Сценарий "Қош бол, балабақша!"

Қош бол,балабақша!
Жүргізуші:Сәлеметсіздер ме!Құрметті қонақтар!Құрметті ата-аналар!Құрметті
ұжымдастар және балабақшамен қоштасқалы отырған бүлдіршіндеріміз!Бүгін бізде
үлкен мереке,балабақша табалдырығын тәй-тәй басып,кішкене ғана сәби болып
келген балаларымыз міне балабақшамен қоштасқалы отыр.
Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды
Бізден ұшып қанат қағып есейдіңдер
Өздеріңмен қоштасатын күн туды-дей келе кезекті тақпақтарға береміз.
1-Бала:Мектепке енді барамыз
Үлгілі оқушы боламыз
жақсы оқып сабақты
Кілең бестік аламыз
2-бала:Біз бақытты баламыз
Жетіліп ой санамыз
Бақшамызбен қоштасып
Мектепке кетіп барамыз
3-бала:Сен үйреттің сөйлеуді
Сенде ойым есейді
Мектепке барам мен енді
Балабақшам қош енді.
Жүргізуші:Мерекеде сызылтып ән салады,
Ән айтып ,би билеп жан салады
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.
Ән : «Біз мектепке барамыз»
Жүргізуші:Мектепке енді барыңдар
Үлгілі бала болыңдар
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік алыңдар-деп ортаға биші бүлдіршіндерімізді шақырамыз.
Би: «Қуыршақтар»
Жүргізуші:Қызық күндер өткіздік
Балабақша бағында
Көп оқыдық көп білдік
Ел мен Отан жайында
1-бала.Айм хаппи ю а май тиче
Санк фо ал ю ду
Ю мейк леонинг иси
Ю лессонс а фан ту
2-бала:Ай лав май тиче
Фо хис оф лайгт
Ай лав май тиче
Хи ис алуайс брайт
3-бала:У нас сегодня праздник
Радостный ,веселый
До свидания детский сад!
Здраствуй ,школа!
4-бала:Чтоб росли мы смелыми
Добрыми,умелыми,
Знаем,все вы нас любили
У хорошему учили.
Ән: «Қош бол, балабақша!»
Би: «Қамажай би»
Жүргізуші:Ән саламыз бас қоса
Бақшаменен қоштаса
Күніміз тұрсын күлімдеп
Жүрейікші достаса
Ән: «Ағылшын әні»
Би :«Үнді биі»
Жүргізуші: «Портфель»көрінісін тамашалаңыздар
Портфельдің суреті салынған үйшік тұрады................
Жүргізуші:Биікте емес аласа
Бір портфель тұр жараса
Қызыққандар кіре алмай
Сыртында тұр таласа
Сонда бұны кім алған
Ішіне оның не салған
Қәне жақын көрейік
Нелер барын білейік
Тук,тук,тук
Кіруге бола ма?
Әлде біреу тұра ма?
Әрине,ешкім тұрмайды,
Тұрса үнсіз болмайды.
Әне пенал келеді
Сөзімді сол жалғайды.............
Пенал:Пай,пай,пай
Түсім бе ,әлде өңім бе?
Жәй портфель емес тегінде
Болса болар тек қана
Ертегілер елінде
Жақынырақ барайын
Ішіне көз салайын
Кім тұрады бұл жерде
Жайын біліп алайын
Тук,тук,тук
Болар ма екен кіруге
Кім тұратынын білуге
Жауапсыз қалды сұрағым
онда өзім тұрамын
(ішіне кіріп кетеді)
Жүргізуші:Енді әліппе келеді
Портфелбді олда көреді
Әліппе:Ашық екен есігі
Ішіне жайлап кірейін
кімдер барын білейін
Жақсы достар болса егер
Бірге өмір сүрейін.
Жүргізуші:Есікті ашып осы сәт
Пенал шықты ақылды
Әліппені өімен бірге тұруға шақырды.
Пенал:Кір әліппе бас қосайық
Бірге тұрып достасайық
Жүргізуші:Жүгіріп дәптер де келді
Кіргісі келіп ішіне
Қарайды олда телміре
Дәптер:Жазу жазар болса кім
Онда менде керекпін
Кіргізіңдер меніде
Бірге тұрайық демекпін.
Жүргізуші:Әліппеде жөн көрген
Адал досты
Қатарына дәптерді жедел қосты.
Әліппе:Кел дәптерім келіңіз
Портфеліме кіріңіз
Оқушы үшін әрқашан
Керекпін деп жүріңіз.
Жүргізуші.Түрлендірген бір-бірін
Достарды күтіп алыңдар
Келіп жетті жүгіріп
Түрлі-түсті қаламдар
Пайда болды «4»-тік те
Көп ұзамай «5»-тік те
Айтып жатты жарысып
Өз ойларын естірте
«5»тік:Оқушының бәрі де
Мені жақсы көреді
Портфельдің дәл төрінен
Маған орын береді.
