Зертханалық жұмыс 6 сынып

Зертханалық жұмыс №1
Тақырыбы: Споралы және тұқымды (ашықтұқымды және жабықтұқымды) өсімдіктер: көкек
зығыры, қырықжапырақ, кәдімгі қарағай, жұмыршақ, қызанақ. Қылқан жапырақты өсімдіктердің
(мысалы, қарағай) қылқаны және бүрінің құрылысымен танысу.
Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: қарағай немесе шыршаның көктемде жиналып алынған аналық және аталық
бүрлері мен қарағай бұтағы.
Жұмыс барысы:
1.Жас бүрдің сыртқы көрінісін анықтап қарап, суретін дәптерге салыңдар. Оның реңіне,
мөлшеріне, бірінен-бірінің ерекшелігіне назар аударыңдар. Бүрдің аналық немесе аталық бүр
екенін анықтау мүмкіндігін қарастырыңдар.
2. Әбден қалыптасқан бүр қабыршақтарының біреуін жеке бөліп алып, тұқымның орналасуына
және сыртқы құрылысына назар аударыңдар.
3. Қарағай бұтағына абайлап қарап, онда қылқандарының нешеден және қалай орналасқанымен
танысыңдар.
4. Қылқанның бұтақта орналасуын, реңін келтіріп, дәптере суретін салыңдар. Оқулықтағы
суретпен салыстырыңдар.
5. Қылқанның ұзындығын өлшеңдер, пішініне зер салыңдар.
Қорытынды:
Зертханалық жұмыс №2
Тақырыбы: Ұлғайтқыш құралдармен және зертханалық құрал-саймандармен танысу.
Мақсаты:
Құрал-жабдықтар: микроскоп, қол және тұтқалы әйнектер (лупа), аршылған пияз, тамызғы
(пипетка), сапты ине, қысқыш (пинцет) зат және жабын шынылар, өткір ұстара, су.
Қауіпсіздік ережесі:
1.Микроскоппен отырып қана жұмыс істеу керек. Оны үстелдің шетіне (5-8 см қашықтықта)
орнықты етіп қояды. Жұмыс істеп болғанша микроскопты орнынан қозғамайды.
2. Қарайтын заттың дайын препаратын микроскоптың зат үстелшесі ортасындағы тесікке дәл
келтіріп орналастырады.
3. Қозғалмалы айна арқылы заттық үстелшедегі препаратқа жарық түсірілуі тиіс (жарықтың
түскен-түспегенін окулярға қарап бақылайды).
4. Бұрандамен зат анық көрінгенше көру түтігін ептеп қана жоғары немесе төмен қозғайды.
Объективпен көретін заттың арақашықтығы мөлшермен 1 см-дей болғанда, зат анық көріне
бастайды.
5. Жұмыс істеп болған соң микроскопты қабына салу қажет.
6. Микроскопты түрлі химиялық реактивтермен қатар қоюға болмайды, бөлек таза шкафта
сақталады.
Жұмыс барысы:
1.Штативті (тұтқалы) ұлғайтқыш қол әйнек пен микроскоптың құрылысын салыстырып қарау.
2. Микроскоптың бөліктеріің орналасуымен танысып қалай аталатынын білу.
3. Микроскопқа керекті құрал-жабдықтармен танысып, қалай пайдалану керектігіне зер салу.
4. Препарат дайындауды және оны микроскоппен қарауды үйрену (жаттығу).
Қорытынды: