Классный час "Наурыз - жыл басы" 8 класс

1
Наурыз - жыл басы
(қазақ тілі мұғалімдеріне арналған көмекші құрал)
қазақ тілі мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құралы
Ақтөбе қаласы №2 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қартбаева Баршагүл Отановна
Жинаққа халқымыздың жаңа жылы - Наурыз мерекесін өткізу сценарийі, мерекеге
арналған өлең-жырлар, қазақ халқының салт-дәстүрлері, ұлттық ойын түрлері туралы мәліметтер
енгізілген.
Жинақ жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң жетекшiлерi мен пән мұғалiмдерiне
арналған.
Әдістемелік құралда «Наурыз - жыл басы» сыныптан тыс шарасын қызықты өткізудің әдіс-
тәсілдері көрсетілген. «Наурыз - жыл басы» әдістемелік құралында оқушының оқу әрекетін
белсендіру, күшейту, қарқынды етуге бағытталған белсенді оқу әдістерінің өзіне сәйкес оқу
формаларымен тұтастықта, үйлесе, икемді жүзеге асыруға тырысқан. Әдістемелік көмекші
құралында ұйымдастырылатын «Наурыз - жыл басы» атты байқаудың байқаудың мақсаты,
байқаудың шарты, байқаудың талаптары жан -жақты түсіндірілген және «Наурыз - жыл басы»
тақырыбындағы баяндамада Ұлыс күні туралы толық мәлімет берілген. Бұл еңбек орта
мектептерде «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәні бойынша өткізілетін сыныптан тыс сабақтарда
пайдалануға болады.
Авторы: Құрастырған: Қартбаева Б.О. қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі
2
Алғы сөз
Қазақ елі өз тәуелсіздігін алған бері ата- бабаларымыздың сан ғасырлық салт-дәстүрлері
мен әдет ғұрыптары ұрпақ еншісіне қайта оралуда. Соның ішінде Наурыз мейрамының жаңа сипат
алуы, оның ел ішінде атап өтілуі жан жадыратып, бойыңды осы халықтың перзенті болғаныңды
мақтан етерлік ерекше сезім билейді.
Халқымыздың сан ғасырлық тарихында тәрбие берудің күрделі талаптары қалыптасты.
Соның бірі - ұлттық тәлім - тәрбие. Ұрпақтан- ұрпаққа жалғаса берер тарихта орны бар мәдени
мұраларды қастерлеу, жаңа қоғамға лайықты саналы, білімді, адамгершілігі жоғары, ұлттық сана-
сезімі оянған, өз халқының мәдениетін, тілін, салт-дәстүрін, тарихын құрметтей білетін тұлға
тәрбиелеу - басты парызымыз.
Әдебиетті мектепте оқыту әдістемесінің алдына қояр мақсаты—әдебиетті өмірмен
байланыстыра оқыту, әдеби шығарманың тәрбиелік мәнін тиімді пайдалану, шәкірттерді өз
беттерімен көркем шығарманы оқуға қызығушылығын қалыптастырып, өз тарапынан ойланып-
толғануға тәрбиелеу, таным әдісіне үйрету. Оқыту барысында оқушылардың сыныпта алған білімін
дамытып, оны ары қарай жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Сыныптан тыс
жұмыстардың оқушылардың белсенділігін арттыруда, өзіндік көзқарасының қалыптасуында,
білімін жетілдіруде бірден – бір маңызды тәрбие құрамы екендігін көреміз. Сыныптан тыс
жұмыстарды дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушылар бойында ұйымдастырушылық,
белсенділік дамиды. Бағалы моральдық қасиеттер қалыптасады. Белсенді өмір сүру негізі
салынады. Әдебиет сабағындағы сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың шығармашылық ойын
дамытып, өзіндік іздену жұмыстарына баулиды. Осыған орай оқушы бағдарламада белгіленген
білімді игеріп қана қоймай, жан – жақты ізденіп, ой - өрісін дамытады.
