тұрақты болуы аралық
миға байланысты.Ми мен жұлын жұмсақ қабығының қабынуынан көбінесе сәбилер немесе балалар
менингит-делбе деп аталатын жұқпалы ауруға шалдығуы мүмкін.Аурудың жалпы белгілері:бас
ауырады,құсады,есінен айырылады және т.б.
Жаңа туған баланың миының салмағы 100г болса,бір жаста екі есе үлкейіп,алты жаста 1кг-нан
асады.Ал, 20-30 жаста қалыптасып,60 жастан кейін кішірею байқалады.Кейбір жануарларда ми
салмағы адам миынан ауыр келеді.Мысалы китте-7000г,дельфинде-5200г,пілде-4000г.
Адамның ақыл-ойы,дарындылық қабілетін ми салмағымен байланыстыруға болмайды.
Мидың қызметі сұр заттың жалпы көлеміне,онда жатқан 18млрд ми нейрондарының
қабілетіне байланысты келеді.Бала мен ересектерде нейрон саны өзгермейді.Жүйке талшықтарының
өсуі мен өсінділерінің пішіні өзгере береді.Мысалы:атақты жазушы С.Тургеновтың ми салмағы
2012г болса,жазушы Франстың ми салмағы 1012г,дәрігер,психиатор Бехторовтың-1720г,атақты
физиолог И.П.Павловтың-1653г,атақты химик И.Д.Менделеевтің-1571г болған
ІV.Сабақты бекіту.
Үлкен ми
сыңарлары
Аралық ми
Ми көпіршесі
Ортаңғы ми
Мишық
Сопақша ми
Терминологиялық қобдиша.
Көпір –сопақша миды барлық ми бөліктерімен жалғастырушы орталық .
Мишық екі сыңарлы иірім мен жүлгелерден тұратын шүйде бөлігі .
Семантикалық карта.
Ми бөлімдері
Қызметі
Үлкен ми сыңарлары
Адамның барлық іс-әрекеттері қозғалу,есту,көру,сезу,
сөйлеу жүзеге асады.
Аралық ми
Ортаңғы ми
Сопақша ми
Артқы ми (мишық)
«Ойлан тап»
«Зерделі бала бәрін біледі»
Операция жасап,мидың белгілі бір бөлігін алып тастағаннан кейін ит атын атап
шақырғанда,тамақтың иісіне жауап бере алмады.Иттің миының қай бөлігі алынып тасталған?
Емханада жол апатынан бір адам жатыр,ол жүргенде теңселіп жүреді,дұрыс сөйлей де
алмайды.Емделушінің миының қай бөлімі зақымдалған?
Сергіту сәті.
Сырты орман
Алды жазық құрлықты,
Араласаң
Табасың жеті құдықты
(Бас)
Көрмеген ешкім,
Дәмін татып.
Қара орман асты,
Ұйыған қатық.
(Ми)
V.Қорытындылау.
VІ.Бағалау.
Берілген парақшаларға тапсырмаларды орындалуын белгілеп отырады,солар арқылы бағалау.
VІІ.Үйге тапсырма беру.
§15.Ми және жұлын аурулары туралы хабарлама дайындап келу.