«4»-тік:Жақсы оқитын балалар
4 пен 5 ті алады
Ұқыпты өзі ынталы
Тәрбиелі болады.
Жүргізуші:Міне осылай портфельдің іші лезде толып кетті
Арттарынан жүгіріп
«2»-лік те келіп жетті.
«2»-лік:Портфелім мені қалдырмай
Кіргізіп ал ішіне
Жалқауларға жайлымын
Жалынбаймын үшіңе.
Жүргізуші:Сұрланып босағадан пенал шықты
Ұрысып 2-ні
Жерге тықты.
Пенал:Сөздеріңді жөн көретін
Бізді аңқау деп едің бе
Балалардың досы мықты
Сендерсіз ақ күн көретін.
Еңбек етпей ерінсе
Ол оқушы бола ма?
Достарымыз 4 пен 5
Енді бізге жолама.
Жүргізуші:Кіргізбей 2-ні
Сарт етіп есік жабылды
Оқушы екен иесі
Міне өзі табылды.
Оқушы:Мен іздеген портфель
Іздеп жүрсем алыстан
Шыға келдім алдынан
Жақсы оқушы боламын
Кілең 5-тік аламын
Тәрбиелі,үлгілі
Қазақстан азаматы боламын.
Жүргізуші:Оқушы қарап түсінді
Портфелінің мән жайын
Кішірейіп бала қолына
Жүгіруге ол дайын.
Дымбілмес кіріп келеді
Дымбілмес:Мында не тойлап жатырсыңдар?Неге әдемі болып киініп алғансыңдар?
Жүргізуші:Сәлеметсің бе!Біздер балабақшамен қоштасқалы отырмыз.Кел төрлет
қонағымыз бол.
Дымбілмес:Балабақшамен қоштасып қайда барасыңдар?
Балалар:Мектепке барамыз.
Дымбілмес:Балалар мені де мектепке ала кетіңдер.Менің жасым әлдеқашан өтіп
кетті,бірақ мені мектепке қабылдамайды.Өйткені мен санауды білмеймін,әріптерді
білмеймін,оқи алмаймын.
Жүргізуші.Сен олай түңілме дасым,біздің балалар өте ақылды,тапқыр
балалар.Өздерінің үйренгенін сағанда үйретеді.Сола ма балалар?
Балалар:Иә.
Ойын: «Тез тұратын сандар»
1-ден 10-ға дейін қазақша,орысша,ағылшынша тура және кері санайды.
Ал ендеше есепке қаншалықты жүйрік екенімізді көрсетейік.
Бес алманың үшеуін
Досың сұрап алады
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады? (2)
Алма ағашта бес алма
Қандай тәтті жесе алма
Бесеуінде жеп қойсам
Қалады сонда неше алма? (0)
Тал бойында тізіліп
Бес жапырақ тұр еді
Жел соқты да үзіліп
Ұшып кетті екуі
Ілініп тұр әлі
Жапырақта нешеуі? (3)
Дымбілмес:Жарайсыңдар балалар!Сендердің білімдерің бар екен,сендер мектепке
баруға дайын балалар екенсіңдер.Менде сендерден тура және кері санауды
үйрендім,сөйлем құрауды үйрендім.Сендер есепкеде жүйрік екенсіңдер.Алақай енді
менде мектепке барамын.
Тәрбиеші:Саған көмегіміз тигеніне қуаныштымыз.
Дымбілмес:Рахмет балалар.Сендерге ризамын.Сау болыңдар.
Жүргізуші:Жаңа өмір басталсын
Үміт сенім ақталсын
Ұмытылмай балабақша валсі
Көңілде мәңгі сақталсын.
Би: «Вальс»
Ән. «Оқуда озат боламыз»
Жүргізуші:Ендігі кезекті балаларымыздың балабақша апайларына өз
ризашылықтарын білдірмек.
1-бала:Орын берген бақшадан
Меңгеруші апай жақсы адам
Сондықтан да біз үшін
Артық өзі басқадан
2-бала:Гүлденсін деп бақшамыз
Күн сайын тыным таппаған
Әдіскер Жамал Амангүл апайларым
Аямас жанын бақшадан
3-бала:Жазу жазып үйреткен
Әріптерді оқытқан
Санамақты жаттатып
Санауды бізге үйреткен
Жақсы болсақ қуанған
Қате болсақ кешірген
Тәрбиеші апайларыма мың алғыс!
4-бала:Ақ төсекте жатқызған
Тәтті тамақ жасаған
Бала болып ойнаған
Күтушімізге мың алғыс!
5-бала:Үйренгенбіз өнер біз
Шетімізден шеберміз
Бал татыған әндерді
Үйреткен апайымызға мың алғыс!
Балалар хормен:Адам етіп баптаған
Ардақтап бізді мақтаған
Апайлар сіздерге мың алғыс!
Қош бол, әсем балабақшам!
Жүргізуші:Құрметті ата-аналар,қонақтар
«Қош бол, балабақша» атты ертеңгілігіміз осымен өз мәресіне жетті.Сау болыңдар!