Ұсынылып отырған бұл жинаққа халқымыздың жаңа жылы - Наурыз мерекесін өткізу
сценарийі, мерекеге арналған өлең- жырлар, қазақ халқының салт-дәстүрлері , ұлттық ойын
түрлері, сонымен қатар қазақ әндері мен өлеңдері енгізілген.
Осы әдістемелік нұсқауды пайдалана отырып мұғалімдер оқушыларды ұлттықрухани
адамгершілікке тәрбиелейді.
Сыныптан тыс шара
Тақырыбы: Наурыз - жыл басы
Жыл басы – Наурыз, мереке!
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке,
Тіршілік жаңа оянды.
Наурыз құтты болсын!.
Кешті әзірлеу, жүргізуде төмендегі жұмыстар орындалады.
1. Хабарлау. Кешке әзірлік, тиісті материалдар жинау, сұрыптау.
2. Кешті жабдықтау, нақыл сөз, дәйек сөз жазу, наурыз мерекесіне арналған көрме
ұйымдастыру.
3. Кешті жүргізу.
А) Баяндама тыңдау және сол бойынша талдау, пікір айту.
Ә) Кешті ашу. (кіріспе сөз)
Б) Сыныптан тыс шара, әдеби кеш, байқау, шағын концерт беру.
В) Кешке белсене қатысқан оқушыларға кештің қорытындысы бойынша алғыс хат,
мадақтау, ынталандыру сыйлықтары беріледі.
3
1-наурызда мектеп оқушыларына төмендегі мазмұндағы хабарламаларды таратылады
Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылатын
«Наурыз - жыл басы» атты байқаудың
ЕРЕЖЕСІ
Байқаудың мақсаты
Наурыз мейрамының сан ғасырлар бойы қалыптасқан гуманистік құндылықтарын, адам мен
табиғаттың жарасымына негізделген дәстүрлерін өркендету мен жаңғырту, қазақ халқының
байырғы, ізгілікті ұлттық салттарын мейлінше насихаттау, еліміздегі этностардың мәдени келбетін
танытатын халықтық мұраларына мән беру.
2. Байқаудың шарты
Бүкілхалықтық мейрам аясында байырғы дәстүрлерді ұлықтау мен оларды жаңа заманның мәдени
үдерісімен сабақтастыру барысында оның жалпыадамзаттық ізгілікті мұраттарын, қайырымдылық
сипатын түсіндіруге, пәлсапалық мазмұнын ашуға айрықша мән беріледі. Сондай-ақ, мейрам
ауқымында көрсетілетін дәстүрлердің табиғилығы мен шынайылығына, орындалу шеберлігіне де
ерекше назар аударылады.
Байқауда мынадай мерекелік шарттарға мән беріледі:
мерекелік іс-шаралар өткізу (мұнда іс-шараның мазмұндылығы, сапасы, ауқымы, 7-9
сыныптардың толық қатысуы қаралады);
Наурыз мейрамының байырғы мазмұнын ашу (бұлақ көзін ашу, ағаш егу, сәлемдесу, кешірім
сұрау, мейірім таныту, бата беру және т.б.);
ұлттық киімдердің жарасымдылығы;
мерекенің безендірілу деңгейі.
3. Байқаудың талаптары
Байқауға қатысатын сыныптар безендірілуі 15 наурызға дейін аяқталуы тиіс.
Мерекелік шаралар 16 наурызда өткізіледі. Осы күндері қазылар алқасы сыныптарды аралап,
бағасын береді.
Байқау төменде көрсетілген 5 сала бойынша қорытындыланады:
1. Баннер, стенд, плакат (Наурыз тақырыбына)
2. Ұлттық киім байқауы
3 . Ән байқауы. Ұлттық би байқауы (Наурыз тақырыбына)
4 . Сахналық көрініс
5. «Салтыма тән думаным-алтыбақан» ұлттық ойындар
2) 7-9 сыныптар 16 наурыз
5. Байқау қорытындысы:
Жеңімпаздар 16 наурызда марапатталады. Байқау жеңімпаздарын арнайы құрылған қазылар
алқасы анықтайды. Жеңімпаздар марапатталады.
Негізгі шарттар:
Берілген тақырыптың ашылуы, жеңіл әрі қысқа диалогқа құрылған жүргізушілер сөзі, ән-күй,
би сахналық өнерi
Шоу-конкурс қазақ тілінде өткізіледі.
Бағалау көрсеткіштері:
-тақырыптың ашылуы; (жүргізуші, сахналық жанр)
- әртістік
Бағалау 5 ұпайлық жүйемен есептеледі.
1. Баннер,стенд, плакат (Наурыз тақырыбына)
Баннерге қойылатын талаптар: Стендінің өлшемі 135* 125 см, онда келесі ақпаратттар орын
алады : Тақырыбы, мектебі, сыныбы көрсетілуі керек. Стендтегі материалда фотосуреттер,
суреттер енгізіліп, мазмұны талғаммен ресімделуі тиіс;
Сынып бөлмесін безендіру
4
9-14 наурыз аралығында сынып бөлмесін плакат,баннер, «Көктем», қызғалдақтар мен
құстардың суреттерімен безендіру
2. «Наурызға көрік берген сұлу сән» ұлттық киімдер байқауы
Өтетін уақыты:
Ұлттық киімдер байқауына әр сыныптан бір немесе бірнеше оқушы қатыса алады.
Байқаудың шарттары:
І. Қазақтың ұлттық киімдерінің үлгілері оның әлеуметтік ортадағы жас ерекшеліктеріне
байланысты киімдердің толық коллекциясы (ерлер, әйелдер киімдерінің) немесе жекелей киім
үлгілері ретінде көрсетілуге тиіс.
ІІ. Байқауға қатысушылар ұлттық киім жайлы деректерді, өздерін таныстыруды, музыкалық
сүйемелдеумен, ұлттық киімдердің қасиеттерін ашатын ән – жырлармен әсерлеп көрсете білуі
шарт.
ІІІ. Ұлттық киімдердің тігілу шеберлігіне, өрнектеп безендіру тәсіліне, ою – өрнектің мән –
мазмұны мен бояуына, ерекшелігіне тиісті баға беріледі.
Байқауға қатысушылардың өтініштері 14 наурызға дейін қабылданады.
3 . Ән байқауы (Наурыз тақырыбына) , ұлттық би байқауы
Байқаудың шарттары:
Байқауға жеке орындаушы және вокалды ән топтары қатысады;
Байқауда бір ән орындалады.
Би байқауына жұптық (дуэт) және жеке орындаушылар (соло), ұжым құрамы 10 адам қатыса
алады.
4 . Сахналық көрініс.
Сахналық көрініс шарты:Наурыз күніне байланысты шағын қойылымдар көрсету(5-7
минут)
5. «Салтыма тән думаным-алтыбақан» ұлттық ойындар
байқауының ережесі
Байқаудың мақсаты:
Ұлттық асыл құндылықтарымызды дәріптеу, көркемөнерпаздық шығармашылықты дамыту,
ұлттық ойындарымызды насихаттау арқылы болашақ ұрпақты ұлттық үрдісте тәрбиелеу.
Байқау шарты: Қатысушы мекеме ұжымы алтыбақан жанында берілген ұлттық ойын тақырыбы
бойынша ұзақтығы 5 минуттан аспайтын көрініс көрсетуі қажет.
