Техналогиялық карта сурет салу сабағы

Ұйымдастырылған оқу іс -әрекеті
технологиялық карта
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Сурет салу
Күні:
Тақырыбы: «Ұзын жолдар»
Оқу іс-әрекеттердің
кезеңдері
Ортаңғы топ
Мақсаты:
Қағазға солдан оңға қарай түзу сызық жүргізе білуді үйрету.
Міндеттері:
Білімділігі: Балалардың қарындашпен дұрыс жұмыс істей білу
дағдыларын қалыптастыру, бейнеленгендердің іс-әрекет арқылы
көрсете білу.
Дамытушылығы: Саусақ, қол қимыл-қозғалыстарының
икемділіктерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Еңбек етуге, ұқыпты жұмыс жасай білуге
тәрбиелеу.
Қажетті құрал-
жабдықтар және
қолданылатын
көрнекіліктер:
Демонстрациялық материалдар, қызыл, көк түсті майлы
қарындаштар, екі түрлі жолақ қағаз (ұзын-қысқы), әр балаға
арналған жолақ қағаздар, ойыншық машиналар.
Әдістер:
Түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, әнгімелесу, мадақтау.
Сөздік жұмыс:
жол-дорого, машина-машина.
Мотивациялық-
Қозғаушылық
Балалар өткенде біз майлы қарындашпен қағазға түрлі сызықтар
түсіріп, сурет салуа болатының білдік. Енді бүгін қандай сурет
салсақ екен? Мен бір жұмбақ жасырайын сендер жауабын тауып
көріңдер:
Ұзын, ұзын, ұзын жіп,
Ұшына шыққан жан бар ма?
Ақырын басқан жан бар ма?
Ұшына шықпа жалғанда.(Жол)
(Жұмбақтың мағынасын ашып түсіндіреді).
Негізі:
-Бүгін біз майлы қарындашпен жолдың суретін саламыз. Ол
үшін маған алдымен мынаны айтындаршы. (Ақ қағаз бетіне
немесе фланелеграфқа қызыл ұзын жолақты, көк қысқа жолақты
қатарластырып қойып көрсетеді). Екі жолақшаның қайсысы
ұзын,қайсысы қысқа? Түстері қандай? Қызыл жолақ ұзын ол
қағаз бетінің шетіне дейін жетіп тұр, ал көк жолақ қағаздың
ортасына дейін келіп тұр. Біз көк жолақ сияқты қысқа
сызықтарды өткенде салып үйрендік. Бүгін қызыл жолақ тәрізді
ұзын жолақтарды саламыз.
Педагог тақтаға бор мен (немесе қағазға қарындашпен) бір
шетінен екінші шетіне дейін жеткізе сызық жүргізіп көрсетеді.
Бұдан кейін ауада қарындашты дұрыс ұстауларын ескере
отырып, солдан оңға қарай бірнеше сызық жүргізгендей қимыл
жасайды.
(Барлығы жұмысқа кіріседі. Бірнеше сызықтар жүргізеді).
-Енді қағазға қарындашты өте қатты баспай ұзын-ұзын сызықтар
жүргізсендер, «ұзын жол» болады.
-Біз ұзын жол салдық, енді осы ұзын жолмен машиналарынды
жүргізіп көріндерші. (Балалар сызықтардың үстімен ойыншық
машиналарын әрі-бері жүргізіп сабақ ойынмен жалғасады.).
Педагог балалар ойынға кіріскен кезде аралап жүріп талдау
жасайды.
-Мынадай жолда машина жақсы жүреді, жол тегіс болмаса
машина жүре алмайды. Кейбір дұрыс сызық жүргізе алмаған
балаларға сол балалардың өзінің қағазына сызып көрсетеді.
Аяқталған жұмыстарын мадақтап,
сабағын аяқтайды да,балаларды гимнастикалық орындықтың
қасына жинайды.
-Мына жерде өздерінің бейнеленгендей ұзын жол жатыр,кәне
барлығымыз осы жолмен өтейік. (Балалар кезектесіп,
бірінің артынан бірі жүріп, бір-біріне қол ұшын беріп
көмектеседі. Жайлап аяқ ұшымен секіріп түсулерін
қадағайлайды).
-Жол қандай ұзын жол болса да, бәрің жақсы жүріп өтіңдер.
(Педагог балалардың дұрыс қимыл іс-әрекеттерін қолдайды.
Қорытынды:
Педагог балалардың салған суреттерін тақтаға қойып, мақтайды.
