Контрольная работа "Мәтіннің мазмұнын өңдеу. Қазақ тілі сабағында қосымша тапсырма ретінде орындауға болады" 1 класс


Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыстар.
Мәтіннің мазмұнын өңдеу. Қазақ тілі сабағында қосымша
тапсырма ретінде орындауға болады.
Сөйлемдерді әңгіме шығатындай етіп ретімен жаз.
Қоянның аяғын таңды.
Олар ағаштың түбінде отырған қоянды көрді.
Балалар орманға барды.
Оның аяғы сынған екен.
Балалар қоянды үйге алып келді.
Сөздерді тиісті орнына қойып, сөйлем құрап жаз.
1. Келді, мектепке, Асан.
2. Ұя, балалар, жасады, құстарға.
3. Ілді, Мұрат, ұяны, терекке.
Мақалдарды жалғастыр.
Еріншектің ертеңі ..... .
Ас атасы - ...... .
Ат – адамның ..... .
Сәйкестендіру тесті.
1. Сиыр қозы
2. Жылқы бота
3. Түйе құлын
4. Қой лақ
5. Ешкі бұзау