Көріністе баса назар аударылатын мәселелер:
Ұлттық ән-күймен әрленуі;
Театрландырылуы;
Ұлттық ойындар тақырыбының ашылуы;
Қойылымның мағыналылығы, жинақылығы;
Сахна мәдениеті;
Байқауға қатысушылар қойылым көрінісінің жүргізушілері өздерінен болуы шарт. Егер қойылым
жоғарыда көрсетілген мерзімнен асып кетсе, ұпайы төмендетіледі. Ұлттық ойын тақырыбы жеребе
тастау арқылы анықталады.
Жеребеге ұсынылатын ұлттық ойындар тақырыбы: қыз қуу, арқан тартыс, алтыбақан, орамал
тастамақ, жамбы ату, ақсүйек, көкпар, асық ату, қыз-жігіттер айтысы, сиқырлы таяқ, сақина
жасыру.
Өткізілу уақыты:
Байқау 16.03. күні өтеді
5
«Наурыз - жыл басы» тақырыбындағы баяндама
Наурыз мейрамы ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі бойынша
(наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.Көне навааңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн»
мағынасында, қазіргі де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни
«жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді.
Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес 21 наурыз "Халықаралық Наурыз күні" болып аталып
келеді. Бас ассамблея өзінің берген түсініктемесінде "Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000
жылдан, 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын" мәлімдеді. Ал болса, 2009 жылдың 30
қыркүйегінде Наурыз мейрамын кіргізді.
Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан
бастап). Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және
жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және ,
мемлекеттік мереке ретінде Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні
аталып өтіледі.
Ұлыс күні қазақ үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Бұл күнгі болған әрбір өзгеріске
үлкен мән берген, қар немесе жаңбыр жауса, «нұр жауды», «туар жыл нұрлы болады»,
«Наурыздың ақша қарындай» деп әсем теңеулер айтып, «ағынан жарыла қуанса, мал төлдесе бір
тал көк шөп артық шығады» - деп ырымдаған, нәресте дүниеге келсе, ұлағаттап есімін ерекше
қойған.
Ұлыстың Ұлы күні « көлденеңнен шөпке жан бітіп » қырда саршұнақ інінен қылт етіп, бір көрініп,
қайтадан ініне кіріп кетіп, жер беті әбден жылығанда шығады дейді. Бұл сөзде дала мен табиғат
арасындағы көзге көріне бермейтін терең мәнді тағылымды үйлесімділік жатыр.
Тілімізде осы күнге қатысты – «жер бетіне жақсылық ұялаған күн», «Ұлыстың ұлы күні», «Ұзақ
ұшып келген күн», «Жыл басы – жылқышы торғай ( науірзек ) келген күн», «Көк құт ( өсімдік )
көзін ашқан күн», «Көк тас еріген күн» деген сөз оралымдары сақталған.
Наурыздау, ауыл аралап көрісу қазақ даласында үш күнге созылған (22 - 24 наурызда). Осы
күндері әрбір отбасының дастарханынан көжесі, дәмі үзілмеген, есігі ашық, қабағы жайдарлы
болған.
22 Наурыз күні міндетті түрде отбасынан дәм татып, ақсақалдар мен әжелердің батасын алу
парыз саналған.
Ежелгі түркілер ұлыс күндері жаңа киімдерін киіп, сақал мұрттарын түзеп, шаштарын
алдыратын болған, алты күн садақ тартып машықтанған соң, жетінші күні алтын теңгеден жамбы
атып жарысқан. Егер кімде – кім бірінші болып жамбыны атып түсірсе, сол адам сол күні, яғни бір
күн елге патша болып, билік жасауына ерік берілген деседі.
Ал қазақ даласында ұлыстың ұлы күні бүкіл адамды тең санаған, құл мен күң де шаруадан
босап, еркін бой жазуға мүмкіндік алған. Бұл күнгі дастархандағы дәм, айтылар әңгіме көпке ортақ
болған екен. «Береке басынан басталады» демекші, «жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы
болады» деген қағиданы берік тұтынған халық бүкіл ыдыс атаулыны дәнге, аққа таза суға
толтырып бетін ашық қалдырған. Бұл 21 – Наурыз күнгі таң алдында орындалады екен. Бұның
мәні: дала аралаған Қызыр Ата келіп «қыдыр, құт дарытып» кетеді дейді екен.
