Классный час "Мен Қазақстанның патриотымын!"

СҚО
Уәлиханов ауданы
Бидайық орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Касимова Р.Б.
Тәрбие сағаты
тақырыбы: Мен Қазақстанның патриотымын!
Мақсаты:
1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін
тарихын білуге тәрбиелеу.
2. Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.
3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-
пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта
Барысы:
1. Ұйымдастыру.
Шаттық шеңбері.
Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз-бақытты баламыз!
Ақпыз,қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Бүгін сендер оқушылар деп атандыңдар. Бұл сендердің ең бірінші
сабақтарың. Оның аты – бейбітшілік сабағы. Мен сендерді құттықтай
отырып, сыйлықтар дайындап қойдым. Қайсың сыйлық алғыларың келеді?
Ендеше менің сұрақтарымды мұқият тыңдап, жауап беруге дайындалыңдар.
1 Жұмбақ
- Маған да, саған да жақын адам. Ол түн ұйқысын төрт бөліп, есікті
тербетеді. Ол кім? (АНА)
- Кім бізге өз анасы туралы айтып береді?
Белсенділік танытқан 3 балаға әріптер жазылған 3 шар беріледі.
Олар АНА сөзін құрастыру керек.
2 ойын: «Дұрыс - бұрыс»
- Біз балабақшаға келдік.
- Біз білім алуға келдік.
- Осында кешігіп келуге болады.
- Осында сенің достарын көп болады.
Не туралы сөз жүргіздік? (МЕКТЕП) Сөз құрастыру.
3 Жұмбақ: бұл қай әріп?
- Дөңгелек тәріздес - О
- Антеннаға ұқсайды –Т
- Ана деген сөзде екі рет кездеседі – А
- Екі таяқтың ортасында белбеу Н
Дұрыс жауап берген оқушыға шар беру. Соңында ОТАН сөз
құрастырады.
- Отан деген не, кім қалай түсінеді?
Көп аузынан түспейтін,
Отан деген немене?
Оның тұлға түс кейпін,
Достым білгің келе ме?
Оқушылардың жауаптарын қабылдау.
-Біздің Отанымыз қалай аталады?
-Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
-Қазақстан Республикасының президенті кім?
(рәміздер жайлы әңгімелесу)
Мұғалім:
- Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған
елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің
тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана.
Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі,
күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның
патриотымыз!
ПАТРИОТ сөздік жұмыс.
елін, жерін сүйетін азамат .
Патриот болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?
- Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек.
Қорытынды: - Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы
екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Әрқашанда
еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат
болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз
елдің азаматтары!