Классный час "Отан үшін от кешкендер" 6 класс

Тәрбие ісінің меңгерушісі:______________________
06.05.2017 жыл
Cабақтың тақырыбы: "Отан үшін от кешкендер"
Мақсаты:
Ұлы Жеңісті дәріптеу,өз Отанын,елін,туған жерін сүю,сүйіспеншілігін арттыру. Отанын, туған
елін қорғай білуге тәрбиелеу.
Тәрбиелік мақсаты: Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін
қастерлеп, рухын көтеру, үлгі-өнеге тұту, патротизмге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, бейнематериалдар, слайдтар, суреттер.
9 мамыр. Ұлы Отан соғысының тарихы
Биыл Ұлы Жеңіске 72 жыл. 9 мамыр - Жеңіс күнінің қарсаңында Ұлы Отан соғысының
тарихына шолу жасайық.
30-жылдардағы әлемдік дағдарыс көптеген мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және
халықаралық қатынастарын шиеленістірді. Бұл жағдай әлемдік билікке талпынған күштердің
пайда болуына жол ашты. Осындай күштердің ішіндегі ең қауіптісі Германияда орнаған
фашистік тәртіп еді. Батыс мемлекеттері тарапынан ұйымдасқан қарсылықтың болмауы
фашистік агрессияның күшеюіне жол ашты. 1937 жылы фашистік мемлекеттер – Германия мен
Италияның милитаристік Жапониямен әскери-саяси одақ құруы екінші дүниежүзілік соғыстың
басталуына алып келді.
Екінші Дүниежүзілік соғыс 1939 жылы Германияның Польшаны жаулап алуымен басталды.
Англия мен Франция Германияға соғыс жариялағанымен, батыс майданда белсенді іс-қимыл
танытпады. Бұл жағдайды Германия өз мүддесіне пайдаланып, 1940 жылы Дания, Норвегия,
Нидерланды, Люксенбург мемлекеттерін еш қарсылықсыз жаулап алды. Бельгияны жеңгеннен
кейін, негізгі күштер талқандалды. Нәтижесінде Франция Германиямен бейбіт келісімге қол
қойса, Англия АҚШ-тан көмек сұрауға мәжбүр болды. Сонымен Батыс Еуропадағы әскери іс-
қимылды аяқтаған фашистік Германия Кеңестер Одағын басып алуға дайындықты бастайды.
КСРО-ға қарсы соғыс жоспары “Барбаросса” деген атпен белгілі. “Барбаросса” жоспары 4
әскери топтың келісілген іс-қимылына негізделді. Финляндия фельдмаршалы Маннергейм мен
генерал фон Дитла басқарған Финляндия тобы Мурманск, Беломорск, Ладогоға бағытталды.
“Солтүстік” тобына (басқарған генерал фельдмаршал фон Лееб) Ленинградты басып алу
жүктелді. Генерал-фельдмаршал фон Бок басқарған ең күшті “Орталық тобы” Москваға
бағытталды. Генерал-фельдмаршал фон Рундштенд бастаған “Онтүстік тобы” Украинаны басып
алуға тиіс болды. Фашистік Германияның Кеңестер Одағын жаулап алу жоспарында Қазақстанға
үлкен мән берілген. Осы мақсатпен Атлантикадан Сібірге дейін біртұтас Герман
этнотерриториялық кеңістігін құру көзделді. Бұл территорияны славян халықтарынан тазарту
және түрік-моңғол халықтарын жою көзделді. Сонымен қатар фашистік Германияға қызмет
ететін Қарағанды, Новосибирск, Кузнецк индустриалды облыстарын құру жоспарланды.
1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия әскері Кеңес Одағына тұтқиылдан, соғыс
жарияламастан басып кірді. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысы, яғни Отанын шетел
басқыншыларынан азат ету соғысы басталды. Кеңестік әскери күш бейбіт уақыт жоспарына сай
орналасқандықтан, соғыс қимылдары басталған территорияға тартылуы барысында, жау
соғыстың алғашқы бес айында мемлекеттің 5% халқы тұратын аудандарын жаулап алды.
Осыған қарамастан шекарашылар, олардың қатарында Брест қорғаушылары алғашқы
ұрыстың өзінде теңдесі жоқ ерлік көрсетті. Брест шекаралық отряды жауынгерлердің құрамында
жаудың алғашқы соққысына А.Мүсірепов, В.Лобанов, К.Абдрахманов, К.Иманқұлов, А.Наганов,
Ғ.Жұматов, Ш.Шолтыров, Т.Деревянко, Қ.Батталов және басқа қазақстандық жауынгерлер
қарсылық көрсетіп, айрықша ерлікпен көзге түсті.