6
Наурыз көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының
көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер
“патрих”, бирмалықтар “су мейрамы”, тәжіктер “гүл гардон”, “бәйшешек”, “гүлнаурыз”,
хорезмдіктер “наусарджи”, татарлар “нардуган”, буряттар “сагаан сара”, соғдылықтар “наусарыз”,
армяндар “навасарди”, чуваштар “норис ояхе” деп түрліше атаған. Әбу Райхан Бируни, Омар
һайям, т.б. еңбектерінде шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлағандығы туралы мәліметтер
мол. Мысалы, тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күндерде әр жерге
үлкен от жағып, отқа май құяды; жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжайды; жеті ақ
кесемен дәстүрлі ұлттық көже “сумалак” ұсынады; ескі киімдерін тастайды; ескірген шыны аяқты
сындырады; бір-біріне гүл сыйлап, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – “күн символын” салады;
үйдегі тіреу ағашқа гүл іледі; түрлі жарыстар (жамбы ату, т.б.) ұйымдастырады.
Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологиялық түсінігі
бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті,
киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос
қолдасып, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі
мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып
пісірілуі – қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен (сүт, ақ)
қауышуды білдіреді. Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-
ожданы алдында арылады. Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, руларды,
ағайын, дос-жарандарды бір дастарқаннан дәм таттырып, табыстырған, жалғыз жарым жетімдерді
үйлендіріп, жеке отау еткен. Кембағал, мүгедектерді жақын туыстарының қарауына арнайы
міндеттеп тапсырған. Жұтқа ұшырап қиналғандарға жылу жинап берген. Алтыбақан басында ән
айтылып, күй тартылады. Дәстүрлі ұлттық ойындар (көкпар, аударыспақ, тең көтеру, т.б.)
ойналады. Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады.
Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңдерінде (1920 – 25) шығыс халықтары бұл мерекені атап
өткенімен, 1926 жылы ол “діни мейрам”, “ескілік сарқыншағы” деп танылып тоқтатылды, бірақ
Қазақстанның бар аумақтарында жасырын түрде сақталып қалды. 1988 жылдан Алматы
қаласында, республиканың көптеген аудандарында Наурыз жалпыхалықтық мейрам ретінде қайта
тойлана бастады.
Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы
түгелдей таң шапағатын қарсы алудан — тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл
егу рәсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық онан әрмен халық ойындарымен, ән салып, би
билеумен, ақындар айтысымен, «Қызғалдақ» мерекесімен, айналасындағы тамашамен
аяқталатын.
Наурыздан кейінгі 2-ші күні жұрт жаппай көктемгі егіске кірісетін. Малшы қауым да төл алуға
қатысты іс-қарекетімен айналысатын. Наурызды кейінге қалдыра тұратын ауылдардың өзінде де
мейрамнан кейінгі 2-ші күні жаппай егіске кірісетін.
Наурыздың 22 күні Наурыз мейрамы (жаңа жыл) екенін қазақ баласының көбі біледі.Наурыз
туралы көптен бері,жыл сайын газеттерде жазылып келеді.Бұл мейрам бүкіл ұлтқа ортақ.Тегінде
7
Наурыз ұлт мейрамы болғандағының үстіне оның тарихи маңызының тереңдігі бар. Ызғарлы
қыстың кетіп,жан йесі өмір қуатын туғызған жыл,жаздың келетіндігіне барлық жаратылыспен
қатар қазақ елі де қуанатын. ˝Қыс бойы өлімнің есігін күзетіп,үңгірде жатқан кәрі құйрық,мертік-
шортықтар да қыбырлап дүниеде бар екендіктерінбілгізе бастайтын,аурулар сауығамын деп,аттар
тойынамын деп,жалаңаштар киімсіз де күн көремін˝ дегендей жұрттың бәріне үміт,әркім деп
жылы шырай сезіне бастап, ˝ бәріміз де табиғаттың бергеніне ортақпыз ˝ дегендей сағынышты
көрісілері, жалынды құшақтасуларымен жаңа жылды қарсы алатын. ˝ Бүгінгі күні Самарханның
көк тасы да жібіпті ˝ - десіп Наурыз күні бейілін кеңітпеген адамды тастан да қатты қылып
шығарғысы келіп,аңыз қылысатын.
