Бастапқы бақылау жұмысы №1 2 сынып

2 сынып
Қазақ тілі
Бастапқы бақылау жұмысы №1
Мақсаты: Оқушылардың 1 сыныпта өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың
меңгеруіне тиісті білім, білік, дағдыларын тексеру.
Міндеттері:
1. Дыбыстық талдау жасау.
2. Буын түрлерін ажырату.
Кітапхана
Мектеп кітапханасында қызықты кітаптар көп. Оқушылар кітапханадан кітап
оқиды. Мен суретті кітаптарды оқимын. Кітапты таза ұстау керек. Оны жыртуға
болмайды. Алған кітабымды мезгілінде өткіземін. Жамал апай-кітапханашы. Ол
кітапты көп оқитын балаларды жақсы көреді./34 сөз/
Тапсырмалар:
1. Жамал , мектеп сөзіне дыбыстық талдау
2.«Кітапхана» сөзін буынға бөл, буын түрін ажырат және тасымалда.
2 сынып
Қазақ тілі
Бақылау жұмысы №1
Жауап кілті
1) Жамал - 5дыбыс, 5 әріп, 2 буын
Ж дауыссыз, ұяң
а дауысты, жуан, езулік, ашық
м дауыссыз, үнді
а - дауысты, жуан, езулік, ашық
л дауыссыз, үнді
Мектеп – 6 дыбыс, 6 әріп, 2 буын
М дауыссыз, үнді
е дауысты, жіңішке, езулік
к дауыссыз, қатаң
т дауыссыз, қатаң
е - дауысты, жіңішке, езулік
п дауыссыз, қатаң
2) Кі-тап-ха-на
кі-тапхана, кітап-хана, кітапха-на
2 сынып
Қазақ тілі
Бастапқы бақылау жұмысы №2
Мақсаты: Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру.
Міндеттері:
1. Дыбыстық талдау жасау.
2. Буын түрлерін ажырату.
Көмек
Салтанат пен Әлия қияр жинауға көмектесті. Түстен кейін аспанда бұлт
қоюлана түсті. Жаңбыр құйып кетті. Олар жиюлы қиярды бір жерге тасыды. Үстін
жапты. Сөйтіп қиярды бүлінуден сақтап қалды. Қияр – пайдалы көкеніс. /22 сөз/
Тапсырмалар:
1. Алғашқы сөйлемдегі дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
2. Қияр, қоюлана, жиюлы деген сөдерді буынға бөліп жаз.
2 сынып
Қазақ тілі
Бақылау жұмысы №2
Жауап кілті
1) Салтанат пен Әлия қияр жинауға көмектесті.
2) Қи-яр
қо-ю-ла-на
жи-ю-лы
2 сынып
Қазақ тілі
І тоқсандық бақылау жұмысы 3
Мақсаты: Оқушылардың меңгеруге тиісті алған білім, білік, дағдыларының
нәтижесін тексеру.
Міндеттері:
1. Дыбыстық талдау жасай білу.
2. Мағыналас сөздерді таба білу.
3. Сөз табын ажырату
Кекілік
Кекілік тауық тұқымдасына жататын құс. Оның түсі көкшіл сұр болып
келеді. Екі бүйірінде көлденеңінен тартылған қара қоңыр жолақтары болады.
Аяғы мен тұмсығы қызғылтым. Осы реңі оны тас арасынан жөнді байқатпайды.
Олар барлық уақытта топтасып жүреді. / 35 сөз/
Тапсырмалар:
1.«Аяғы» сөзіне дыбыстық талдау
2.«Реңі» сөзінің мағыналас сөзін жаз.
3.Сын есімдерді тап.
2 сынып
Қазақ тілі
Бақылау жұмысы №3
Жауап кілті
1) Аяғы – 5 дыбыс, 4 әріп, 3 буын
А дауысты, жуан, езулік
я й дауыссыз, үнді
а - дауысты, жуан, езулік
ғ дауыссыз, ұяң
ы дауысты, жуан, езулік
2) Реңі – түсі
3) Көкшіл, сұр, қара қоңыр, қызғылтым
2 сынып
Қазақ тілі
Бақылау жұмысы №4
Мақсаты: Оқушылардың алған білім білік дағдыларын, сауаттылығын тексеру.
