Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дарынды

БЕКІТЕМІН:
«Зырян қаласының №9 орта мектебі»КММ
директоры:----------------------Тогузова А.З.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дарынды
оқушылармен жүргізілетін жұмыс
БАҒДАРЛАМАСЫ, ЖОСПАРЫ.
Дайындаған: Саньязова Б.Қ.
Зырян, 2015-2016 оқу жылы.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дарынды оқушылармен жұмыс
БАҒДАРЛАМАСЫ.
Түсінік хат.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен оқушылардың қабілеттерін жетілдіріп,
дарындылыққа дейін жеткізу мұғалімнен тыңғылықты дайындықты қажет
етеді. «Балалардың бойында ұлы мүмкіншіліктердің бәрі бар» деп Т.Фуллер
айтқандай, бала бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы
танымдық қасиеттерін зерттеу бүгінгі заманның талабы. Мектеп, соның
ішінде оның мұғалімі, ең алдымен, қоғамның әлеуметтік тапсырымын, өзі
өмір сүріп отырған ортаның негізгі мақсаттарын жүзеге асыру айналасында
жұмыс істеуі керек. Әлемдік білім кеңістігіне ену, өзіндік орнымызды
анықтау мұғалімдер қауымының алдына зор міндет жүктеп отыр. Соның
бірі және бірегейі оқытуды жеке тұлғаға қарай бағыттау, еліміздің ертеңі
жас буындардың бойындағы қабілет пен талантты дер кезінде танып, аша
білу. Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық бейнені сақтау ең негізгі
құндылық. Бұл құндылық тіл беріктігіне, тілдік ортаны дамытуға тікелей
байланысты. Оқылатын пәндердің нысандары тіл арқылы ғана танылады.
Қазақ деген елді өзгелер дарынды түлегімен, ойшыл ғалымымен, ұлтжанды
данасымен таниды, ал осындай асылдарды әлемдік биікте таныту тіл арқылы
жүзеге аспақ. Ендеше, оқушының тілдік дарындылығын дамыту бүгінгі
таңдағы басты мәселе.
Дарындылық бұл өмір бойы жүйелі дамып отыратын психика сапасы,
адамның басқалармен салыстырғанда бір немесе бірнеше іс-әрекет
түрлеріндегі қол жеткізген жоғары жетістіктерінің көрінісі.
Дарынды бала - өз құрбыларынан ақыл-ойының дамуымен біршама
озатын немесе аса көрнекті арнаулы қабілеттерін көрсететін бала.
Бүгінгі күнге дейін психологтардың көпшілігі дарындылықтың деңгейі,
сапалы басқалай өзгешелік және даму сипаты тұқым қуалаушылық пен
әлеуметтік орта мен жанама түрде баланың өз іс-әрекетінің (ойын, еңбек, оқу
және т.б) күрделі әрекеттестігі деп мойындайды. Сонымен қатар баланың
өзіндік белсенділігі, тұлғаның өзін-өзі дамытуының психологиялық
механизмдері де үлкен мәнге ие, өйткені олар жеке дарынның қалыптасуы
мен дамуына негіз болады. Сондықтан, бағдарламада оқушылардың
дарындылығын дамыту мен қалыптастыруға бағытталған жұмыс түрлері
қамтылған.
Бұқаралық ақпарат қатты дамыған кезеңде баланың ойлауы мен сөйлеуі
арасында алшақтық айқын байқалады. Бағдарлама осы алшықтықты жоюдың
бірден-бір жолы олардың сөйлеу және сауатты көркем тілмен жаза білу
біліктерін жетілдіру түрінде қарастырады. Бағдарламада қамтылған жұмыс
түрлері оқушының ішкі мүмкіндігін танып, оның сыртқа шығарылуына
түрткі жасап, тілдік қабілеттің дамуына жағдай туғызуға болатындай етіп
құрылған. Балалық жас қабілеттер мен тұлға қалыптастыру, бала
психикасында шоғырланған түрлі үрдістерді саралау кезеңі. Сондықтан
оқушы дарындылығын дамытудың маңызы зор.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дарынды оқушылармен жұмыстың
мақсаты:
1. оқытуды жеке тұлғаға қарай бағыттау, диагностикалық зерттеу
жүргізу арқылы дарынды оқушылардың қабілеттерін дамыту;
2. оқушылардың тілдік көркем стильді ауызша, жазбаша түрде
қолдана білу біліктерін жетілдіру;
3. шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерінің дамуына
жағдай жасау.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дарынды оқушылармен жұмыстың
міндеті:
1. сабақ және сабақтан тыс кезеңдерде көркем әдебиетке сүйіспеншілікке
баулу;
2. тілдік қолданыстарының әдеби деңгейін қалыптастыру;
3. таным белсенділігі мен өзіндік ізденісті жетілдіру;
4. логикалық ойлауын, функционалдық сауаттылықтарын
қалыптастыруға бағыттау;
5. өзін-өзі дамытуға, болжам жасай білуге жағдай жасау.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дарынды оқушылармен жұмыстың
МАЗМҰНЫ.
Мектеп, соның ішінде оның мұғалімі, ең алдымен, қоғамның әлеуметтік
тапсырымын, өзі өмір сүріп отырған ортаның негізгі мақсаттарын жүзеге
асыру айналасында жұмыс істеуі керек. Әлемдік білім кеңістігіне ену, өзіндік
орнымызды анықтау мұғалімдер қауымының алдына зор міндет жүктеп
отыр. Соның бірі және бірегейі оқытуды жеке тұлғаға қарай бағыттау,
еліміздің ертеңі жас буындардың бойындағы қабілет пен талантты дер
кезінде танып, аша білу. Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық бейнені сақтау
ең негізгі құндылық. Бұл құндылық тіл беріктігіне, тілдік ортаны дамытуға
тікелей байланысты. Оқылатын пәндердің нысандары тіл арқылы ғана
танылады. Қазақ деген елді өзгелер дарынды түлегімен, ойшыл ғалымымен,
ұлтжанды данасымен таниды, ал осындай асылдарды әлемдік биікте таныту
тіл арқылы жүзеге аспақ. Ендеше, оқушының тілдік дарындылығын дамыту
бүгінгі таңдағы басты мәселе. Бағдарламаның мазмұны оқушылардың тілдік
дарындылығын дамытуға бағытталған бірнеше бөліктерге бөлінген.
1-бөлім. Оқушы дарындылығын зерттеуге арналған жұмыс түрлері
қамтылған. Дарындылық белгілері ретінде өз бетімен жағдаяттарды
шеше алуы, тілдік қолданыстарға деген қызығушылығы өте жоғары болуы,
дербес іздену жұмыстарын іске асыруы, алдына мақсат қою, жету жолдарын
қарастырады; өзіне-өзі бақылау жасауы, стилдік зерттеушілік қабілеттері
қалыптаса бастауы есепке алынады.
2-бөлім. Оқушылармен сабақ барысында жүргізілетін деңгейлік тапсырмалар
жүйесі қамтылған. Сабақтарда интербелсенді әдістер сын тұрғысынан ойлау
стратегиялары арқылы пәндік-білімдік парадигманы тілге деген
сүйіспеншілік парадигмасымен алмастыратыны қамтылған. Ол сабақтың әр
кезеңінде қолдануға ыңғайлы стратегиялар негізінде көрсетілген.
3-бөлім. Оқушылармен сыныптан тыс кезеңде жүргізілетін жұмыс түрлері
түрлі сайыстар мен пәндік олимпиадалар және мен интернет арқылы
қашықтан жүргізілетін жұмыс түрлері берілген. Яғни оқушыны жан-жақты
дамыту жолдары ескерілген. Сондай-ақ, оқушылардың басқа мәдени
шаралармен және қаланың, аудан мен облыстың, республика мен
халықаралық деңгейде өткізілетін сайыстар мен шараларға қатысуына
бағытталған.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дарынды оқушылармен жұмыстың
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ.
1. оқушыларды өз тілінде жатық сөйлеуге, кез-келген ортада қарым-
қатынасқа түсе алуға даярланады;
2. кестелі, бейнелі тілдік сөйлеуді қолданады;
3. Өзіне тән стильдік ерекшелігі қалыптасады;
4. Сөз бояуын құбылта алады.
5. Ойын анық, дәл, шешен тілмен жеткізеді.
6. Сөзі ой мен сезімге әсер ететін мағыналы сөздік тұлғаларды
қолданады;
7. Әдеби тілдік нор-маларды ұтымды қолданады.
8. Жағдаяттардан жол тауып шыға алады.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дарынды оқушылармен жұмыстың
БАҒДАРЛАМА КЕЗЕҢІ.
1. 2014-2015 оқу жылы диагностикалау, бағдарламаның жоспарын жүйелі
жүргізу арқылы зерттеу жұмысын жүрзу;
2. 2015-2016 оқу жылы дарынды оқушылардың тілдік қабілеттерінің
өзіндік дамуына бағыттау;
3. 2016-2017оқу жылы дарынды оқушылардың жетістіктерін неғұрлым
жоғары деңгейге көтеру.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дарынды оқушылармен жұмыс
ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ.
Жұмыс түрі
Шығармашылық,
зерттеушілік жұмыс
түрі
Күтілетін нәтиже
1.
Дарындылық түрлерін саралау
жіктеуге негіз болған бірнеше
критерийлер бойынша анықтау:
* Іс-әрекет түрі
*Қалыптастыру деңгейі.
*Көрініс беру түрі.
*Жас мөлшеріне қарай дамуының
ерекшеліктеріінің сипаты
Диагностика мен
мониторинг жасау
Сыныптар бойынша
қазақ тілі мен
әдебиетінен
қабілетті оқушылар
анықталады.
2.
іс әрекет түрі және оның оның
психикасын қамтамасыз ететін
салалары критерийі бойынша:
іс- әрекеттің негізгі түрі практикалық,
теориялық (танымдық), көркем-
эстетикалық, коммуникативтік және
рухани – құндылықтықтар анықтау.
Сыни тұрғыдан
ойлау
стритегияларын
қолдашу.
Көркем –
эстетикалық іс –
әрекетте әдеби –
поэтикалық
дарындылық
анықталады.
3.
«қалыптасу деңгейі» критерийі
бойынша:
*жаңашылдық пен әлеуметтік мәнге
ие болу талаптарына жауап беру
бойынша зерттеу.
Түрлі тақырыптағы
ойтолғау, эссе,
шығармалар
жазғызу.
Мүмкіндіктеріне
қарай қолайлы
жағдайлар
туындайды.
4.
«Көрініс беру түрі» критерийі
бойынша зерттеу:
*«жақын арадағы даму аймағын»
бағалап және «болашағы зор
баламен» жұмыс істеудің ары
қарайғы жоспарларын жасау.
Диалогтік
оқытудағы ЖАДА
бойынша топтық
жұмыстарда
көшбасшылығын
бақылау.
жасырын
дарындылығы
топтық жұмыстағы
іс-әрекеттерінен
байқалады.
5.
Жас мөлшеріне қарай дамуының
ерекшеліктеріінің сипаты:
* психологиялық даму жылдамдығы
және дарындылығы анық көрінген
жас мөлшерінің кезеңін бақылау.
Әр сыныптағы
қабілетті және
дарынды
оқушылармен
жұмыста бақылау.
зерттеудің жаңа
бағыттары мен әдіс-
тәсілдері ойлап табу
және т.б сиқты
жоғары нәтижелер
көрсетеді.
1.
Сабақтың үш
кезеңінде
қолдануға
оңтайлы
стратегиялардың
тілдік
дарындылықты
дамытуға әсері:
1-кезең: қызығушылықты ояту кезеңінде:
Стратегиялар
Оқушы әрекетінің дарындылықты дамытуға әсері.
1.
«Тірек сөздер»
Берілген сөздер арқылы ойды кеңейту
үшін басқа сөздік қолданыстарды іздей
бастайды.
2.
«Болжау» кестесін
құру.
Алдағы болатын құбылысты болжау
үшін қиялға ерік береді, ал ойлау мен
сөйлеу тығыз байланысты.
3.
«Үш қадамдық
сұхбат»
Жүйелі де маңызды сұрақтар
ойластырып, сұраққа ұтымды жауап
іздеп, оларды хаттап жаза отырып,
ауызша және жазбаша тілдік
оралымдарды қолдану қабілері
қалыптасады.
4.
«Бір айналым
сөйлесу»
Бірінің ойын бірі жалғастыру арқылы
логикалық байланысқа түседі.
5.
«Жазу әрекетін
ұйымдастыру»
Тақырып таңдай келе, негізгі ойды
жүйелеу үшін неғұрлым ұтымды
шығатын сөздерді іріктейді.
6.
«Ұғымдар келеді»
Берілген сөзге орай ұғымдардың
синонимдік қатарын құрастыру тілдік
тапқырлықты қажет етеді.
7.
«Ой қозғау»
Бір сөз төңірегінде бірнеше ой өрбіту
арқылы сөздік дәлдікке жетелейді.
2.
Мағынаны ашу кезеңіндегі стратегиялар:
«Кең ауқымды лекция», «ЖИГСО-1», «ЖИГСО-2», «Қабырғаға
қарап оқу», «Автор орындығы», «Көнәз» (Бұрыштар),
«Жұптасып пікір алысу»,
«Түртіп алу»
тілдің танымдық іс-әрекетінің құралы, ойлау формасы және
тілдік дарындылықты дамытудың негізі болып табылады.
