Презентация "Теңге - тәуелсіздік тірегі"


Подписи к слайдам:
Слайд 1

  • Елдік парасаты, теңге ұлағаты

  • Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты Ұлттық валютамыз - теңгенің айналымға енгізілуіне байланысты шежірелі жолдың тарихын паш ететін бірегей құжаттарды сақтайтын бірден - бір мекеме болып табылады.

  • Теңге -тәуелсіздік тірегі

Таразда төл ақшамызға ескерткіш орнатылды

  • Аллеяға Қордайдың қызыл гранитінен тұғыртас қойылып, оған диаметрі 1,2 метр болатын алып ақша тиынның үлгісі орнатылған. Оның бір жағына елімізде төл ақшамызды енгізу туралы Қазақстан Президентінің Жарлығынан үзінді жазылса, екінші бетіне Қазақстан картасы бедерленіп, оған елордамызАстана, қаржы орталығыАлматы және банк қызметкерлері төл теңгеміздің «кіші отаны» санаған Тараз қалаларының белгілері салынған. Елімізде тұңғыш рет теңгеге орнатылған ескерткіштің биіктігі4 метр, ал салмағы9 тонна. Оған 3 миллион теңге қаражат жұмсалды.

“Республика игілігі” монеталар сериясынан “Алма отаны” ескерткіш күміс монетасы

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2013 жылғы 13 қарашадан бастап, «Республика игілігі» монеталар сериясынан номиналы 500 теңгелік, «proof» сапасымен алтын жалатылған « Алма отаны» ескерткіш күміс монетасын айналысқа шығару туралы хабарлайды.
  • «Алма отаны» ескерткіш күміс монетасының бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде, күңгірттелген бетінде алма ағаштарының қолайлы өсу орындарын білдіретін, таулы жерге тамырын жайған жемісті алма ағашының стильдендірілген бейнесі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСАН РЕСПУБЛИКАСЫ», монетаның номиналын білдіретін «500 теңге» және ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу орналасқан. Жазбалар нүктелермен бөлінген.

Қазақстан- ғаламшардағы алманың отаны

  • Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде жылтыраған бетінде дәл сондай, алтын жалатылған (піскен) алмалары бар жемісті алма ағашының бейнесі және Қазақстан Теңге сарайының тауар белгісі орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде «АЛМА ОТАНЫ» деген жазу,соғылған жылын білдіретін «2013» деген сан, ағылшын тілінде «HOMELAND OF APPLES» және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1 g.» деген жазу бар. Жазулар мен сан нүктелермен бөлінген.
  • Монетаның бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген. Айналдыра шығыңқы жиек.
  • Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61мм, дайындау сапасы–«proof», таралымы7 мың дана, қыры (гурты) бедерлі.
  • Номиналы 500 теңгелік ескерткіш монета Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондайақ шоттарға, салымдарға, аккредитивтерге есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

  • Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Назар аударғандарыңызға рахмет