-Қандай ұзын жол жасадық, енді бәріміз машиналарды жолда
жүргізіп ойнаймыз.
Ұйымдастырылған оқу іс -әрекеті
технологиялық карта
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Сурет салу
Күні:
Тақырыбы: «Шөптегі қаңқыз»
Оқу іс-әрекеттердің
кезеңдері
Ортаңғы топ
Мақсаты:
Шөпті бейнелегенді оның толық бетті қамтуын қадағалау.
Міндеттері:
Білімділігі: Балаларды шөпті бояуды сүйкей жағу тәсілі арқылы
салуды үйретуді жалғастыру.
Дамытушылығы: Сурет салуға деген қызығушылықтарын
дамыту.
Тәрбиелілігі: Табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.
Қажетті құрал-
жабдықтар және
қолданылатын
көрнекіліктер:
Қаңқыз салынған суреті бар парақтар, жасыл майлы бояу,
қылқалам, сулы сүрткіштер, су.
Әдістер:
Түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, әнгімелесу, мадақтау.
Сөздік жұмыс:
Қоңыз, қаңқыз.
Мотивациялық-
Қозғаушылық
-Балалар, бүгін далада ауа райы керемет болып тұрған екен,
қаласаңдар саяхатқа шықсақ болады. Әнімізді айтып, серуендеп
қайтайық. Қарсы емессіңдер ме?
Негізі:
-Міне, балалар, неге түрлі, әдемі гүлдер, шөптер өсіп тұр.
Тыңдаңдаршы, шөптің арасынан бір дыбыс естілетін сияқты.
Кәне, құлағымызды тосып тыңдайықшы. Балалар, бұл қоңыз ғой.
Бәріміз қоңызбен амандасайық.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Мен-қаңқыз деген қоңызбын. Сендерді көргеніме өте
қуаныштымын.
Балалар, менің сендерге айтар бір өтінішім бар. Мен үйіме
өзімнің табиғат аясында серуендеп жүрген суретімді іліп қойғым
келеді. Сендер маған көмектесіп, табиғаттың суретін салып
бересіңдер ме?
Педагог балаларға қанқызбен танысқандарына қуанышты екенін
айтып, енді топқа барып, оның өтінішін орындауды ұсынады.
Педагог қолындағы қаңқыздың шөп арасында жүргені
бейнеленген үлгі суретті көрсетіп әңгімелейді.
-Қаңқыздың табиғат аясында, шөптердің арасында серуендеп
жүргенін бейнелеу үшін үлгіге қарай отырып, осы суретті аяқтап
салуымыз керек. Біз шөптердің суретін жасыл бояуды
пайдаланып сүйкей жағу арқылы саламыз.
Қылқаламды жасыл бояуға батырып, ақ қағаздың сол жақ
төменгі жағынан бастап, жоғары төмен сыза отырып жасыл
шөптің суретін салу тәсілін көрсетеді.
Сергіту сәті:
Күн болып жайнайық
Мөлдір су болып ағайық.
Гүл болып жайнайық,
Терең-терең демалып,
Жүгіріп- жүгіріп алайық.
-Ал енді жұмысқа кірісейік. Балалар жұмысты үлгі бойынша
орындап шығады.
Педагог сурет салу кезінде қиналған балаларға көмектеседі,
бағыт-бағдар береді.
Қорытынды:
Педагог балалардың жұмыстарына көңілі толып, бүгін
барлығының өте керемет жұмыс жасағаны жайлы айтып,
суреттерін қаңқызға беріп жіберетінін хабарлайды.
Ұйымдастырылған оқу іс -әрекеті
технологиялық карта
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Сурет салу
Күні:
Тақырыбы: «Мерекелік от шашу»
Оқу іс-әрекеттердің
кезеңдері
Ортаңғы топ
Мақсаты:
Балаларға мерекелік от шашуды салуды үйрету.
Міндеттері:
Білімділігі: От шашуды дәстүрден тыс заттармен салуды
үйрету.
Дамытушылығы: Үлкендермен бірлесе қызығушылық әрекет
жасауды сіңіру, (үлкендердің көмегімен жасалған суретті
толықтыру); Тәрбиелілігі: Үлкендерді сыйлауға, құрметтеуге
тәрбиелеу.
Қажетті құрал-
жабдықтар және
қолданылатын
көрнекіліктер:
Үлгі суреттер,қылқалам,ақ қағаз,бояулар,су,сүлгі
Әдістер:
Түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, әнгімелесу, мадақтау.
