Классный час "Доссыз өмір бос" 6 класс

Тәрбие ісінің меңгерушісі:__________________
14.01.2017 оқу жылы
Тақырыбы: «Доссыз өмір бос»
Мақсаты: Адамның бойында болатын достық сезім қасиеттері де қастерлі сезім екендігіне көз
жеткізу. Достық сезімді бойларына сіңіріп, оған басшылық жасай білуге тәрбиелеу, досқа деген
адалдық, шексіз ықылас сезімдерін бағалай білуге және адал достықты жалған достықтан айыра
білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Әңгімелесу, сұрақ-жауап,
Көрнекілігі: Қанатты сөздер.
Сабақтың барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн! Ұстаздар мен оқушылар! Жалпы дос дегеніміз не, қалай дос болу
керек екені бәрімізге белгілі. Бірақ кейбіреулер шындығында дос деген сөздің мәніне жетпейді.
«Достық - өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашанда барлық басқа игілікке түгел ие бола
тұрса да, дос – жарансыз өмірді қаламақ емес» деп Аристотель атамыз айтқандай бүгінгі
сабағымызды жалпы дос туралы талқылайтын боламыз.
Оқушылар алдымен достық деген не, оны қалай түсінеміз, соны айырып алайық. Сендер қалай
ойлайсыңдар? Дос деген не? (оқушылар жауабы)
Оқушылар: Дос дегеніміз екі адамның бір – біріне деген қарым – қатынасы.
Дос деген қиналғанда жанынан табылатын, көмектесетін жанашыр жан.
Жүргізуші: Достық туралы ақын-жазушылар, атақты ғұлама данышпандар артында көп нақыл
сөздер қалдырып кеткен осы сөздерді оқуп беріп кетейін:
Жақсымен дос болсаң,
Алдыңнан шығар елпектеп...
Жаманмен дос болсаң,
Сыртыңнан жүрер өсектеп.
(Махамбет Өтемісұлы)
Әркімнің жолдас болсын сүйген досы,
Біріксе айырылмасын көңіл қошы!
(Баубек Бұлқышев)
Өзіңе қарай дос таңда,
Күшіңе қарай жүк көтер
(Жүсіп Баласағұни)
Қиын күнде қол үшін берген — нағыз дос,
Жайшылықта «доспын» деген жай сөз
(Саиф Сараи)
Жолдасын таппаған ер азады,
Басшысын таппаған ел азады
(Мұхтар Әуезов)
Көп достардың арасында адал жандар аз
(Плавт тит Макций)
Достарым бар дегенде,
Досы жоқ
(Аристотель)
Опасыз дос — ең қауіпті дұшпаның
(Филаденг)
Не жетеді нағыз досқа, асылға,
Қуансаң да, қайғырсаң да қасыңда.
Қиналады — сен қиналсаң болғаны,
Ұйықтамасаң — ұйықтамайды ол дағы
(Уильям Шекспир)
І.Таныстыру.
- қатысушылар екі топқа бөлінеді;
- қатысушылар топтың атауы, ұранымен таныстырады.
І-топ – «Бірлік» тобы
ІІ- топ – «Мирас» тобы
ІІ. Бәйге
(достық үйін қала )
Балалар достарың қаншалықты көп болса, достық жайлы мақал - мәтел, нақыл сөздерді де
соншалықты көп білесіңдер деп ойлаймын. Бұл тапсырмамыз бойынша достық туралы мақал -
мәтелдің жартысын айтамын да, жартысын жасырамын. Қалғанын тауып сол табылған сөздерді аша
отырып, достық үйін қалап шығамыз. Алдымен үйдің нөмірін таңдап алыңдар.
«Бірлік» тобына берілген мақал –мәтелдердің ізін жалғастыру
1. Ақылсыз достан,..... ( ақылды дұшпан артық)
2. Дұшпанға да дос керек,... (палуанға да күш керек)
3. Достың орны - төр,... (дұшпанның орны – көр)
4. Досы көппен сыйлас, ... (досы азбен сырлас)
5. Айрылмастай досыңа, .... (қайрылмастай сөз айтпа)
6. Жаман достан,.... (жау артық)
«Мирас» тобына берілген мақал –мәтелдердің ізін жалғастыру
Мың досың болса да,....... (біреуінің орны артық)
1. Дос көтерер көңілді,....... (мал көтерер өнімді)
2. Досыңды жамандама,..... ( доссыз қаларсың)
3. Шын дос басыңа ырза, ....... (кей дос асыңа ырза)
4. Дос егіз,...... (дұшпан сегіз)
5. Жақсы дос пайдасын тигізбесе, зиянын тигізбейді,...