Соғыс жылдары Қазақстанда 12 атқыштар және 4 атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар
бригадасы және 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар жасақталып, майданға аттандырылды.
Қазақстан территориясында жасақталған әскери құрылымдар соғыстың алғашқы күндерінен
бастап, жаумен ерлікпен шайқасты. Әсіресе, Москва түбіндегі шайқаста қазақстандықтар үлкен
құрметке ие болды. Москва бағытындағы негізгі жолдардың бірі – Волоколамск тас жолын
қорғауда Алматыда жабдықталған 316-атқыштар дивизиясы генерал-майор И.В.Панфиловтың
басшылығымен теңдесі жоқ ерлік танытты. Қысқа уақыт ішінде дивизия жауынгерлері жаудың
танк, моторлы және екі жаяу әскер дивизияларын талқандады. Москва түбіндегі шайқаста әсіресе
саяси жетекші В.Г.Клочков басқарған бөлімше – 28 панфиловшылар жаудың 50 танкісіне
тойтарыс беріп, асқан ерлік көрсетті. 1941 ж. 17 қарашада дивизияға 8-ші гвардиялық деген атақ
беріліп, кейінірек Қызыл Ту, Ленин ордендерімен, ал Риганы жаудан азат еткені үшін екінші
дәрежелі Суворов орденімен марапатталды. Бұл шайқаста ерлік танытқан 28 жауынгер Кеңес
Одағының Батыры атағын иеленді. Сонымен бірге Волоколамск түбінде үлкен ерлік көрсетіп
қаза тапқан талантты қолбасшы, қаһарман командир И.В.Панфиловке Кеңес Одағының Батыры
атағы берілді.
Панфиловшы аға лейтенант Б.Момышұлы Мәскеу түбіндегі шайқаста өз батальонымен жау
қоршауын үш рет бұзып шықты. Соғысты Б.Момышұлы полковник лауазымымен, 9-шы
гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады. Белгілі орыс жазушысы
А.Бектің “Волоколамское шоссе” повесі Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігіне
арналды. Сөйтсе де, Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігі өз дәрежесінде мойындалмай,
тек 1990 жылы еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тікелей араласуымен, оған Кеңес
Одағының Батыры атағы берілді.
“Барбаросса” жоспары жүзеге аспағаннан кейін, 1942 жылы Германия Кеңестер Одағын
басып алу мақсатында жаңа жоспар қабылдады. Бұл жоспар бойынша фашистер негізгі күшін
Сталинград пен Кавказды басып алуға бағыттады. Сталинград пен Кавказды басып алу
операциясына фашистер құпия дайындалып, оған “Блау” деген ат қойды. Жау 1942 жылдың
шілде айында Сталинград бағытына 42 дивизия, тамызда – 69, ал қыркүйекте – 81 дивизия
аттандырды.
1942 жылдың 19 желтоқсанында Боковская-Пономаревка ауданында болған әуе шайқасында
қарағандылық ұшқыш Н.Әбдіров өзінің оқ тиіп өртенген ұшағын жау танктері шоғырланған
жерге бағыттап, экипажымен бірге ерлікпен қаза тапты. Н.Әбдіров, минометші К.Сыпатаев пен
Р.Рамазанов Сталинградты қорғаудағы ерліктері үшін Ұлы Отан соғысы батыры атағына ие
болды.
1943 жылы фашистер Кеңестер Одағын басып алу мақсатында жаңа операция жоспарлады.
Бұл операцияға “Цитадель” деген ат беріп, жан-жақты дайындалды. Осы жылы Германияның
әлсірегенін сезген бұрынғы одақтастары бастапқы міндеттерінен бас тартып, дүниежүзілік
соғыстан шығу жолдарын іздеу үстінде болды.
1944 жылы Германияның жеңілетіні белгілі болғаннан кейін, ендігі жерде соғыс қимылдарын
Кеңес Одағы бақылауға алды. Осы жылы Кеңес үкіметі “Берлин” операциясын бастайды. Бұл
операцияның мақсаты – неміс фашистерін Кеңестер Одағы територриясынан қуып, Еуропа
мемлекеттерін жаудан азат ету болды.
Ұлы Отан соғысына тартылған қазақстандықтар санына тоқталайық. Соғыстың алдында
Қазақстанда 6,2 млн. адам тұрды. Соғыс жылдары қолына қару алып, майданға 1,9 млн. адам
аттанды. Сталиндік тәртіп 1916 жылғы патша үкіметінің тәжірибесін пайдаланып, арнайы
құрылыс батальондарын да құрды. Бұл батальондар Орта Азия және Қазақстанның жергілікті
халқынан және құғын-сүргінге түскен халықтардан жасақталды. Қазақстаннан әскери
комиссариат арқылы еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Олар соғыс шебіне жақын
аудандарда оқ астында қорғаныс объектілерінде еңбек етті. Осылайша әрбір төртінші
қазақстандық қорғаныс және майдан объктілеріне тартылған.
