Мұғалім жұмысына пікір жазу үлгісі

Мұғалім жұмысына пікір жазу үлгісі
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, дефектолог
Нұрғожина Анар Амандыққызының
жұмысына берілген ПІКІР
Нұрғожина Анар Амандыққызы арнайы (түзету) мектептерінің оқу-тәрбиелік
нормативтік-құқықтық базасын толық білетін, өзі сабақ беретін пәндерінің негізгі және
білім облыстарын, арнайы педагогика мен баланың жас мөлшері психологиясын,
денсаулық сақтау технологиясын терең меңгеріп, іске асырып жатқан ұстаз. Өз
педагогикасының іс-тәжірибесінде тұлғалық бағдар тәсілін қолданып, оқушыларды оқу-
танымдық, шығармашылық іс-әрекетке ынталандырады, оқытудың тиімді тәсілі мен
әдістерін қолданады, әр оқушының нәтижеге жетуі үшін жағдайын жасайды, жалпыға
міндетті негізгі орта білім берудің мемлекеттік стандарттарымен анықталған
оқушылардың оқуға деген білім мен дағдыларын, іс-әрекет тәсілдерін жүйелі түрде
қалыптастырады. Нәтижесінде, психикалық дамуы тежелген (ПДТ) оқушылар
бағдарламаны жеткілікті деңгейде игеріп, облыстық ПМПК шешімімен қала және облыс
мектептерінің жалпы білім беру мектептеріне ауыстырылды. 2012 жылы 6 оқушы, 2015
жылы - 6 оқушы.
Оқушылар халықаралық, республикалық, облыстық әртүрлі байқау, олипиадаларға
белсене қатысты. Халықаралық нәтижелер: «Айналадағы әлем» (2015 жылы 2 оқушы),
«Мега-Талант» (2015 жылы 5 оқушы), «Вопросита» (2016 жылы 1 оқушы);
республикалық: қазақ тілінен олипиада (2014 жылы 1 оқушы), «Киік-қазақ даласының
киелі белгісі» байқауы (1 оқушы), «Сендегі шексіз жан шуағы» фестивалі (2014 жылы 1
оқушы); облыстық: «Менің Отаным-Қазақстан» шығарма байқауы, «Болашақ менің
қолымда» кіші шығарма байқауы, «Жарқын болашақ» олимпиадасы, «Табиғат әлемі
балалар көзімен-2014», «Абай оқуы».
Педагог өз іс-әрекеттерінің нәтижелерін тек талдап немесе сынақ түрінде бағалап
қана қоймай, алғыр ойларымен бөлісіп, өз шығармашылық деңгейін жүйелі түрде
толықтыру үшін кәсіби, шығармашылық байқауларға белсене қатысып отырады. 2013
жылы «Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз
етудің шарты» тақырыбындағы Бірінші Республикалық педагогикалық оқулардың
облыстық кезеңінің жүлдегері атанды. Сол жылы жүлдегерлер тобымен бірге Алматы
қаласында өткен республикалық деңгейге қатынасты. Соңында жүлдегерлер еңбектері
енген 3 томдық жинақ басылып шықты. 2014 жылы -халықаралық «Мағжан Жұмабаев
пен Михаил Лермонтов: көркем сөзбен өрнектелген әлем» коллоквиум, семинар-
тренингке, республикалық «Жаңа жылдық букет» байқауына қатынасып, сертификаттар
алды. 2016 жылы халықаралық «Интербриг» байқауында 2 орын алып, дипломант атанды.
«Умната» блиц-олимпиадаларында 1 орынды иеленді.
Анар Амандыққызы өз іс-тәжірибесімен конференция, семинарларда арнайы
педагогика мәселелері бойынша халықаралық, республикалық, облыстық деңгейде бөлісіп
отырады. 2012 жыл-облыстық «Арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының жаңашыл іс-
әрекеті денсаулық мүмкіндігі шектелген балаларға білім беру үрдісін дараландыру
құралы» атты семинарда (алғыс хат); 2014 жыл-республикалық «АКТ ауыл
мектептерінде» атты семинардың онлайн тәсілінде (сертификат), облыстық «Студенттік
ғылым-2014» конференциясында (сертификат); 2015 жыл-республикалық “Арнайы білім
беру: тәжірибесі, мәселелері және дамыту басымдықтары” тамыз кеңесінде; 2016 жыл-
халықаралық сырттай «Актуальные вопросы современной педагогики» ғылыми
конференциясында, «Мастерство педагога и инновации в образовании» ғылыми-
практикалық конференциясы. Оған қоса жыл сайын облыстық педагогикалық кадрлар
біліктілігін арттыру курс тыңдаушыларына семинар-практикумдар өткізеді. СҚМУ
студенттерінің практикалық жұмысына жетекшілік жасайды.
Педагогтың ғылыми-әдістемелік материалдар жарияланымдары халықаралық,
республикалық, облыстық баспа беттерінде шықты.
Анар Амандыққызының өзіне тән коммуникативтік және ұйымдастырушылық
деңгейдегі үйлесімді қасиеттері бар. Ол талапқойғыш оған қоса мейірбан, жауапкершілігі
бар ұстаз. Әріптестері, оқушылары мен ата-аналары арасында еңбегі сіңген беделге ие.
Директор: А.А.Мустафина