Конспект занятия "Үйдегі қауіпсіздік ережесі" 1 класс

Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: дүниетану
Ортақ тақырып: дені
саудың-жаны сау
Ұзақ мерзімді жоспар
бөлімі:
Күні:
Сынып:1 сынып
Мектеп: «49 ЖОББМ» КММ
Мұғалімнің аты-жөні: Толенова Э.С.
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы:
Үйдегі қауіпсіздік ережесі
Оқу мақсаты
1.1.4.3.үйдегі қауіпсіздік ережесін түсіндіру.
1.1.4.6.шұғыл көмек қызметтерін біледі және олармен
хабарласу жағдайларын анықтау.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар: үйдегі қауіпсіздік ережесін түсіне
отырып, шұғыл көмек қызметкерлерін біледі және
олармен хабарласу жағдайларын анықтайды.
Көптеген оқушылар: үйдегі қауіпсіздік ережесін
құрастырып, шұғыл көмек қызметкерлерін көрсетеді және
олармен хабарласу жағдайларын анықтай келе қауіптің
алдын алуын біледі
Кейбір оқушылар: үйдегі қауіпсіздік ережесін
құрастырып, түрлі қауіп жағдаяттарынан шығу жолдарын
тауып, шұғыл көмек қызметтеріне хабарласу жағдайларын
анықтайды.Жер үй мен көп қабатты үйлердегі қауіпті
заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын зерттеп,
дәлелдеп айтады.
Бағалау критерийлері
1.1.4.3.үйдегі қауіпсіздік ережесін біледі
1.1.4.6.шұғыл көмек қызметтерін біледі және олармен
хабарласу жағдайларын анықтайды.
Тілдік мақсаттар:
Оқушылар орындай алады: үйдегі қауіпті заттарды
ажыратып, қауіпсіздік ережесін құрастырады.Түрлі қауіп
жағдаяттардың жолын тауып, шұғыл көмек
қызметкерлеріне қоңырау шала алады.
Пәнге тән лексика мен терминология: қауіп-қатер;
жазатайым жағдай, шырпы, оттық.
Қауіп-қатер дегеніміз - табиғаттан және қауіпті
заттардан туындайтын адамға зиянын келтіретін жағдай.
Жазатайым жағдай дегеніміз -адамның денсаулығына
немесе өміріне залал келтіретин оқиға.
Сіріңке сөзімен синонимдес сөздер – оттық, шырпы
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен
тіркестер:
-Үйде қандай қауіпті заттарды білесің?
- Неге оларды қауіпті заттар деп атаймыз?
-Оларды қалай қолданамыз?
- Қандай шұғыл көмек қызметтерін білесің?
-Сен үйде жалғызсың. Кенет пештен шоқ түсіп, үй өртене
бастадыен не істейсің? (егер сенде телефон жоқ
болса ше?)
--Сен бауырыңмен үйде отырғанда 2 жасар кішкентай
бауырың байқаусызда дәрі ішіп қойды. Сенің іс әрекетің
қалай болады?
- Сен отырған жеріңде инені жоғалтып алдың. Сен не
істейсің? Инені қалай іздейсің?
- Сен үйде бауырың екеуің отырсыңдар.Бір кезде есікті
біреу қағып, есіктің сыртынан өзін құбыр жөндеушімін
деп таныстырды.Сен не істейсің?
- Сен аулада ойнап жүргенде су тасқыны қауіп қатері
болып, үйдің ауласына су тола бастаса қандай іс-әрекет
жасар едің?
Құндылықтарды дарыту
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының
құндылықтарының 7 тармағында айтылғандай «Ұлттық
қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік өңірлік
мәселелерді шешу жаһандық тұрғыдан қатысуын
басшылыққа ала отырып, оқушыларға қауіпсіздік
ережелерін құрастыртып, қандай да бір қауіптің алдын
алуға тәрбиелеу.
Пән аралық байланыс
әдебиеттік оқу, көркем еңбек,математика.
АКТ қолдану дағдылары
«Балапан» телеарнасындағы «Оп-оңай» бағдарламасынан
үзінді
Бастапқы білім
Үйдегі кейбір қауіпті заттарды біледі.
Сабақ барысы
Сабақтың
Жоспарланға
н
кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың
басы
І. Ұйымдастыру
Балалармен амандасу.
Армысыңдар балалар,
Армысыз ба ұстазым,
Біз әдепті баламыз
2 мин
2 мин
2 мин
Айтқан тілді аламыз
Достарымызды көргенде
Қуана қарсы аламыз
Оқушыларды топқа бөлу.
Топқа түстер арқылы бөлінеді.Ол түстер топ аттарымен
тығыз байланысты. Қызыл түс-«Өрт сөндірушілер»
тобы, ақ түс –«Жедел жәрдем» тобы, көк түс –
«Құтқарушылар» тобы
Балалардың зейінін сабаққа шоғырландыру мақсатында
жұппен ширату жаттығуларын орындайды.
Тапсырма №1 «Миға шабуыл»
« Бұл не?» ойыны)
Шарты: балаларға сіріңке көрсетіледі. Балалар бұл не
екенін айтады.Осы сіріңкенің зияны мен пайдасын
жұптасып жазады.
Пайдасы
Дескриптор
-Сіріңкенің зиянын жазады
- Сіріңкенің пайдасын жазады.
ҚБ: « Шапалақ ұру» әдісі
«Есіңде болсын!» әдісі
«Балапан» телеарнасындағы «Оп-оңай»
бағдарламасынан үзінді .(үйдегі қауіпсіздік туралы
жалпылай айтылады.)
Қызыл,ақ, көк
түсті
стикерлер
АКТ
Бейне ролик
Сабақтың
ортасы
«Өрт сөндірушілер тобы» , « Қызыл нүкте» әдісі (Т)
Тапсырма: үйдегі қауіпті заттардың ішінен өрт
тудыратын заттарды тауып, дөңгелекті қызыл түспен боя