Міндеттері:
1. Дыбыстық талдау жасай білу.
2. Сөздерді тасымалдай білуін тексеру.
Біздің мұғалім
Қысқы түн. Үйлердің оттары сөнген. Тек мектептің шамы сөнген жоқ.
Бұл ұйықтамай отырған біздің мұғалім. Мектептің терезесіндегі шам сөнгенше
күткім келді. Шыдамай ұйықтауға жаттым.
Таңертең ерте ояндым. Ауылда тек мектептің терезесінде ғана от жанып
тұр./35 сөз/
Тапсырмалар:
1.«Ояндым» сөзіне дыбыстық талдау
2.«Ұйықтамай» сөзін тасымалдау
2 сынып
Қазақ тілі
Бақылау жұмысы №4
Жауап кілті
1) Ояндым - 7дыбыс, 6 әріп, 3 буын
О дауысты, жуан, ашық, еріндік
я й дауыссыз, үнді
а - дауысты, жуан, езулік
н дауыссыз, үнді
д- дауыссыз, ұяң
ы дауысты, жуан, езулік
м дауыссыз, үнді
2) Ұйықтамай
Ұйық-тамай, Ұйықта-май
2 сынып
Қазақ тілі
ІІ тоқсандық бақылау жұмысы 5
Мақсаты Оқушылардың алған білім білік дағдыларын, сауаттылығын тексеру.
Міндеттері:
1. Дыбыстық талдау жасай білу.
2. Сөздерді тасымалдай білуін тексеру.
Тұмау
Тұмау жұқпалы аурулардың бірі. Оның қоздырғыштары вирустар болып
табылады. Ол жөтелгенде, түшкіргенде ауа тамшылары арқылы таралады.
Тұмаудың белгілері: дене қызуының жоғарылауы, бас ауыру, түшкіру,
мұрыннан су ағу. Бұл жағдайда дәрігерге қаралу керек. /32 сөз/
Тапсырмалар:
1. «Тұмау» сөзіне дыбыстық талдау
2. «Тамшылары» сөзін тасымалдау
2 сынып
Қазақ тілі
Бақылау жұмысы №5
Жауап кілті
1) Тұмау – 5 дыбыс, 5 әріп, 2 буын
Т- дауыссыз, қатаң
ұ - дауысты, жуан, еріндік
м дауыссыз, үнді
а - дауысты, жуан, езулік
у дауыссыз, үнді
2) Тамшылары
Там-шылары, тамшы-лары
2 сынып
Қазақ тілі
Бақылау жұмысы №6
Мақсаты: Оқушылардың орындауға берілген тапсырмаларды талапқа сай
орындауын тексеру.
Міндеттері:
1. Дыбыстық талдау жасай білу.
2. Сөздерді құрамына талдай білуін тексеру.
Шоқан
Шоқан Уалиханов қазақ халқының шоқ жұлдызы. Ол суретші, өнер
зерттеуші, тарихшы, саяхатшы, ғалым.
Суретші Шоқан таңбалы тастармен тас мүсіндерге көп көңіл бөлген.
Шоқанның еңбектері қазақ халқының алтын қазынасы болып табылады. Олар
ғасырлар бойы жасай бермек./36 сөз/
Тапсырмалар:
1. «Шоқан» сөзіне дыбыстық талдау
2. «Саяхатшы» сөзін сөз құрамына талда
2 сынып
Қазақ тілі
Бақылау жұмысы №6
Жауап кілті
1) Шоқан – 5 дыбыс, 5 әріп, 2 буын
Ш дауыссыз, қатаң
о дауысты, жуан, ашық, еріндік
қ дауыссыз, қатаң
а дауысты, жуан, езулік
н дауыссыз, үнді
2) саяхатшы
Саяхат – түбір
шы - жұрнақ
2 сынып
Қазақ тілі
ІІІ тоқсандық бақылау жұмысы №7
Мақсаты: Оқушылардың тапсырмаларды талапқа сай орындауын тексеру.
Міндеттері:
1. Дыбыстық талдау жасай білу.
2. Сөз таптарын ажырата білуін тексеру.
