Конспект урока "Салауатты өмір салты"


23/04/2016 салауаттану 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Салауатты өмір салты
Сабақтың мақсаты: оқушылардың бойына салауатты өмір салтын дарыта
отырып,
зиянды әдеттерден аулақ болуды түсіндіру, насихаттау.
Міндеттері:
- жаман әдеттерден туатын аурулар туралы білімдерін жетілдіру.
- өмірге, адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін ояту, аурудың
алдын алуды үйрету.
- тәні де, жаны да таза, әрі сау болашақ ұрпақты тәрбиелеу.
Әдісі: шаттық шеңбері, әңгімелесу, мәтінмен жұмыс, дәйексөз,
шығармашылық
жұмыс, тапсырма
Оқушылар ортаға шығып денсаулық туралы мақал мәтелдер айтады:
- Дені саудың – жаны сау
- Денсаулық – зор байлық
- Аурудың жақсысы жоқ,
Дәрінің тәттісі жоқ.
- Ауру аздырады,
Суық тоңдырады.
- Ауру кісі күлкі сүймес,
Ауыр жүкті жылқы сүймес.
- Ауру батпаңдап кіріп,
Мысқылдап шығады.
- Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.
- Ұйқы - тынықтырады,
Жұмыс шынықтырады.
Барлығы:
Байлық - байлық емес,
Бар байлығым-денсаулық
Бар өмірім – денсаулық!
Ойланайық, пікірлесейік
1. Салауатты өмір салты дегеніміз не?
2. Адам өміріне зиянды заттарға нелерді жатқызар едіңіз?
3. Адамдар неге зиянды әдеттерге әуес?
Мұғалім:
Егемен еліміздің туын көкке көтеретін, елдің елдігін танытатын бүгінгі ұрпақ
қандай болуы керек?
Адам баласы үшін ең кымбаты – оның мәнді де сәнді өмірі. Өмірін қызықты
етіп өткізу үшін өз күш-жігерін аямауы қажет. Өкінішке орай «нашақорлық»,
«ішімдік», «темекі» торына
бейкүнә жандар ілігіп, дүние салып, аурулардың азабын тартьп жатыр.
Ал осы зияндылармен күресу оңайға түсер емес.Елбасының Қазақстан
халқына жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауатты өмір
сүру, оны насихаттау мәселесі. Салауатты өмір салтын ынталандыру –
әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс
тамақтануымызға, есірткілерді, темекі, алкогольді тұтынуды қойып, тазалық
пен санитария шараларын сақтауымызға және т.с. бағытталған деген
болатын.
Салауатты өмір сүру дегеніміз не?
Ол — әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану.
денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану. зиянды әрекеттерден
аулақ болу.
Ал зиянды әрекет дегеніміз – қазіргі таңда етек алған, адамдарды жуадай
солдыратын дерттер: маскүнемдік, темекі шегу және нашақорлық. Бұлар
адам баласының өзі тілеп алған айықпас дерттері. Салауаттылық - кең ұғым.
“Бірінші байлық-денсаулық” деп тегін айтылмаған. Адам денсаулығы оның
жаны мен тәнінің саулығынан құралады.
Зиянды әдеттерден аулақ болу Әлеуметтік тұрмысты жақсарту,
күйзелісті болдырмау
Салауатты өмір салты
Сапалы тамақтану, Денсаулықты сақтау, Бос уақытты
жеке бас гигиенасын сақтау спортпен шұғылдану тиімді пайдалану
Спорт Таза ауа Көңілді жүру Дұрыс ұйқы
Денсаулықтың достары
Демалу Тазалық Тиімді тамақтану
Зиянды әдеттер Салақтық Дұрыс тамақтанбау
Денсаулықтың қастары
Жалқаулық Ашушаңдық Күн тәртібін сақтамау
Ауырып ем іздегенше,
Ауырмаудың жолын ізде!
(мақалдың мағынасына түсінік беріледі)
Жаңа ақпарат
Дені сау, жан – жақты дамыған, жаны сұлу адам мәнді де салауатты ғұмыр
кешеді. Адам өз денсаулығын сақтап, ішкі жан дүниесін дамыту үшін өмір
бойы белсенділік танытуы қажет. Салауаттылық – әр адамның, сол сияқты
бүкіл қоғамның өте құнды жетістігі. Ол өздігінен қалыптаспайды. Әр адам өз
өмір салтын өзі таңдап алуға құқылы.
Шығармашылық жұмыс
“Салауатты өмір салтын қолдаймыз“ тақырыбына сурет салу, эссе жазу, өлең
шығару
Сергіту сәті
«Көңілді күн» гимнастикалық жаттығу
Тапсырма
1. Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?
Денсаулық дегеніміз - адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі,
денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп, жетістікке жетеді және жақсы өмір
сүреді. Денсаулықты сақтап, оны нығайтуға әрбір адамның өзіңе ғана
байланысты.
Денсаулық салауатты өмір салты туралы ғылым.
2. Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек?
Жеке бас гигиенасын сақтау күн тәртібін орындау. Дене шынықтырумен
шұғылдану, дұрыс тамақтану, организмді шыңдау, белсенді, қайырымды
және ақжарқын болу.
3. Біз не үшін тамақтанамыз? Адам үнемі күш қуатты жұмсайды, соны
қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтана білу тиіс. Дұрыс тамақтану -
денсаулық негізі. Өмір сүру үшін тамақтанамыз.
Қорытынды
Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не
қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?» депті. Сонда Сократ «Байлық та, атақ
та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан
бақыттырақ» деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған
денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық.
Отанымыздың ертеңгі жағдайы сендердің қандай азамат болып өскендеріңе
байланысты. Ертеңгі күн әрқайсысың мемлекетті құрайтын адам, әр
мамандықтың иесі боласыңдар, қызмет атқарасыңдар. Сол қызмет барысында
халыққа, мемлекетке қызмет етесіндер. Сондықтан жаман әдеттерден аулақ
болып төзім, табандылықпен білім сатысынан көрініп саналы, сауатты,
салауатты азамат болып, қазақ елінің жарқын болашағын кұрайтын жастар
болып өсе беріңдер.
Жүректен жүрекке