(Жаман дос алдыңды орап жүргізбейді)
(Екі топ бірдей жауап берген жағдайда қойылатын қосымша мақал –мәтел )
1. Кемшіліксіз дос іздеген адам.......... (доссыз қалады)
2. Дұшпан күлдіріп айтады, .......... .(дос жылатып айтады.)
3. Жаңылмайтын жақ жоқ, ........... (сүрінбейтін тұяқ жоқ)
4. Киімнің жаңасы жақсы, ......... .(достың көнесі жақсы)
5. Көп ақшаң болғанша,.......... (көп досың болсын)
6. Досы жоқпен сырлас,.............. (Досы көппен сыйлас)
7. Досы жақсының-........ (өзі де жақсы)
8. Дос басқа қарайды,.... (Дұшпан аяққа қарайды)
9. Ақылсыз достан .... (ақылды дұшпан артық)
10. Досың мың болса да..... (-аз)
Дұшпаның біреу болса да..... ( -көп)
11. Доссыз адам тамыры жоқ.... ( ағашпен тең)
12. Білімдімен дос болсаң,..... (Сасқанда ақылын айтар.)
Білімсізбен дос болсаң,.... (Топ ішінде бетің қайтар)
ІІІ.Ситуациялық сұрақтар:
«Бірлік» тобына қойылатын сұрақ
1. Бір күні көптен бері кездеспеген досыңмен жолығып кездесіп қалдыңдар.
Әңгіме – дүкен құрып дәмханада отырғанда кенет анаңның “тез қайт”- деп
бұйырғаны есіңе түсе кетті. Сен осы кезде не істер едің?
«Мирас » тобына қойылатын сұрақ
2. Достарыңмен табиғат аясында демалып отыр едің, қасыңда енді ғана таныса
бастаған әдемі қыз (жігіт) отыр. Кенет сенің 10 жыл бірге оқыған сыныптас
досың көрші елді - мекенге барып келу керектігін сенен өтініп сұрап телефон
шалды. Сенің осы кездегі әрекетің қандай болар еді?
3. Поезд жүріп келеді. Сен алып ұшып, сағынып туған ауылыңа 7 - 8 жылдан
кейін келе жатырсың. Көптен бері көрмеген сыныптастар мен дос -
жарандарыңды болашақ жарыңа мақтан етіп келе жатқаныңда алдарыңа бір
қайыр сұраған мүсәпір кейпіндегі ұсқынсыз бір адам келе қалды. Бұл сенімен
бірге оқыған, бірге ойнаған, бір нанды бөлісіп жеген ажырамастай боламыз деп
кішкене күндеріңде бір – біріңе уәде берген қимас досың болып шықты. Сенің
оны көргеннен кейінгі әрекетің қандай болады деп ойлайсың?
4. Сенің ең жақын досың өзінен кіші баланың ұялы телефонын тартып алды.
Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не
айтар едің?
5.Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң
жетпейді. Сен не істейсің?
ІV. Достық , өмірлік адал сырласың
Д дүниедегі
О - озық ойлы Достық
С сабырлы
Т тұрақты
Ы ыстық
Қ қарым – қатынас
Бұл бөлімде оқушылар достың бойында болатын жақсы қасиеттермен жаман
қасиеттерді жүректің ішіне жазу.Қай каманда көп жазғанын жазған сөздер санына қарап ұпай
беру.
Қорытынды:
Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.
Досыңды алдамай, оған адал бол.
Досыңды қорлама.
Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.
Досыңды барда да сына, жоқта да сына.
Досыңның кемшілігін кешіре біл.
Жеңіске жеткен топты құттықтаймыз!
Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Шаған жалпы орта білім бретін мектебі
Тәрбие сағаты: «Доссыз өмір бос»
Сынып жетекші:
Ханов Ш.У
14.01.2016 оқу жылы