Диқан
Нан астықтан алынады. Астықты өсіретін адам диқан. Ол жыл бойы
тыным таппайды. Көктемде жер жыртады. Жерге дән себеді. Дәннен егін көктейді.
Диқан жаз бойы егінді баптайды. Күзде піскен егінді комбайнмен орады. Масақ
толы дән қырманға тасылады. Диқанның еңбегі өте бағалы. /40 сөз/
Тапсырмалар:
1. «Диқан» сөзіне дыбыстық талдау
2. 3-4 ші сөйлемдегі етістіктерді теріп жаз
2 сынып
Қазақ тілі
ІІІ тоқсандық бақылау жұмысы 7
Жауап кілті
1) Диқан – 5 дыбыс, 5 әріп, 2 буын
Д дауыссыз, ұяң
и дауысты, жіңішке, қысаң, езулік
қ дауыссыз, қатаң
а дауысты, жуан, езулік
н дауыссыз, үнді
2) тыным таппайды, жер жыртады
2 сынып
Қазақ тілі
ІV тоқсандық бақылау жұмысы №8
Мақсаты: Оқушылардың алған білімі бойынша білім білік дағдыларын тексеру.
Міндеттері:
1. Сөз таптарын ажырата білу
2. Сөз құрамын дұрыс анықтай алуын тексеру.
3. Оқушылардың фонетикалық талдау жасай алуын тексеру.
Кемпірқосақ
Кемпірқосақтың жеті түсі бар. Олар қызыл, тоқсары, сары, жасыл, көгілдір,
көк және күлгін. Бұл түстерді жеке арнайы жағдайда ғана көруге болады. Күн
сәулесі жаңбыр тамшысына түскен кезде жарықтың жеті түсі сынады. Тамшы
арасынан кемпірқосақ пайда болады.
Тапсырмалар:
1. 1-інші сөйлемді сөз табына талда.
2. «Жапырақтары» сөзін сөз құрамына талда
3. «Жарық» сөзіне фонетикалық талдау жаса.
2 сынып
ІҮ тоқсандық бақылау жұмысы №9
Мақсаты: Оқушылардың алған білімі бойынша білім білік
дағдыларын тексеру.
Міндеттері:
1. Сөз таптарын ажырата білу
2. Сөз құрамын дұрыс анықтай алуын тексеру.
Тақия тастамақ
Ойынға бірнеше бала қатысты. Балалар шеңбер жасап отырды. Жүргізуші
шеңберді айнала жүгіреді. Отырған балалардың біреуінің артында тақияны тастап
кетеді. Бала жүргізушіні қуа жөнелді. Жүргізуші сол баланың орнына тұра қалуға
тырысады. Жеңілген бала айыбын төлейді. Өнер көрсетеді. /36 сөз/
Тапсырмалар:
1. 2- ші сөйлемді сөз табына ажырат
2. «Жеңілген» сөзін сөз құрамына талда
2 сынып
Қазақ тілі
Бақылау жұмысы №9
Жауап кілті
1) Балалар – зат есім
шеңбер – зат есім
жасап отырды – күрделі етістік
2) Жеңілген
Жеңіл – түбір
ген – жұрнақ
2 сынып
Қазақ тілі
Жылдық бақылау жұмысы №10
Мақсаты: Оқушылардың алған білімі бойынша білім білік
дағдыларын, сауатылығын тексеру.
Міндеттері:
1. Сөз таптарын ажырата білу
2. Сөз құрамын дұрыс анықтай алуын тексеру.
Жетіген
Жетіген жеті ішекті шертпелі музыка аспабы. Аспап ағаштан
құрастырылып жасалады. Құрылысы өте қарапайым. Жетіген жүздеген жылдар
өтсе де, баяғы күйінде.
Жетілдірілген түрінде он үш ішек байланған. Арнайы тиектер қойылған.
Аспаптың үні құлаққа жағымды. /32 сөз/
Тапсырмалар:
1. 6-шы сөйлемді сөз табына талда
2. «Шертпелі» - сөзін сөз құрамына талда
2 сынып
Қазақ тілі
Жылдық бақылау жұмысы №10
Жауап кілті
1) Арнайы тиектер қойылған.
