1 маусым-Балаларды қорғау күні!

1 маусым-Балаларды қорғау күні!
Мақсаты: балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре
айтуды үйрету. Бір - бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, түрлі - түсті шарлар,
слайд «Бала деген бір бақыт»
Өтілу барысы: әдеби – музыкалық монтаж
Жүргізуші: Армысыңдар балалар, бармысыңдар,
Жаз да келді, жайнаған гүлді шыңдар
Алдыменен алайық амандасып,
Армысыңдар бәрің де, армысыңдар!
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, мерекеге жиналған қонақтар,
ата - аналар, балалар!
Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата - ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын
Сүйкімді періштелер сендерсің
Қандай бейне өздеріңе тең келсін!
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерсін.
1 - Маусым 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Бүгін
біз осы мерекені атап өтпекшіміз. Аталған мерекемен бізді құттықтай келген
қонақтарымызбен таныстырып өтейін
.
Құттықтау сөз кезегі н мектебміздің ДОІЖО Қайрылбаев Ержігіт ағайға береміз.
Ән: «Қошақаным»
Сайқымазақтардың келуі
Бұл не мереке? Нені тойлап жатырсыңдар? Бізге неге айтпадыңдар, а? Бізсіз ешқандай
мереке болмайды?
Жүргізуші: Тоқта, тоқта, сендер кімсіңдер өзі біздің мерекені бұзатын? Бүгін үлкен
мереке, біз оны тойлаймыз, ешкім кедергі бола алмайды! Бізбен бірге тойлаймыз
десеңдер, онда тәртіп сақта!
Балалар, сайқымазақты қалдырамыз ба? Қалдырамыз.
Жүргізуші: Ақылды балапан бүгінгі,
Көркейтер күніңді ертеңгі,
Үйренген өнерін көрсетсін
Бүлдіршін балалар белсенді.
Ендігі кезекті орталықтың бүлдіршіндеріне берейік.