Ұлы Отан соғысы майдандарында қаза болған қазақстандықтар санына байланысты түрлі
пікірлер бар. Кейінгі жылдардағы мәліметтерде соғыстан оралмаған қазақстандықтардың саны
601 000-ға дейін жетіп отыр, оның 350 мыңнан астамы қазақтар. Бұл қолға қару алып, ұрыс
даласында қаза тапқардардың саны. Егер осы тұстағы халықтың жалпы саны мен соғыста қаза
тапқан өкілдердің санына шағатын болсақ, қазақтардың шығыны көршілес өзбек, татар,
азербайжан, грузиндерден анағұрлым жоғары. Бұл пайыздық шығын жағынан қазақ халқы өз
жерінде соғыс қимылдары болған орыстармен, украиндермен, белорустермен деңгейлеседі.
Кеңестер Одағының құрамдас бөлігі ретінде жаумен шайқаста қазақстандықтар үлкен
ерлік көрсетіп, жеңіс күнін жақындатуға өз үлестерін қосты. Майдандағы ерлігі үшін 520
қазақстандықтың, оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры атағын
алуы – ортақ Отанын қорғауда қазақ ұлтының суырылып алға шыққанын көрсетеді.
Ұлы Отан соғысының 70 жылдық Жеңісіне арналған «Желбіре, Жеңіс жалауы»
атты балалар шығармашылығының республикалық байқауына жіберген Қарақат
есімді арудың шығармасын қабыл алыңыздар.
«Желбіре, Жеңіс жалауы»
Шығарма атам айтқан сөзден туды,
Ғаламтор,кітап,газет-журнал емес ,
Сыр бүркеніп,жас тамған көзден туды.
Балалық шақта дәурен құра алмаған,
Қайғы шегіп, қан жұтқан кезден туды.
Автор
Мамыр айы келсе, ата-әжелеріміздің мерекесі бірге келетіні бәрімізге аян.Ұлы Отан
соғысының Қазақстан халықтарына салған салмағы аз болған жоқ.Өзім соғысты көрмесем
де, ата-әжелеріміздің айтқан әңгімелерін тыңдап, соғыстың салған жарасын, езілген ет
жүректің соққан лүпілін, қалдырған ізін, ой елегімнен өткізіп,атамды сағынып еске аламын.
Атам мені дүниеге келген күнімнен бастап, аса жақсы көріп, бауырына басып өсірді. Әр жылы
9 мамырда болатын Ұлы Жеңістің мерекесіне баратын кезде біздің үйде, үлкен қуаныш
болатын. Атам медаль, орденге омырауы толы костюмін киіп, жүзі жайнап мені бір иіскеп
құшақтайтын еді. Ал анам болса таңның атысымен ерте тұрып мерекелік дастархан әзірлейтін
еді.
Сол күні Жеңіс күнін тойлап парадтқа барып, ескерткішке гүл қойып, соғыста қайтыс
болған құрбандарды еске алып ,содан соң үйге бәріміз бірге қайттық. Үйге келген соң атам өз
бөлмесіне кіріп костюмін шешіп, медалдарын қолына алып біріаз ойға шомылып отырғандығын
байқадым. Қасына барып атамнан Ұлы Отан соғысы жайында сұрап едім, жүзіне мұң толып,
қабағы бұлттанып,терең күрсініп, көзіне жас алды. Мен таңданып бұныңыз не деп сұрадым.
Атам сол бір отты жылдардағы соңғыстың ауыртпалығын,көрген қиыншылықтарын маған
баяндап берді.
Ұлы Отан соғысы басталған тұста мен он екі жаста едім деп ақтарыла әңгімесін бастады.