3.
ой толғаныс кезеңінде қолдануға болатын стратегиялар:
«Т» кестесі Оқушы қарама-қарсы ұғымдарды дәл беру
мақсатында керекті сөз қолданыстарын іздестереді.
« Екі жақты түсініктеме күнделігі» Таңдап алған үзіндіге
комментарий жасау барысында өзіндік сезімді үйлестіру үшін
тілдік тәсілдерді таңдайды.
«Пікірталас» Мәселені ұтымды шешуге, өз көзқарасын
дәлелдей білуге талпына отырып, көпшілік ортада шешен
сөйлеуге жаттығады.
«Еркін жазу» Оқылған материалға байланысты өз ойын білдіру
үшін жазудың түрлі құралдары мен тәсілдерін таңдауы
оқушының өзіндік жазу стилін қалыптастырады.
«Соңғы сөзді мен айтамын» Таңдап алған үзіндіге толық,
жан-жақты талдау жасау барысында өзгелер айтпаған пікірлерді
табу үшін сөздерді ұтымды, дұрыс қиюластыруға тырысады.
«Галереяға саяхат» Басты ұғымдарды беруде басқадан өзгеше,
ерекше болу мақсатында жазылатын бұл жұмыс нағыз
дарындылықты қажет етеді.
Сыныптан тыс кезеңдерде жүргізілетін жұмыс түрлері
Уақыты
1.
Мектепішілік және қалалық, аудандық танымдық
шараларға қатысту. (соның ішінде дебаттарға)
Ұйымдастырылған
уақытта
2.
Аудандық, облыстық, халықаралық Бітібаева Қ.О.
атындағы олимпиадаларға қатысу.
Желтоқсан, мамыр.
3.
Қашықтан өткізілетін олимпиадаларға қатысу:
КИО 1 және 2-туры. «Айналайын» сайысы.
Қыркүйек, желтоқсан
4.
Мектепішілік, қалалық, аудандық, облыстық «Жарқын
болашақ» сайысына қатысу.
Ақпан, сәуір айлары
5.
Қалалық «Оралхан Бөкей» оқуларына қатысу.
Маусым
6.
Қалалық, аудандық «Абай мен Шәкәрім» оқуларына
қатысу.
Наурыз.
7.
ШҚМУ ұйымдастыратын шығармалар сайысына қатысу.
Сәуір
8
Басылымдарға өлеңдер мен материалдар жариялауды
жалғастыру.
БЕКІТЕМІН:
«Зырян қаласының №9 орта мектебі»КММ
директоры:----------------------Тогузова А.З.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен үлгерімі төмен
оқушылармен жүргізілетін жұмыс
ЖОСПАРЫ.
Дайындаған: Саньязова Б.Қ.
Зырян, 2015-2016 оқу жылы.
Мақсаты: пән бойынша оқушыларға мемлекеттік стандартты меңгеру,
үлгермеушілікті, нашар оқитын оқушылар қатарын азайту.
Міндеті:
Оқушылардың кластағы, мектептегі психологиялық микроклиматына
ерекше мән беру;
оқушыларға тактикалық түрде көңіл бөліп қарау;
оқушылардың қызығушылығын ескеру.
Түсінік хат:
Е.С.Рабунский «оқушыға жеке қатынас тұрғысынан қарап оқыту мен
тәрбиенің негізгі принципі,ал оны әр оқушының жан-жақты, өзіндік жеке
қасиеттерінің дамуын қамтамасыз ететіндей, олардың жалпы және жеке
ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие жұмысының әдістері мен
ұйымдастыру формаларын үнемі түрлендіру,өзгерту арқылы жүзеге асыруға
болады» деп есептейді. Кирсанов «оқушыларды дифференциалап оқыту-
оқыту мақсатын ескере отырып, оқушылар тобы мен жеке оқушының, сынып
ұжымының шынайы танымдық мүмкіндіктері мен іс-әрекет мақсатына сай
келетін тәрбиелік және дидактикалық құралдар жүйесі» деп анықтама берген.
Оқушылардың бәрі де жақсы оқығысы келеді. Бірақ олардың ақыл-ой
қабілеті, бағдарламадағы берілген материалды ұғуы бірдей
емес.Оқушылардың кейбіреулері мұғалімнің түсіндірген сабағын тез ұғады
кейбіреулері орташа ұғады. Кейде<