Контрольная работа "Бақылау жұмысы" 3 класс

Жамбыл облысы
Шу қаласы
№40 орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Нургалиева Марсиана Байсериккызы
Тақырыбы: Бақылау жұмысы (математика пәні)
Мақсаты: 1.Оқушылардың өздігінен жұмыс істей отырып, өткенді қайталау, білімін
тиянақтау, көбейту мен бөлу амалдары туралы білімі мен білігін жүйелеу;
2.Есеп шығару, есептеу дағдысын қалыптастыру;
3.Салыстырып, талдай отырып өздігінен жұмыс істеуге баулу.
Әдісі: өздік жұмыс.
Көрнекілігі: тақтадағы жазу, дәптер, сызбалар.
Түрі: бақылау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды,
сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді
жылу мен махаббатқа толтырады.
Психологиялық дайындық:
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Мақсат қою кезеңі:
Өздігінен жұмыс істей отырып, өткенді қайталау, білімін тиянақтау.
ІІІ. Бақылау жұмысы
І нұсқа
1. Амалдарды орында:
243 ∙ 2 930 : 3 (480: 3) + 120 ∙ 4
345∙ 3 684 : 3 860 - (98 ∙ 8) + 50
2. Өрнек құр және оның мәнін тап:
а) 40 және 8 сандарының қосындысын 6-ға көбейту; (40 + 8) ∙ 6
ә) 46 және 8 сандарының көбейтіндісін 6-ға бөлу; 46 8 : 6 = 368 : 6
3. Есептерді шығар.
Бірдей екі пакет шырын үшін 340 тг төленді. Осындай 8 пакет шырын қанша тұрады?
4. Теңдеуді шеш. Х : 3 = 140 + 8
5. Қырының ұзындығы 6 сантиметрге тең текшенің көлемін есептеп тап.
ІІ. Нұсқа
1. Амалдарды орында:
326 ∙ 3 639 : 3 760 (87 ∙ 6) + 150
287 ∙ 2 219 : 3 (255 : 5) + 240 ∙ 3
2. Өрнек құр және оның мәнін тап:
а) 87 мен 8 сандарының көбейтіндісінен 324-ті азайту; 87∙ 8 – 8
б) 459 бен 60 сандарының айырмасын 3 есе кеміту. (459 – 60) : 3
3. Есепті шығар.
Бірдей үш футболка үшін 600 тг төленеді. 800 теңгеге осындай неше футболка сатып алуға
болады
4. Теңдеуді шеш: х ∙ 4 = 560 + 32
5. Қырының ұзындығы 8 сантиметрге тең текшенің көлемін есептеп тап.
ІҮ. Сабақты қорыту
Ү. Үйге тапсырма: қайталау.
Бағалау.