Технологическая карта "Елордасы - Астана"

Тақырыбы:Елордасы-Астана
Мақсаты:
Білімділік:Республикамыздың қалай аталатыны,қазіргі орталығы бас қаласы-
Астана туралы мағлумат беру.
Дамытушылық:Өлеңді мәнерлеп оқуға,ойларын жүйелі жеткізуге баулу.
Тәрбиелік:Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Блингвальды компонент:Астана-столица
Көрнекілігі:слайд,суреттер
Оқу
қызметінің
кезеңдері
Тәрбиешінің қызметі
Балалардың қызметі
Мотивациялық
қозғаушы
Шаттық шеңбері
Өтті қызық көп күндер
Алты жасқа жеткендер
Өсті ақыл ойларың
Өсті,міне ,бойларың
Иіліп сәлем береміз
Әдепті боп өсеміз.
Балалар шаттық
шеңберіне тұрып,бір-
біріне жылы лебіздерін
білдіреді.
Іздену
-ұйымдастырушы
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілінде неше ай бар?
-Бір аптада неше күн бар?
-Біздің еліміз қалай аталады?
Сарқылмайтын қуатым
Тірегімсің Қазақстан
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің Қазақстан.
-Қазақстан Республикасының
Президенті кім?
-Рәміздерді ата
-Біз қай тілде сөйлейміз?
-Қазақстан Республикасының
елордасы қай қала?
Балалардың жауаптары
-Қазақстан
Республикасы
-Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев
-Ту,Елтаңба,Әнұаран
-Қазақ тілінде
-Астана қаласы
Рефлексиялық коррексиялаушы
Е.Өтетілеуұлының «Астана»өлеңін
мәнерлеп оқимын.
Болашаққа бастаған,
Шарықтайды асқақ ән.
Елордасы Отанның,
Мақтанышым –Астанам.
Сұрақ-жауап
-Өлеңде не туралы айтылған?
-Астанаға кім барып көрді?
-Астана сендерге ұнады ма?
Ақорда-Қазақстан Республикасының
Президентінің жұмыс
орны,келіссөздер жүргізетін орны.
Бәйтерек-Астананың ең биік
ғимаратының бірі.Биіктігі 97 метр.
Тәуелсіздік сарайы-мемлекеттік
ресми іс-
шараларды,мәжілістерді,кездесулерді
өткізетін орын болып табылады.
Астана циркі-цирк ойындары
көрсетілетін ғимарат.
Хан Шатыр-Астананың ең үлкен
ойын-сауық орталығы.
Мұхит аралы-мұхит жануарларын
көрсететін орын.
Қазақстан Республикасының
елордасы Астана қаласы.1998 жылы
Ақмола қаласын Астана қаласы деп
өзгертті.Аз уақыттың ішінде Астана
қаласы көрікті қалаға айналды.
Біздің Отанымызда барлық
жағдайлар балалар үшін
жасалады.Астанада балабақша мен
мектептер көп.Қыста Астанада ең
әсем мұз қалашығы жасалады,онда
балалар ойнайды.
«Ойлан тап»дидактикалық ойын.
Өлеңді қайталап айтып
жаттайды.
Балалардың жауаптары
Балалар тәрбиешіні
мұқият тыңдайды.
Ойын ойнайды
Ойынның шарты:А,С,Т,А,Н,А
дыбыстарынан басталатын сөздерге
сөз құрастыру.
А-ана,алма
Сергіту сәті
Көк жалау желбіре
Асқақтап аспанда
Жас ұлан,ел бірге
Сап түзе ,жасқанба.
«Кім шапшаң»дидактикалық ойын.
Ойынның шарты:Мен мақал-
мәтелдің басын айтам сендер
жалғастырасыңдар.
-Отан оттан да........
-Отан үшін...............
-Туған жердей,жер болмас.............
-Отан отбасынан.........
Жарайсыңдар балалар,сенднр өте
тапқыр балалар екенсіңдер.
Қимыл-қозғалыспен
көрсетеді
Ойын ойнайды
Рефлексті
коррексиялау
шы
-Біз қай мемлекетте тұрамыз?
-Біздің елдің президенті кім?
-Елордамыз қай қала?
-Қандай ойындар ойнадық?
-Өлеңде не туралы айтылған?
Балалардың жауаптары
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:Елордамыз Астана қаласы туралы.
Болуы керек:Өлеңнің мағынасын түсінеді.
Баланың қолынан келуі:ойынға белсене қатысуды.