Еңбекші қазақ елі,шығынды тыртаңнан аттарыңның басын тарта ұстап,тарихи
мейрамдарының Наурызды жаңа тұрмысқа лайықты мейрамдап өткізудің жолына түсіңдер.Жаңа
жылға жаңа тілек,игі үмітпен шығуымыз керек.
Сыныптан тыс шара
Тақырыбы: «Наурыз - жыл басы»
Мақсаты: Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін, оның
тарихын, өнерін, мәдениетін қастерлей отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту
арқылы, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Оқушыларды ұлттық ойындар ойнату арқылы, өз салт -
дәстүрін, әдет - ғұрпын, білімдерін шыңдап, ой - өрісін кеңейту.
Мазмұны: Мейрамның қасиетті сөздері кеңінен насихатталады.
Көрнекілігі: Сахна мерекеге сай безендіріледі, қабырға газеттері, қазақтың ұлттық киім үлгілері,
ұлттық тағам түрлері, құрақ көрпе, слайд,сурет, мақал - мәтелдер,тыйым сөздер оқушылар салған
суреттер
Түрі: Мерекелік сазды әдеби – музыкалық кеш.
Әдісі: сазды танымдық кеш
Қатысушылар: Жүргізушілер, Күн, Түн, ата, әже, Қыдыр ата, ұлттық ойын көрсетуші балалар.
І. Қонақтарды қабылдау.
ІІ. Жарапазан айтушы бала мен өнерпаз жігіт жиналған қауымды Наурыз тойын
тамашалауға шақырады.
ІІІ. «Наурыз - жыл басы» тойы мерекесінің жүру бағдарламасы.
1 - Баннер, стенд, плакат жеңімпаздарын анықтау
2 - Ұлттық киім байқауы
3 - Халық әндері, күйлері мен билерін тамашалау.
4 Сахналық көрініс
5 «Салтыма тән думаным-алтыбақан» ұлттық ойындардан көрініс
Байқау төменде көрсетілген 5 сала бойынша қорытындыланады:
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда ол жылы жол болар.
Үлкеннен ұлағат, кішіге аманат.
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар, ата – аналар мен оқушылар! Бүгінгі «Наурыз - жыл басы» деп
8
аталатын тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық
мейрамы, Наурыздың 22 – інде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді. Жаңа жылды,
Наурыздың 22 – сін халық Ұлыстың Ұлы күні деп ұлағаттаған (Ұлыс-халық). Сіздерді 22- наурыз
көктемнің Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Келген қадамдарыңыз құтты болсын!
Жүздеріңізге нұр, құшақтарыңызға гүл тілейміз.
Той деп бүгін көңіл шіркін тасиды,
Той деп бүгін халқым шашу шашады.
(Бір оқушы шашу шашады)
1 жүргізуші: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
2 жүргізуші: Бүгін ұлыстың ұлы күні.
1 жүргізуші: Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн!
2 жүргізуші: Күлімдеген көктемнің шуақты шақтарымен бірге жер бусанып, «арқаның қысы аттан
түсетін» кез.
1 жүргізуші: Наурыз – табиғаттың тамырына қан жүгіртіп, тіршілік атаулыны қайта оятып,
жаңартатын кез.
2 жүргізуші: Көктемнің шуағын ала келген Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын!
