Технологическая карта урока "Адалдық пен әділдік" 5 класс

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: №64 Мерзiмі:_26.02.2016 ж. 23
Тақырып: «Адалдық пен әділдік»
Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: _Адалдық, сенім, мейірім, адамгершілік,
жақсылық жасауға ұмтылу ,ниет пен пейілдің тазалығы
Мұғалiм: Ж.Өтегенов_ Сынып: 5 А Оқушылар саны:_15
Сабақ мақсаты: Оқушыларға адам бойындағы
адалдық, әділдік сезімдерін ұғындыру.
Міндеттері:
- Адамгершіліктің, татулық пен достық ұғымының адам
өміріндегі мәнін түсіндіру;
- Пейіл мен ниеттерінің тазалығын,мейірімділік пен
адалдық қасиеттерін, сүйіспеншілік қарым-қатынасты
дамыту;
Ресурстар:
(нақыл сөздер,
бейнеролик,
плакат)
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».
-Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу
ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды
тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді
жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: «Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп,
кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында
гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып
келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр
сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,
жүрегіңіздің қауызын ашты!
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын
елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды
қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп,
сәуле шашуда! Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және
баршаға көмектеседі! Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз
нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін
жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына
айналды!
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз
тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады.
Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек
жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де
жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана
көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға
тек ізгі, сәулелі ой келеді !
Нұр бірте-бірте қарқын алып және шұғылана бастайды,
сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады.
Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге,
достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз! Нұрды уақытша
Сабақ
барысын
талдау:
түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,
олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге:«Барлық адамдарға, жан-
жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын...
Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз!»
Ойша айтыңыз: «Мен Нұрлымын... Нұр менің ішімде...
Мен - Нұрмын!».
- Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде
отыра тұрыңыз!..
- Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға
толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем
қалыпта сақтаңыз.
- Жаймен көзіңізді ашуға болады.
- Рахмет!
Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.
2. Үй тапсырмасын тексеру (мәтінмен жұмыс).
Ұстаздың шәкірттерін сынауы.
Мәтін бойынша пікір алмасу сұрақтары:
1. Ұстаз шәкірттерін қалай сынады?
2. Өз іс-әрекетіңе ішіңнен қысылып, ұялған кезің
болды ма?
3. Бейнеролик. Достық туралы
4. Жаңа білім беру кезеңі.
Әңгімелесуді мұғалім татаға «Адалдық,әділдік»
сөздерін іліп, олардың өз тұжырымдарын айтып,
құндылық мәнін ашады.
Адалдық-адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет. Ұлы
Абай: «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі
қазақтың әулиесі сол»
5. Оқулықпен жұмыс.
1-жағдаят.
Ажардың ұсынысына сен қалай жауап берер едің?
2-жағдаят.
Сендер баланың сұрағына қалай жауап берер едіңдер?
6. Дәйексөз.
Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық
ешкім жоқ.
Ш.Уәлиханов
1.Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
7. Тренинг (оқушылар топпен отырады, мұғалім болатын
нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш рет, ал
болмайтын нәрселерді айтқанда бір рет шапалақтайды)
1. Адал болуға 7. Сыпайы болуға
2. Мейірімді болуға 8. Қайырымды болуға
3. Қатыгез болуға 9. Бұзық болуға
4. Кешірімді болуға 10.Бауырмал болуға
5. Тәртіпті болуға 11.Шыншыл болуға
6. Әдепсіз болуға 12.Мақтаншақ болуға
8. Әңгімелеу. «Адал дос» туралы аңыз .
1. Бала неліктен алтын, күміс балталардан бас
тартты?
2. Баланың ісін адал деп айтуға бола ма?
9. Дәптермен жұмыс.
1-тапсырма. Төмендегі сөздерге өз ойыңша анықтама
береді. (Адалдық, әділдік)
2-тапсырма. Төмендегі берілген «Адалдыққа» қатысты
сөздерді өзің үшін ең маңыздысынан бастап орналастыр.
10. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
ІІ топ
Мақал-мәтелдер І топ
Адамгершілік болмай, «Адалдық-адамдықтың белгісі»
.........................болмас. тақырыбында эссе жазу.
Мысалы: адалдық,әділдік.
Адамның ұяты бетінде ,
................................ниетінде.
Мысалы:Сүйіспеншілігі, адамгершілігі.
Кішіпейілділік - ...................көркі.
Мысалы: кісінің, адамның
Әдептілік белгісі – иіліп ...........бергені.
Мысалы: сәлем, амандық.
...............айтқан жеңер.
Мысалы: адал, әділ.
Әділ айтсаң .................жақпайсың,
Әзіл айтсаң маңайыңа жакпайсың.
Мысалы: бауырыңа,
ағайынға
Әділет қылышы кескен ...........ауырмас.
Мысалы: қол, бас.
Әділ сөздің зілі жоқ,
Көп көзінен өткен істің ...........жоқ.
Мысалы: мәні, міні.
Әділін айтсаң —...............айтқаның.
Мысалы: әсем, әдемі.
11. Үй тапсырмасы.
«Қаз дауысты Қазыбек бидің шешімі» мәтінді оқып келу.
12. Соңғы тыныштық сәті.
Баяу әуен қойылады.
Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен
сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді
үйрендік, өзімізге нені алдық, сол жөнінде ойланайық.
Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп
алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет
сабақ үшін сіздерге көп-көп рахмет!!!!