Сөздік жұмыс:
Отшашу.
Мотивациялық-
Қозғаушылық
Шаттық шеңбер.
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды күніміз
Қайырлы таң ,балалар.
Негізі:
1.Сиқырлы дорбаша.
(дорбаша ішінде сурет).
Мына суретке қараңдаршы бұл суретте не салынған?
2.Әңгімелесу.
-Отшашуды біз қай кезде қолданамыз.
-Ал бізге қандай мереке жақындап келе жатыр?-
-Отшашу қандай болады екен?
-Отшашу болғанда аспан қандай түстерге боялады екен?
3.Сөздік жұмыс: отшашу,жаңа жыл.
4.Сергіту сәті.
-Ал ендешеосы Жаңа жыл мерекесіне байланысты отшашудың
суретін саламыз.
5.Сурет салу жолдары:
1.Қалың қылқаламмен парақты сулап аламыз.
2.Бояуға жіңішке қылқалам ұшын тигізіп,ақ парақтын жоғары
жағына нүкте түсіріп алып,жан-жағына үзік сызықтар арқылы
түрлі-түсті сызықтар түрлі түсті отшашуды саламыз.
Отшашудың іздерін немесе жолдарын салу үшін сүйкей жағу
тәсілі арқылы төменнен жоғарыға қарай сызықтар сызамыз.
6.ДО: «Түстерді ата» қоржын ішінен алып шыққан
фигурулардың түстерін атау.
М:түстерді ажырата білуге дағдыландыру.
Қорытынды:
7.Қорытындылау
-Бүгінгі сабақта біз ненің суретін салдық?
-Отшашу қай кезде болады екен?
- Отшашу болғанда аспан қандай түстерге боялады екен?
Ұйымдастырылған оқу іс -әрекеті
технологиялық карта
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Сурет салу
Күні:
Тақырыбы: «Үйдің терезесіндегі жарықтар»
Оқу іс-әрекеттердің
кезеңдері
Ортаңғы топ
Мақсаты:
Жарық туралы түсініктерін нығайту. Қабілеттерін арттыру.
Міндеттері:
Білімділігі: Қылқаламмен үзік сызықтарды кеңістікте дұрыс
орналастыра сызуды үйрету.
Дамытушылығы: Бояумен ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын
қалыптастыру.
Тәрбиелілігі: Сурет салуға деген қызығушылыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал-
жабдықтар және
қолданылатын
көрнекіліктер:
Әр балаға бір-бірден сары түспен боялған қағаздар, ақ бояу,
қылқалам, қол сүрткіштер, су.
Әдістер:
Түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, әнгімелесу, мадақтау.
Сөздік жұмыс:
Жарық- светло, терезе-окна.
Мотивациялық-
Қозғаушылық
Педагог балалардан бір-біріне деген жылы сезімдерін айтуды
сұрайды.
Кеш мезгілі болғанда қараңғылық түсетінін сол кезде
үйлерде,дүкендерде және т.б. мекемелерде жарық жағылатынын
айта отырып,күннің сол мезгілінде терезеден не байқағандары
жайлы әңгімелеседі.
Негізі:
-Біз бүгін терезеден түскен жарықтың суретін саламыз.
Педагог жарықты салу жолдарын өзі көрсете отырып түсіндіреді.
-Сендердің алдарында терезінің жарық жанып тұрған суреті
бар,сол терезеден жарық сәулелерінің шашырап тұрғанын
қылқаламды сары бояға батырып қатты бастырмай сүйкей жағу
арқылы үзік сызықтар арқылы саласыңдар.
Сергіту сәті:
Қылқаламды қояайық,
Орнымыздан тұрайық.
Қолымызды созайық,
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иліп,
Біз тынығып алайық(Ф.Н.)
Педагог балаларға бағыт бағдар беріп отырады.
Осындай жарық сәулелерін салған кезде қылқаламды қатты
баспай,ұшымен сүйкей жағу арқылы үзік сызықтар түріндегі
шамның жарығын жан-жаққа шашырата салу керектігін естеріне
түсіреді.
Қорытынды:
Педагог балаларға ризашылығын білдіреді бәрінің де жақсы
жұмыс істегендерін айтып мадақтайды.
Ұйымдастырылған оқу іс -әрекеті
технологиялық карта
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Сурет салу
Күні:
Тақырыбы: «Алмұрт»
Оқу іс-
әрекеттердің
кезеңдері
Мақсаты:
Міндеттері:
Қажетті құрал-
жабдықтар және
қолданылатын
көрнекіліктер:
Әдістер:
Сөздік жұмыс:
Мотивациялық-
Қозғаушылық
Негізі:
Қорытынды:
Ұйымдастырылған оқу іс -әрекеті
технологиялық карта
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Сурет салу
Күні:
Тақырыбы: «Күн мен аспан»
Оқу іс-
әрекеттердің
кезеңдері
Ортаңғы топ
Мақсаты:
Балаларға күн мен аспанның ерекшеліктерін, түстерін
түсіндіру.
Міндеттері:
Білімділігі: Суретті дұрыс әдемі бояуға үйрету.
Дамытушылығы: Табиғаттағы құбылыстарды бақылап түсіндіру.
Тәрбиелілігі: Сүйіспеншілікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Қажетті құрал-
жабдықтар және
Қағаздар, қарандаштар, үлгі суретттер.
қолданылатын
көрнекіліктер:
Әдістер:
Түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, әнгімелесу, мадақтау.
Сөздік жұмыс:
Күн, аспан.
Мотивациялық-
Қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Армысың жарқыраған күн
Армысың жер ана,
Армысың көгілдір аспан,
Армысың апайлар
Армысың сен және мен.
Негізі:
Балалар кане терезе қарайықшы. Бүгін бізде қандай тамаша күн.
Күн бізде қайда орналасқан.
Көкте яғни аспанда болады. Күннің көзі бізге жылу береді.
Күн болмаса біз тонамыз. Кешке далада күннің көзі болама?
Өйткені кеш уақытта күннің көзі дем алады.
Күннің жанында аспан болады. Аспанның түсі қандай?
Қазір ойын ойнайық
Дидактикалық ойын:
"Күн мен жаңбыр"
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа үйрету.
Бүгін біз сендермен сурет сабағында күн мен аспанды
қарандашпен бояуға үйренеміз.
Күннің түсі сары, ал аспанның түсі көк.
Балаларға қағазды, қарандаштарды тарату. Көрнекілікті көрсетц,
балалармен бірге бояу.
Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп-үлкен болып өседі.
Қорытынды:
Балалардың жұмысын тексеру, көмек беру, мадақтау.
Бүгін біз ненің суретін боядық.
Ұйымдастырылған оқу іс -әрекеті
технологиялық карта
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Сурет салу
Күні:
Тақырыбы: «Аюдың іздері»
Оқу іс-
әрекеттердің
кезеңдері
Ортаңғы топ
Мақсаты:
Жабайы аңдар туралы мағлұмат беру.
Міндеттері:
Білімділігі: Аюдың іздерін бояуға үйрету.
Дамытушылығы: Сурет салуға деген қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелілігі: Табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу
Қажетті құрал-
жабдықтар және
қолданылатын
көрнекіліктер:
аюдың , аюдың іздері суреттері, қарандаштар, қағаздар.
Әдістер:
Түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, әнгімелесу, мадақтау.
Сөздік жұмыс:
Аюдың іздері.
Мотивациялық-
Қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Амансың ба нұрлы күн!
Амансың ба қара жер!
Аман –есен болайық!
Бейбітшілік қалайық!
Негізі:
Балалар біз бүгін сендермен орманға саяхатқа барамыз. Орманда
не бар екен көрейікші. Суретке қарап балалардың жауабын
тыңдау.
Орманда қандай жабайы жануарлар бар
Түлкі, аю, қасқыр.
Мынау не?
Аю жабайы жануар, балды жақсы көреді. Аю қыста ұйықтайды,
көктемде ояанады.
Бүгін біз сендермен аюдың іздерін бояуға үйренеміз.
Балаларға қағаз бен қарандаштарды тарату. Қиналған балаларға
көмек көрсету.
Сергіту сәті:
Қорбандаған аюдың
Құлпынайы көп екен.
Қане теріп алайық
Қалтамызға салаайық.
Ойын: Ұйыдағы аю
Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа үйрету.
Қорытынды:
Балаларған берілгшен тапсырманы тексеру, мадақтау.
Ұйымдастырылған оқу іс -әрекеті
технологиялық карта
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Сурет салу
Күні:
Тақырыбы: «Торғайларға жем шашамыз»
Оқу іс-
әрекеттердің
кезеңдері
Ортаңғы топ
Мақсаты:
Құстарға жем шашу арқылы қағаз бетіне нүктелерді түсіруді үйрету
Міндеттері:
Білімділігі: Бояу, қағазбен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылығы: Құстарға деген қамқорлық көзқарасын дамыту.
Тәрбиелілігі: Құстарды қорғауға, жанашырлыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал-
жабдықтар және
қолданылатын
көрнекіліктер:
Құстардың суреті,мақта таяқшалары,үнтаспа (құстың дауысы)
Әдістер:
Түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, әнгімелесу, мадақтау.
Сөздік жұмыс:
Торғай .
Мотивациялық-
Қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Балалар менің қолымда күн бар . Күн жылу таратады. Мен сендерге
осы күнді беру арқалы жылу таратқым келіп отыр.Сендер осы күнді
бір-бірлеріне беріп, күн арқылы жылынып, қуанып,көңіл-күйлерін
көтеріледі.
Негізі:
Құстардың үні шығады.
-Балалар мынау ненің дауысы?
-Балалар құстардың дауысы неге қатты шығып жатыр екен. Оны білу
үшін біз күзгі орманға саяхаттқа шығайық. Бәріміз көзімізді жұмып,
күзгі орманды елестетейік.
Күзгі орманның суреті.
Балалар күздің соңғы айында күн суытады.Көптеген құстар жылы
жаққа ұшып кетті, ал қалған қастар қыстап қалды. Қыстап қалатын
құстардың суретімен танысу.Оларды суықтан мамығы мен
қауырсыны қорғайды.Қыста азық табу қиын , сондықтан біз оларға
жем шашуымыз керек. Ендеше біз оларға жем берейік .Үлгі көрсету.
Балалармен жұмыс.
Бүгін сурет сабағында торғайларға жем шашуға суретін
нүктелерді саламыз.
Мақта таяқшасымен салу.
Ойын
«Торғайлар мен мысықтар»
Шарты: Торғайлар ұшып жүреді, мысық келгенде қашады.
Жем шоқыған торғайға
Көзі бірден түсіп
Бұл әдемі ас болмайма?
Қадам басты мысық
Бір,екі,үш
Торғай,торғай ұш
Балалар сендерге ойын ұнадыма?
Балалар біз бүгін не істедік?
Сергіту сәті:
Қорбандаған аюдың
Құлпынайы көп екен.
Қане теріп алайық
Қалтамызға салаайық.
Ойын: Ұйыдағы аю
Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа үйрету.
Қорытынды:
Балаларған берілгшен тапсырманы тексеру, мадақтау.
Ұйымдастырылған оқу іс -әрекеті
технологиялық карта
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Сурет салу
Күні:
Тақырыбы: «Үйрек»
Оқу іс-
әрекеттердің
кезеңдері
Ортаңғы топ
Мақсаты:
Құстарға жем шашу арқылы қағаз бетіне нүктелерді түсіруді үйрету
Міндеттері:
Білімділігі: Бояу, қағазбен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылығы: Құстарға деген қамқорлық көзқарасын дамыту.
Тәрбиелілігі: Құстарды қорғауға, жанашырлыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал-
жабдықтар және
қолданылатын
көрнекіліктер:
Құстардың суреті, бояу, қылқалам, қағаз.
Әдістер:
Түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, әнгімелесу, мадақтау.
Сөздік жұмыс:
Үйрек
Мотивациялық-
Қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Шаттық шеңбері
Қайырлы күн, көк аспан!
Қайырлы күн, жер ана!
Қайырлы күн, жан досым!
Жылуыма жылу қос
Негізі:
Балаларға құстардың суреттері көрсету. Мына суретте қандай
құстарды көріп тұрсыңдар?
Үйрек - үй құсы. Бұл құстар суда жүзгенді ұнатады. Үйректің де
жұмыртқасы болады, ол да тауықтікіне қарағанда үлкендеу болады.
Балапандарын суда жүзуге баулиды.
Ойын: Үй құстарын тап.
Бүгінгі сурет сабағында осы үйректін суретін бояуға үйренеміз.
БЮалаларға жұмыс барысын түсіндіру, қиналған балаларға
көмектесу.
Бірінші үйректің ауызын қызыл түске боимыз.
Екінші үйректің денесін боимыз.
Сергіту сәті:
Бала бала балақай
Қане қайсы алақай
Саусақтарын айбат
Былай былай ойнап
Бүгін қандай суретті боядық?
Қандай түстерді қолдандық?
Қорытынды:
Балаларған берілгшен тапсырманы тексеру, мадақтау.
Ұйымдастырылған оқу іс -әрекеті
технологиялық карталары
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Сурет салу
Күні:
Тақырыбы: «Байтерек»
Оқу іс-әрекеттердің
кезеңдері
Ортаңғы топ
Мақсаты:
Байтеректің суретін салуды үйрету.
Міндеттері:
Білімділігі: Түзу, домалақ пішіндерді салуды жетілдіру
байтеректің суретін салу.
Дамытушылығы: Элементтердің пішішін, реттілігін, олардың
арасындағы қашықтықты ескере отырып жазытықта
орналастыру дағдыларын қалыптастыру
Тәрбиелілігі: Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін
тәрбиелеу.
Қажетті құрал-
жабдықтар және
қолданылатын
көрнекіліктер:
Түрлі түсті карандаштар, үлгі, автобус, бәйтеректің суреті.
Әдістер:
Түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, әнгімелесу, мадақтау.
Сөздік жұмыс:
Қалалар, Астана,
Мотивациялық-
Қозғаушылық
Сәлеметсіздерме балалар, бүгін «Шығармашылық» саласы
бойынша, сурет салу бөлімінен «Байтерек» тақырыбында сурет
салатын боламыз. Алдымен бүгінгі күнімізді сәтті өткізу үшін
бір бірімізге тілек айтып жіберейік.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
- Балалар, қараңдаршы менің қолымда біздің еліміздің
картасы, не көріп тұрсыңдар?
- Ия көптеген қалалар белгіленіп тұр, біздің еліміздің
Астанасы қай қала?
- Қазақстан туралы, Қазақстан қалалары туралы қандай
тақпақтар білесіңдер?
- Балалар, болашақта Қазақстанның қандай болғанын
қалайсыңдар?
- Соны суретпен бейнелеп көрейік.
- Бастайық, еліміздің астанасы әсем қаламызды бейнелеп,
сурет салуды бастайық. Көзге бірден түсетін, аса биік «
Бәйтеректің» суретін салуды неден бастаймыз?
- Алдымен тік төртбұрыш саламыз, оның орта бөлігі
жіңішке, төменгі және жоғарғы бөліктері жуандап келеді.
Енді оның жоғарғы бөлігіне дөңгеле, яғни шар тәрізді
«жұмыртқа» саламыз, көрік беру үшін үлгідегідей етіп
дөңгелек жаққа қарай күннің шуағындай етіп ұзынша
сызықтар жүргіземіз.
« Бәйтеректің» түсін өздерің таңдауларыңа болады, өйткені ол
түнде алуан түрлі болып өзгерді. Енді, шаршадық, сергіту сәтін
жасайық.
Сергіту сәті.
Оң саусағым шаршады,
Сол саусағым шаршады.
Саусақтарым бірігіп,
Билеп, билеп алады.
Рефлексиялық-
түзетушілік:
- Балалар, бүгінгі салған суреттерің өте әдемі шықты,
олардан көрме жасайық. Суреттерден сендердің туған
жерге деген сүйіспеншіліктеріңді көрсетіп тұр.
Ұйымдастырылған оқу іс -әрекеті
технологиялық карталары
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет салу
Күні:
Тақырыбы: «Бағдаршамның көздері»
Оқу іс-әрекеттердің
кезеңдері
Ортаңғы топ
Мақсаты:
Қағазға суретті дұрыс орналастыруға үйрету.
Міндеттері:
Білімділігі: Бағдаршамның жол ережесіне маңыздылығын түсіндіру.
Дамытушылығы: Бағдаршам туралы білімдерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал-
жабдықтар және
қолданылатын
көрнекіліктер:
Сурет салудың схемасы, қағаз, гуаш, ойыншықтар және
бағдаршамның суреті
Әдістер:
Түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, әнгімелесу, мадақтау.
Сөздік жұмыс:
Жылы түс реңктері.
Мотивациялық-
қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Кел, балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек?
Көңілді болып жүрейік.
Ал, енді балалар екі топқа бөлініп, отыра қалайық. 1-топ
бағдаршам,
2-топ көліктер.
-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, қай топ бірінші
табады екен:
Үш көзі бар қаз-қатар,
Кезек-кезек ашады.
Үшеуінен байқасам,
Үш түрлі нұр шашады. (Бағдаршам)
-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Біз бүгін осы бағдаршаммен
танысатын боламыз.
-Міне балалар «бағдаршамның» өзі де келіп қалыпты. Қане,
біз бағдаршам жайлы өзінен сұрап білейікші.
Бағдаршам:
Менің үш көзім бар:
Бір көзім кідір дейді,
Бір көзім жүгір дейді.
Бір көзім абайла дейді,
Қарап ал маңайға дейді.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
- Балалар бағдаршамның неше көзі бар екен, қане санайықшы?
-Түстері қандай екен?
-Көздерінің пішіні қандай?
-Балалар, машиналар көп жүретін жерлерге бағдаршам
орнатылады. Олардың жыпылықтап жанып тұратын үш көзі
болады: қызыл, сары және жасыл. Егер қызыл жарығы жанса –
машиналар тоқтап тұрады, егер сары жарығы жанса –
дайындала бастайды, ал егер жасылы жанса – машиналар
жүріп кетеді. Осылайша бағдаршам жолдан өту тәртібін
реттейді екен. Көліктерге кедергі жасамау үшін, жаяу
жүргіншілер де көшеде жүру тәртібін сақтау керек. Біз бүгін
бағдаршамның суретін салып бояймыз.
Сергіту сәті
«Бағдаршам» ойыны:
Ойынның шарты: Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда балалар
түп-түзу тұрады, сары көзі жанғанда қол шапалақтайды,
жасыл көзі жанғанда билейді.
Жол белгілерімен таныстыру.
Біз сендермен бугін бағдаршамның суретін саламыз.
Балалар жолда бағдаршаммен қатар жол белгілеріде тұрады.
Олардың түрлері көп. Бірақ, біз бүгін солардың негізгі
түрлерімен ғана танысайық.
Мына менің қолымдағы белгі қандай геометриялық фигураға
ұқсайды.
Дұрыс айтасыңдар, балалар, жолда дәл осындай қып-қызыл
шеңбер тұрса, онда ол «қозғалысқа тыйым салынады» дегенді
білдіреді.
-Ал, мынау қандай фигураға ұқсайды?
Дұрыс айтасыңдар, жолда осындай қызыл үшбұрыш тұрса
«ескерту белгісін» білдіреді.
-Мынау ненің суреті?
Дұрыс, бұл «велосипед жолы» дегенді білдіреді.
-Мынау ненің суреті?
Дұрыс, егер мұндай сурет көрсеңдер «жаяу жүргіншілер
жолы» дегенді білдіреді.
Рефлексиялық-
түзетушілік:
Сендерге белгілер түсінікті ме балалар?
Бағдаршамның үш белгісі ше?
Онда біз бір ойын ойнайық. «Жолда жүру ережесін сақта»
Ұйымдастырылған оқу іс -әрекеті
технологиялық карталары
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет салу
Күні:
Тақырыбы: «Атамның тақиясы»
Оқу іс-әрекеттердің
кезеңдері
Ортаңғы топ
Мақсаты:
Сәндік қолтаңбалы өнер түрлерімен таныстыруды
жалғастыру. Ұлттық сәндік қолдаңбалы өнерге деген
қызығушылықтарын арттыру.
Міндеттері:
Білімділігі: Қазақтың ұлттық баскиімі ұлттық тақияны ою-
өрнектері мен әшекейлей білуге үйрену.
Дамытушылығы: Ұлттық сәндік қолтаңбалы өнергедеген
қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелілігі: Ою –орнектегі түс үйлесілімділігі мен ырғақты
сезінуге, әсемдікті көріп қабылдай білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-
жабдықтар және
қолданылатын
көрнекіліктер:
Сурет салудың схемасы, қыл қалам, сүлгі, тақия үлгісі,
гуашь, қазақтың ұлттық киімдері, бұйымдары,тақия суреті.
Әдістер:
Түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, әнгімелесу, мадақтау.
Сөздік жұмыс:
Сәукеле, тақия, кимешек.
Мотивациялық-
қозғаушылық
Шаттық шеңбер:
Дос болып біз жүрейік,
Ойнайық та күлейік
Достық деген тамаша
Міне тұрмыз жараса
Өте жақсы балалар
Педогог алдын ала жасалған көрмеге саяхатқа баруды
ұсынады. Балаларды қазақ халқының ұлттық киімдерімен,
ыдыстардың түрлерімен таныстырады.
Балалар ұлттық бұйымдар мен киімдерді атайды.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
Педогог қазақтың ұлттық баскиімдерінің түрлері
бұрыннан сақталып келе жатқаны туралы айтып өтеді.
-Сәукелені кімдер киген?
Кимешекті кімдер киген?
Тақияны кімдер киген?
<<Қандай баскиім жоқ?>>
дидактикалық ойыны.
Педогог балаларға осы суреттегі баскиімдердің ішінен
тақияның суретін салуды,оның шетін өрнектермен
әшекейлеуді;жақсы шыққан суреттерді көрмеге қоюды
ұсынады.Тақияны қандай қандай ою-өрнектермен
әшекейлеуге болатынын атап өтеді.
-Қылқаламды тік бағытта ұстап,геометриялық фигуралар
арқылы тақияны сызып аламыз,сүйкей жағу әдісімен оңнан
солға қарай бояймыз.
Педогог өткен оқу іс-әрекеттерін (гүл мен ағып жатқан суды
салғандарын) балалардың естеріне
түсіреді.<<Қызғалдақ>>,<<толқын>>
оюларын салуды ұсынады.
<<Тақия тастамақ>> ойынын ойнатады.
Ойым бар бір ойын бастамақ,
Аты оның <<Тақия тастамақ>>,
Айналып жүгіріп,жүгіріп,
Байқатпай ақырын тастамаймын.
Қазақтың ұлттық баскиімдері,ою-өрнектері аттарын атайды.
Ойынға белсене қатысады.
Қылқаламмен пішіні дөңгелек тақияның шетіне нүктелерінің
көмегімен ою салып,нүктелер арқылы салынған өрнектерді
бояумен әдемілеп бойяды.
Сергіту сәті.
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Шебер екен он саусақ
Шапалақты соққанда
Ғажап екен он саусақ
Рефлексиялық-
түзетушілік:
Балалар,сендер бүгінгі оқу іс*әрекетіне өте белсенді
қатыстыңдар.Жұмыстарың әдемі,ұқыпты болып
шықты.Балаларды мақтап,мадақтап,жұмыстарын көрмеге
іледі.
Балалар көрмеге ілінетін суреттерді өздері таңдайды.
Ұйымдастырылған оқу іс -әрекеті
технологиялық карталары
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет салу
Күні:
Тақырыбы: «Әуе шарлары»
Оқу іс-әрекеттердің
кезеңдері
Ортаңғы топ
Мақсаты:
Әуе шарлары туралы түсінік беру.
Міндеттері:
Білімділігі: Қарандашты үш саусағымен дұрыс ұстай
отырып, ирек сызықтар салу дағдысын бекіту;.
Дамытушылығы: Қейнелеу өнеріне деген
қызығушылықтарын артыру;
Тәрбиелілігі: Балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал-
жабдықтар және
қолданылатын
көрнекіліктер:
Демострациялық материалдар және ертегіге керекті
кейіпкерлер, әртүрлі майлы қарандаштар, әр балаға сары
түске боялған қағаздар, қол сүрткіштер.
Әдістер:
Түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, әнгімелесу, мадақтау.
Сөздік жұмыс:
Әуе
Мотивациялық-
қозғаушылық
Шаттық шеңбер:
- Балалар, мен сендерге асығып келе жатып жолда көңілсіз
тұрған қоянды көрдім.
Педагог осыны айтып жатқанда қоян келіп кіреді.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
- Қоян саған ене болды? Сен неге көңілсізсің?
- Өзімнің балабақшадағы достарыма сендерге шарлар
сыйлайын деп келе жатыр едім, қатты жел соғып, шарлардың
жібі болмағандықтан жел ұшырып алып кетті. Сендер сол
шарларды көрмедіңдер ме?
Педагог балаларға қоянға көмектесу керектігі жайлы айтып,
шардың түсі, пішіні қандай екені жайлы әнгімелеседі.
Педагог балалардың алдарындағы шарлар салынған қағазға
көңіл аударуларын өтініп осы шарлардың өз түстеріне сәйкес
жіптерін үлгі сурет бойынша ирек сызықтар арқылы қалай
салуға болатынын түсіндіріп көрсетеді.
«Әуе шарларын ұшырамыз» қимылды ойыны.
Балалардан қандай түсті қарандашты пайдаланғандарын
және шарларының қандай түсті екенін сұрау.
Балалар салған суреттерін қоянға көрсетеді.
Қоян балалардың салып берген суреттеріөте әдемі екенін
айтып, алғысын білдіріп қоштасады
Сергіту сәті.
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Шебер екен он саусақ
Шапалақты соққанда
Ғажап екен он саусақ
Рефлексиялық-
түзетушілік:
Балалар сурет салу барысындағы іс – әрекетіне басшылық
жасап, бағыт – бағдар беріп, жасаған жұмыстарын
мадақтайды.