Отырған әділқазыларды таныстырып өтейін:________________________________________
Той бастаңдар балалар, той бастаңдар,
Той бастаған балалар, көп жасаңдар,
Бүгінгі күн,сейсенбі, той қылыпсыз.
Құтты болсын тойыңыз деп бастаңдар!!!
Балалар Наурыз тойына кімдер тілек айтады?
1 - жүргізуші:
Ерітіп қарын даланың,
Жайнатып гүлін даланың,
Жетелеп жұмсақ самалын,
Келді Наурыз - жыл басы.
Күлімдеп қарап күміс Күн,
Аспанын бүркеп пүліш түн,
Ұлы күні Ұлыстың
Келді Наурыз – жыл басы.
2 - жүргізуші:
Сәнді көктем – Наурыз,
Наурыз тойы – жырымыз.
Көңіл гүлдей жайнасын,
Құлпырсын күн мен ай,
Құтты болсын Наурыз той!
Оқушы: Наурыз жыр
Наурыз келіп, қар кетті.
Ақ қар көк мұз жұтатқан
Шаруа елінен қар кірді.
Наурыз келіп, жас кірді,
Жас хабаршы әз кірді.
Күнге тосып арқасын,
Жан біткенге наз кірді.
Мұғалім:
Күн мен түн теңелді,
9
Жер шуаққа кенелді.
Соны тойлар ел енді.
«Наурызға көрік берген сұлу сән» ұлттық киімдер байқауы
Ұлттық киімдер байқауына әр сыныптан бір немесе бірнеше оқушы қатыса алады. Байқауға
қатысушылар ұлттық киім жайлы деректерді, өздерін таныстыруды, музыкалық сүйемелдеумен,
ұлттық киімдердің қасиеттерін ашатын ән – жырлармен әсерлеп көрсете білуі шарт.
Отырған әділқазыларға ескерту: Ұлттық киімдердің тігілу шеберлігіне, өрнектеп безендіру
тәсіліне, ою – өрнектің мән – мазмұны мен бояуына, ерекшелігіне тиісті баға беріледі.Ән
шырқалады. Байқауға қатысушылар ұлттық киіммен сахнаны айналып жүреді.
1 - жүргізуші: «Ұлыстың ұлы күнінде»
«Оң болсын, - деп, - ұлысың!»
Төс түйісіп көрісер.
Көжедегі ырысын
Көпшілікпен бөлісер.
2 - жүргізуші: Төс түйісу дегені -
Тату болсын ел іші.
Бөліп ішу көжені -
Тоқшылықтың белгісі.
Оқушы: Наурыз тойы салтымыз,
Аман босын халқымыз.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Оқушы: «Наурыз тойы»
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді-салтымыз:
«Көгерсін!» деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Көрініс. Күн мен Түн шығады ортаға.
Күн: Сәулесі мол Күнмін,
Түн: Жұлдызы көп Түнмін.
Екеуі бірігіп: Бүгін біздер бірдей боп,
Теңелеміз бүгін біз.
Түн: Ал ертең, күн ұзақ,
Күн: Түн қысқарар бірақ.
Екеуі бірігіп: Ұйқы қанбай қалып,
Жүрмендер тек бірақ.
Мұғалім: Балалар, көрісу деген Қазақстанның батыс облыстарында кең үрдіс алған. Жыл сайын
наурыздың 14-інен бастап жазылмаған заң бойынша жасы кішілер үлкендерге көрісе барып,
батасын алады. Бұл әркімнің өз үйінен басталады. Таңертең тұра салып, әке-шешеңе, үйдегі өзіңнен
үлкен адамдарға қол беріп амандасасың. Олар: «Жас қайырлы болсын, өмірің ұзақ болсын, әлі талай
көрісуге жазсын!» - деп бата береді.Ұлы күнде сәлемдесудің де қалыптасқан дәстүрі-көрісу, қане,
соны көрейік.