Арнайы – сын есім
тиектер – зат есім
қойылған - етістік
2) Шертпелі
Шерт – түбір
пе жүрнақ
лі - жұрнақ
2 сынып
Бақылау жұмысы №11
Мақсаты: Оқушылардың алған білімі бойынша білім білік
дағдыларын, сауатылығын тексеру.
Міндеттері:
1. Сөз таптарын ажырата білу
2. Сөз құрамын дұрыс анықтай алуын тексеру.
Зерлі шапан
Зерлі шапан сырт киім. Ол қымбат матадан тігілген. Оның жағасы мен өңіріне
зер салынады. Арқасы, етегі мен жеңі оқасы жіппен өрнектеледі. Өн бойына
оюлар салынады. Ертеректе мұндай шапандарды хан мен сұлтандар, ауқатты
адамдар киетін болған. /35 сөз/
Тапсырмалар:
1. 2-ші сөйлемді сөз табына талда
2. «Зерлі» сөзін сөз құрамына талда
2 сынып
Қазақ тілі
Бақылау жұмысы №11
Жауап кілті
1) Ол қымбат матадан тігілген.
Ол – зат есім
қымбат – сын есім
матадан – зат есім
тігілген - етістік
2) Зерлі
Зер – түбір
лі - жұрнақ
Бақылау жұмысы №12
Мақсаты Оқушылардың жыл бойы алған білімі бойынша білім
білік дағдыларын,сауаттылығын, орындауға тапсырмаларды талапқа сай
орындауын тексеру.
Міндеттері:
1Сөз таптарын ажырата білу.
2Сөз құрамын дұрыс анықтай алуын тексеру.
3 Оқушылардың фонетикалық талдау жасай алуын тексеру.
Кішкентай көмекші
Ақан демалысқа атасы мен әжесінің үйіне келді. Атасы бағбан. Бау-бақша
жасыл кілемдей жайнап тұр. Ақан күні бойы атасымен бақта жүреді. Ағаштардың
түбін қопсытады. Арам шөптерден арылтады. Атасына бақшаны уақытында
суғаруға көмектеседі. Ал атасы мен әжесі кішкентай көмекшінің еңбегіне риза./39
сөз/
Тапсырмалар:
1. 1-інші сөйлемді сөз табына талда.
2. «Жапырақтары» сөзін сөз құрамына талда
3. «Жарық» сөзіне фонетикалық талдау жаса
2-сынып
Қазақ тілі
Бақылау жұмысы №12
Жауап кілті
1.Ақан демалысқа атасы мен әжесінің үйіне келді
Ақан зат есім
демалысқа - зат есім
атасы - зат есім
мен - шылау
әжесінің - зат есім
үйіне -зат есім
келді -зат есім
2.Жапырақтары
Жапырақ- түбір
тар-көптік жалғау
ы-жалғау
3.Жарық-5 дыбыс,5 әріп , 2 буын ,2 дауысты,3 дауыссыз
Ж- дауыссыз,үнді
а- дауысты,жуан, ашық,езулік.
р- дауыссыз,унді.
ы- дауысты,жуан,қысаң,езулік.
қ- дауыссыз,қатаң.
2 сынып
І тоқсан
Мазмұндама№1
Тақырыбы : Ақ аю
Мақсаты : Мәтіннің мазмұнын, өз ойын жүйелі түрде , сауатты жазуға
машықтандыру
Міндеттері :1оспар құру
2. Сөйлемдегі сөздердің байланысын сақтау
Ақ аю
Солтүстік Мұзды мұхитында қыс өте ұзақ және суық болады. Жылдың
екі-үш айында ғана аздап күн жылынады. Ол жерде ақ аю көп болады. Ақ аюлар
балық жейді.
Олар сеңнің ішінде қозғалмай жатқанда мұз сияқты болып көрінеді.
Балықтар оны мұз екен деп қалады. Балықтар қасына жақындағанда, шап беріп
ұстап алады.
Жоспар:
1. Ақ аюдың мекені.
2. Ақ аюдың қорегі.
3. Балық ұстауы.
2 сынып
ІІ тоқсан
Мазмұндама №2
Тақырыбы: Көктем
Мақсаты : Мәтіннің мазмұнын түсініп, өз ойын, мазмұнын жүйелі түрде , сауатты
жазуға машықтандыру.
