Сценарий "Жұлдызды сәт"

Жұлдызды сәт
Жүргізуші: Сәлеметсіздерме қонақтар, ұжымдастар, бүгінгі балабақшамызда
балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, ерекше балаларды шыңдап, туған
жерге деген патриотизмге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып отырған
«Жұлдызды сәт» байқауына қош келдіңіздер!
Байқауға балабақшамыздың ересек және мектеп алды даярлық тобының
тәрбиеленушілері қатысқалы отыр. Олай болса сайысқа қатысушыларымызды
қарсы алайық.
№8 «Балауса» ересек тобының тәрбиеленушісі Елубай Нұрасыл.
№9 «Жас дәурен» ересек тобының тәрбиеленушісі Авидулла Аяулым.
№11 «Ертөстік» ересек тобының тәрбиеленушісі Аман Сабина.
№12 «Назерке» ересек тобының тәрбиеленушісі Абдрасул Ясин.
№13 «Ақбота» ересек тобының тәрбиеленушісі Баспай Мирас.
№14 «Ақбөбек» МАД тобының тәрбиеленушісі Сүйрейбаева Ұлданай.
Жүргізуші: Ал қанекей, келіңдер,
Бір – біріңе еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер, - дей келе қатысушыларға сәт сапар
тілейміз. Балақайлар біздің сайысымыз түрлі қызықты тапсырмалардан тұрады.
Сол тапсырмалар барысын мұқият бақылап әділ бағасын беретін әділ қазы
алқасымен таныс болайық.
Балабақша әдіскері: Умирбаева А. С.
Өзін-өзі тану пән жетекшісі: Сарыева Ж.А.
Балалабақша психологы: Қортабаева Н.Ж.
Жүргізуші: Ендеше сайысымыздың кезеңдермен таныс болайық.
Сайыс 5 – бөлімнен тұрады:
1-бөлім: «Білгенге маржан»
2-бөлім: «Қызықты мозайка»
3-бөлім: «Қай ертегі, ойлан тап»
4-бөлім: «Тапқырлар сайысы»
5-бөлім: «Логикалық тапсырма»
Әр бөлімнің шартымен ойын барысында таныстырып отырам.
Ал енді балалар, дайын болса:
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Білім мен өнер жарысып,
Жүйріктің бағы жанар ма – деп, «Білгенге маржан» бөлімін
бастайық. Бұл кезеңде, түрлі тақырып бойынша мақал-мәтел айтатын болады. әр
бір мақалға бир жұлдызды ұпайдан беретін боламын.
Жүргізуші: Балаларымыз мақал-мәтел айту арқылы өз білімдерін көрсетті,
жарайсыңдар балалар.
Білімдерін білдіріп
Өнерлерін көрсетіп
Мейірімді балалар
Ертегіні құрастырып
Көрсетеді сендерге
деп «Қызықты мозайка» кезеңін бастаймыз. Бұл бөлім бойынша
ертегі суреті берілген, 8 –бөліктен құралған қйынды ертегіні құрастырамыз, кім
бірінші құрастырса сол жұлдызды ұпайға ие болады.
Жүргізуші: Жеңімпаз болу оңай ма?
Арман болған талайға.
Болмасаңда ұқсап бақ.
Жарысқа түсіп қалайда, - деп байқауымыздың 3 – бөлімі: «Қай ертегі
ойлан тап» -сайысына да жеттік. Слайдта ертегі суреттері беріледі, қай ертегі
екенін тауып атын атау керек.
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар!
Міне «Жұлдызды сәт» байқауымыздың «Тапқырлар сайысынада» жеттік.
Слайтта ұяшықтар беріледі, балалар сурет арқылы сол ұяшықтардан біреуін
таңдайды, таңдаған ұяшықтағы сұрақтарға жауап беру керек. Әр ұяшықта 3
сұрақтан болады, неше сұраққа жауап берсе сонша жұлдызды ұпайға ие болады.
Балақайларымыз дайын болса кезеңімізді бастайық.
-Жарайсыңдар балалар! Біз нақты жауаптар алдық деп ойлаймыз.
Жүргізуші: Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң – Тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт – деп, «Логикалық
тапсырмаларға» кезек береміз. Әр балаға 1 логикалық сұрақтар қойылады,
балалардың дұрыс жауап берілгенге жұлдызша ұпай қойылады.
-Жарайсыңдар балалар міне, «Жұлдызды сәт» байқауымыз да өз мәресіне жетті.
Байқауымыздың жеңімпазы белгілі болғанша №10 «Балдәурен» ортаңғы тобын
ортаға шақырып флешмоб биін қабыл алыңдар.
№12 «Назерке» ересек тобының қыздарын шақырып
-Балаларды марапаттау.
Құрметті қонақтар, ұжымдастар!
Балалардың қадамы құтты болсын,
Денсаулығы әрқашан мықты болсын!
Білімдерін әрі қарай дамытатын,
Ерінбейтін еңбеққор мықты болсынІ – дей келе, бүгінгі «Жұлдызды сәт»
байқауымызды аяқтаймыз. Көріп, тамашалағандарыңызға рахмет.