Бұл соғыс менің нағыз тәтті балалық шағымды ұрлады. 1941 жылдың қазан айының бас кезі
еді. Ол кезде мен мекетепте оқитын оқушы болатынмын. Қоңырау соғылып, барлық оқушылар
сыныпқа кіріп сабақ басталып кетті. Бізге Кеңес ағайдың сабағы болып жатыр еді. Есік жақтан
тарсылдаған аяқтың дауыстары естіліп кенеттен есік ашылды. Бәріміз жалт бұрылып қарасақ ,
әскери киім киген екі адам екен.Ішінен бойы ұзындау келген, жуан дауысты адам көп сөйлеп
түсіндіріп отырмай,Кеңес деген мұғалімімізге: «Тез жинал, майданға кісі жетпей жатыр,сені
алып кетеміз»- деп, сабақ беріп жатқан мұғалімімізді алып кетті. Содан соң көп ұзамай бізді де
колхоздың басқармасы келіп жұмысқа алып кетті. Оқу жайында қалды. Төрт қыз, бес бала едік,
бәріміз колхоздың белді жұмысшысына айналдық. Сол күннен бастап соғыс майданында
соғысып жатқан әскерлерге, колхоздың кез-келген жұмысын істеп, зат жөнелтіп көмектесіп
отырдық. Мен әкемнен екі жасымда жетім қалып, шешемнен тәрбие алдым. Әкемнің жоқтығы
жаныма қатты батты. Содан кейін әке орнына әке болып, екі қарындасым мен анамды өзім
бақтым.Таңның атысы мен күннің батысына шейін колхозда жұмыс жасап,майданға астық,
айран, май, жылы киімдер және төсеніш тапсырдық. Тапсырған заттарды 150 шақырым жердегі
аудан орталығындағы пойыз стансасына ,өгізге жегілген арбаға тиеп жеткізіп отырдық.
Сонымен қатар майданнан келген хаттарды тасып, пошташы да болып қызмет
атқардым.Жақсы хат әкеліп талай отбасын қуанттым, Қарақағаз әкеліп талай ананың зарлы
үнін естідім. Майданнан келген қуанышты хаттар неміс фашистерін қырып салып азайтуға
септігін тигізген пулемёт секілді болса, қан жұттырған қарақағаз аналардың жүрегіне қадалған
оқтай болды.
Біздің колхозда еңбекке жарамды қарттар, әйелдер және мен секілді балалар бүкіл
шаруаны атқарып жеңістің аяқталуын тездетіп ,аянбай қызмет етті. 1943 жылы Майданға деп
колхоз бұлақтан аққан суды тоқтатып, бөгет қақпа жасап, тары екті. Бөгет қақпаны жасаған
кезде әрбір балаға 500 шым норма деп белгілеп беріп тасытып отырды. Норманы орындаған
адамға, бір кесе бидайдың талқанын береді. Сол үшін таңнан кешке дейін езіліп жұмыс
жасадық. Тарыны үйге апарып екі қарындасыммен анам үшеуміз жеп қарнымыз
тоймасада,қанағат қылып көңілімізді тойдырдық.
Сол жылдары соғыс мені ерте есейтті. Майданға кеткен екі ағам соғыстан оралмады.
Отбасымызбен ағаларымды соғыстан аман қайтса екен деп сарғая күттік. Өкінішке орай біздің
үйді де қайғы бұлты бір түнеріп, көңілімізге қаяу салды.
Соғыс бітер уақытта Қазақстанның туысқан Украйна еліне көмек ретінде, біздің колхоз
сиыр тапсыру керек болды. Осы тапсырманы орындау мақсатында Орбық стансасына екі әйел,
бір шал және мен өгіз арбамен жайлаудағы 300 сиырдың бәрін айдап, жолда азапты қиындықты
көріп, төрт айдан соң әзер дегенде елге оралдық. Бұл соғыс бізге оңайлықпен келген жоқ деп
терең тыныс алып, бір күрсініп әңгімесін аяқтады. Атамның бұл әңгімесін естіп ,көңілім босап
менде сол кезде көзіме жас алдым. Содан соң араға екі жыл салып 2014 жылы атам өмірден озды.
Атам өмірден озса да ерен ерлік жасап, ауықмды іс тындырып,бізге бейбіт өмір сыйлап,соғыстың
аяқталуын тездетіп, нүкте қойды.Заманымыздың тыныштығының іргетасын қалап кетті. Біз
қазір ешбір соғыссыз бақытты өмір сүріп жатырмыз.
Иә, шығармамды аяқтай келе расында да бұл қасіретті соғыстың аяқталуын тездетуде,
жеңістің жалауын желбіретуде сол жылдардағы батыр ұлдарымыз бен қыздарымыздың
көрсеткен ерлігі мен тылда еңбек еткен аталарымыз бен әжелеріміздің қажырлы еңбегі бірдей.
Ерлік пен еңбектің арқасында бұл соғыстың тамыры кесілді. Жарқын болашаққа бақытты ғұмыр
сыйлаған аталар, апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды! Солардың қасиетті рухы , ерлігі мен
еңбегі бүгінгі бейбіт өмірімізге мәңгі нұрын шашты. Ендігі кезекте тыныштықтың жалауын
желбіретіп, жаулардан Отанымызды көз қарашығымыздай сақтау біздің қасиетті парызымыз.
Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Шаған жалпы орта білім беретін мектебі
Тәрбие сағаты.
Тақырыбы: тан үшін от кешкендер"
Сынып жетекші:Аймаганбетова А.К
06.05.2017 оқу жылы

Педагогика - еще м