Міндеттері: 1.Жоспар құру
2. Сөйлемдегі сөздердің байланысын сақтау
Көктем
Көктемнің бірінші айы наурыз. Наурызда 8 - Наурыз халықаралық әйелдер
күні және 22 Наурыз Ұлыстың ұлы күні тойланады.
Көктемде қар ери бастайды. Оңтүстіктен жылы жел соқты. Жаңбыр жиі жауа
бастады. Өзенде сең жүрді.
Әр жерден көк шөп көрінді. Жылғалардан су ағып, ағаш бұтақтарында
бүршіктер пайда болды. Бәйшешектер гүлдейді. Құстар ұшып келеді. /50 сөз/
Жоспар:
1.Көктем мерекелері.
2. Ауа райының өзгерісі.
3.Көктемгі қауырт жұмыстар.
2 сынып
III тоқсан
Мазмұндама №3
Тақырыбы: Керемет нәрселер
Мақсаты : Мәтіннің мазмұнын, өз ойын жүйелі түрде , сауатты жазуға
машықтандыру.
Міндеттері: 1. Жоспар құру
2. Сөйлемдегі сөздердің байланысын сақтау
Керемет нәрселер
Бұл ертегіні баяғы заманда ойлап шығарған. Бұл кезде кілем болған бірақ
ұшақ болмаған.
Адамдар ертеде ұшып жүруді көп аңсаған. Сондықтан да олар ұшқыш кілем
туралы ертегіні ойлап шығарған. Ал қазірде мұндай керемет нәрселер көз
алдымызда болып жатады. Ұшаққа ұшқан құс та жете алмайды.
Жоспар:
1.Адамдардың арманы.
2.Ұшқыш кілем.
3.Арманның орындалуы.
2 сынып
IY- тоқсан
Мазмұндама 4
Тақырыбы: Гауһар
Мақсаты : Мәтіннің мазмұнын, өз ойын жүйелі түрде , сауатты жазуға
машықтандыру.
Міндеттері: 1.Жоспар құру
2.Сөйлемдегі сөздердің байланысы
Гауһар
Гауһар шанасын сүйретіп, сыртқа шықты. Аспан ап-ашық. Ауады
шым-шым аяз бар. Батуға айналған күн қызарып көрінді. Гауһардың екі беті қып
қызыл. Жағасы қырау-қырау. Қас қарайды. Аспаннан жұлдыздар көріне бастады.
Гауһар үйге кірді. Әжесі немересін бауырына басып, басынан сипады. Гауһар
әжесіне риза болып жатып, әп-сәтте ұйықтап кетті. /45 сөз/
Жоспар:
1.Гауһардың далаға шығуы.
2.Қысқы дала.
3.Әжесінің немересін қарсы алуы.
2 сынып
ІІ тоқсан
Шығарма№2азақ тілі)
Мақсаты: Оқушылардың өз ойын көркем сөзбен жазбаша жеткізе
білу дағдыларын жетілдіру.
Міндеттері:
1. Берілген тақырыпқа өз ойын пікірін жаза білуге
машықтандыру
2. Тірек сөздерді пайдалану арқылы мәтін
құрастыру
Тақырыбы: «Менің елім – Қазақстан».
Тірек сөздер: алтын дәнді дала, отан, көркем, туған өлке
2 сынып
ІІІ тоқсан
Шығарма №3(қазақ тілі)
Мақсаты: Оқушылардың өз ойын көркем сөзбен жазбаша жеткізе
білу дағдыларын жетілдіру.
Тақырыбы: «Қысқы табиғат».
Тірек сөздер: ақ ұлпа, шыңылтыр аяз, көңілді балалар, жылтыр
мұз айдыны, таза ауа, жылы киім.
2 сынып
ІҮ тоқсан
Шығарма (қазақ тілі)
Мақсаты: Оқушылардың өз ойын көркем сөзбен жазбаша жеткізе
білу дағдыларын жетілдіру.
Тақырыбы: «Менің ана тілім».
Тірек сөздер: өз тіліңді құрметте,
, ардақта, шұбарламай, замандас, мемлекеттік тіл.