Амансыз ба, Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда болса, жол болсын.
Оқушы:
10
Ұлыс береке болсын,
Бәле – жала жерге енсін.
Оқушы:
Ұлыс бақытты болсын,
Төрт түлігің ақты болсын.
Оқушы:
Ұлыс бақты болсын,
Әр күніміз жақсы болсын,
Достығымыз берік болсын,
Бі лім - өнер серік болсын!
Оқушы:
Ау, жараңдар, келіңдер!
Той қызығын көріңдер!
Наурыз айға бас иіп
Күнге сәлем беріңдер.
Бәрі көріседі.
Ата: Құдағай мына ауыл жастары мені құттықтауға келіпті. Соны пайдаланып көрші Назар
ақсақалды да шақырттым, немеремді бесікке салдырайын деп жатырған жайымыз бар. Сізді арнайы
шақыртып жатырмын.
(барі жиналып отырады, баланы әкеледі)
Ата: Немеремнің атын қоюды Назар ақсақалға жолдап жатырмын. Назардың алдына баланы
апарады.
Назар: Сенің атың Наурызбай. Үш рет қайталайды.
Әкеңнің аты Жарас.
Атаңның аты Төремұрат.
Анаңның аты Айша.
Бақытты бол.
(Келіні Айжан құдағайға баланы апарады.)
Ата: Құдағай немерем сізге тартсын деп бесікке салуды ұсынып жатырған жайымыз бар. Қолыңыз
жеңіл болсын құдағай. Рахмет құда.
(бесікке салу дәстүрі)
Әлди-әлди ақ бөпем, орындайтын: Айжан құдағай.
Ән: Шілдехана.
Ата: Құдағай, Назар ақсақал. Бүгін жастар жиналып қалыпты. Біздер Абай ақсақалға барып көрісіп
қайтайық. Келіңдер, наурыз бата берейін. Жастар «Бастаңғы» жасасын.
Құдағай: Барсақ барайық наурызбен құттықтап қайтайық.
1 - жүргізуші: Келесі тамашалайтындарыңыз ер жігіттерімізге арналған «Күш сынасу» кезегіне
берелік.
2 - жүргізуші: «АДАЙ» КҮЙІ
Қазақтың әрбір күйінің өзіндік шығу тарихы бар. Құрманғазы
ел аралап жүріп Адай руының бір үйіне түседі. Үйде шал мен
кемпірден бөтен ешкім жоқ екен. Күйшінің көзі кереге басында ілулі
тұрған үкілі домбыраға түседі де, қолына алып бұрауын өзгертіп
қояды. Біраз уақыттан соң он алты, он жеті жасар шамасындағы қыз
11
бала келіп, отырғандарға қарамай төрдегі домбырасына жармасады.
Бұрауының өзгеріп қалғанын бірден сезген қыз «бүлдірген екенсің
ғой» дегендей, Құрманғазыға қарайды да домбырасын ұсына қояды.
Құрманғазы бір-екі күй тартқаннан кейін үйдегілер бұл өңірде
Ақмаңдайдан өткен күйші жоқ еді ғой, бұл кім болды екен, дегендей
таңдана қарайды. Сұрастыра келе домбырашының қызылқұрт
Құрманғазы екенін біліп, сый-құрмет жасайды. Сол Ақмаңдай қызбен
күй тартысу үстінде осы «Адай» күйі шығыпты.
Әнім де саған, биімде
Құт қонақ өзіңсің үйімде
Шарықтап көңілім асқандай,
Биге бір жаным басқандай.
Биші қыз билей жөнелсе,
Шаттықтың нұры тасқандай.
« Адай» биін орындайтын___________________
Оқушы: «Наурыз көже»
Ашық болсын қос қабақ,
Таспен атқанды аспен ат.
Бейтаныс та, таныс та,
Бүгін төрде бас қонақ.
Оқушы: