Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
Информатика
8 сынып
ЖОБА
2
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 8-сынып білім алушыларына «Информатика» пәні
бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде
құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) негізгі орта мектептің
(5-9-сыныптары) «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру
мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 8-сыныпта
жиынтық бағалау барлық тоқсанда өткізіледі.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың
тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған
бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта
білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған.
Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектеп мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру
бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне
және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайтындағы
қолжетімді ресурстар уреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар)
қолданылды.
ЖОБА
3
МАЗМҰНЫ
1- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ...... 4
«Компьютер мен желілердің техникалық сипаттамалары» бөлімі бойынша жиынтық
бағалау ............................................................................................................................................... 4
«Денсаулық және қауіпсіздік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ............................................. 7
2- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР .... 10
«Ақпаратты электронды кестелерде өңдеу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау .................... 10
3- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР .... 13
«Программалар ды құрудың кіріктірілген орталары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау .... 13
4- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР .... 16
«Программалар ды құрудың кіріктірілген ортасында есептерді шешу» бөлімі бойынша
жиынтық бағалау ............................................................................................................................ 16
ЖОБА
4
1- ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Компьютер мен желілердің техникалық сипаттамалары» бөлімі бойынша жиынтық
бағалау
Оқу мақсаты
8.2.1.1 Ақпарат көлемін анықтауда алфавиттік (әліпби)
тәсілін қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіндегі таңба санын және ақпарат көлемін
есептейді
Мәтіндегі ақпарат қуатын және өлшемін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты
20 минут
Тапсырма
1. Алфавитте 1 таңбаның салмағы 8 битке тең. Алфавиттегі таңба санын есептеңіз.
2. Оқушы компьютерде «Биология» пәнінен реферат дайындады. Файлда 25 бет бар.
Әрбір бетте – 40 қатар, ал әрбір қатарда 60 таңба бар болғанда, файлдағы ақпарат көлемін
есептеңіз.
3. Мұғалім оқушыларға 20 таңбадан тұратын мәтінді компьютерде теру тапсырмасын
берді. Оқушы мәтінді қуаты 16 таңбадан тұратын алфавитпен терді, ал Болат қуаты 256
таңба болатын алфавитпен терді. Екі түрлі алфавитпен жазылған ақпарат көлемін
анықтаңыз және ерекшелігін түсіндіріңіз.
Ақпарат көлемі:
Ерекшелігі:
4. «Activ» орталығы қолданушыларына хабарлама жіберді. Хабарлама көлемі – 10 байт.
Ақпарат көлемін Мбайт және Кбайт түрінде көрсетіңіз.
ЖОБА
5
Бағалау критерийі
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Мәтіндегі таңба санын
және ақпарат көлемін
есептейді
алфабиттегі таңба санын анықтайды;
1
беттің ақпарат көлемін анықтайды;
1
файлдың ақпарат көлемін анықтайды;
1
файлдың көлемін мб түрінде
көрсетеді;
1
Мәтіндегі ақпарат
қуатын және өлшемін
анықтайды
16 таңбалық мәтін қуатын есептейді;
1
256 таңбалық мәтін қуатын есептейді;
1
бірінші мәтін ерекшелігін жазады;
1
екінші мәтін ерекшелігін жазады;
1
ақпаратты мбайт түрінде көрсетеді;
1
ақпаратты кбайт түрінде көрсетеді.
1
Барлығы
10
6
ЖОБА
«Компьютер мен желілердің техникалық сипаттамалары» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға
ақпарат ұсынуға арналған рубрика.
Білім алушының аты-жөні:
Бағалау критерийлері
Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен
Орташа
Жоғары
Мәтіндегі таңба санын және
ақпарат көлемін есептейді.
Мәтіндегі таңба санын және
ақпарат көлемін есептеуде
қиналады.
Алфабиттегі таңба санын / Беттің
ақпарат көлемін / Файлдың ақпарат
көлемін анықтауда және файлдың
көлемін Мб түрінде көрсетуде
қателіктер жібереді.
Мәтіндегі таңба санын және
ақпарат көлемін дұрыс есептейді.
Мәтіндегі ақпарат қуатын
және өлшемін анықтайды.
Мәтіндегі ақпарат қуатын және
өлшемін анықтауда қиналады.
16 / 256 таңбалық мәтін қуатын
есептеуде/ Бірінші / Екінші мәтін
ерекшелігін түсіндіруде/
Ақпаратты Мбайт / Кбайт түрінде
көрсетуде қателіктер жібереді.
Мәтіндегі ақпарат қуатын және
өлшемін дұрыс анықтайды.
ЖОБА
7
Әлеуметтік желілердің кері әсері
Поштаға үнемі спам хабарламалардың келуі
Интернет ойындардың бала санасын улауы
Браузерді қосқанда кез келген жарнаманың
экранға шығуы
Агрессия
«Денсаулық және қауіпсіздік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 8.4.2.1 Желі қолданушыларының қауіпсіздігін
қамтамасыз ету ережелерін сақтау (интернеттегі алаяқтық
пен агрессия)
Бағалау критерийі Білім алушы
Интернетте қауіпсіз жұмыс жасау ережелерін
қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 15 минут
Тапсырма
1. Жағдаятты интернеттен келетін қауіп түрімен сәйкестендіріңіз.
2. Оқушы электронды пошта арқылы маңызды құжатты ата-анасына жіберу қажет
болды. Интернет желісін қауіпсіз қолданудың екі жолын ұсыныңыз.
1)
2)
3. Белгісіз сайтқа тіркелу кезінде телефон нөміріңізді жазудың кері салдарын
түсіндіріңіз.
4. Төменде берілген тұжырымдарды қарастырыңыз. Интернет желісіндегі қауіпті
әрекеттерді белгіше арқылы ( ) көрсетіңіз.
Жеңіл құпия сөз қолдану ыңғайлы, өйткені есте сақтау қиын емес;
Ата-ананың рұқсатымен әлеуметті