Конспект урока "Достықты бағалай біл. Етістіктің жіктелуі"


Сабақтың тақырыбы: Достықты бағалай біл. Етістіктің жіктелуі
Сабақтың мақсаты: Не білу керек: Етістіктің жіктелужолын білу
Не істей білу керек:Берілген тапсырмаларды істей білу керек
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың көрнекілігі: слайд, тапсырмалар-4 қағазы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен амандасу
Психологиялық дайындық. (Минусовка қосу)
Достық деген өмірде ең керегі,
Достық болып дүние дөңгеледі.
Өзендегі толқындар дос боп ақты,
Қанатымыздай жүгіріп кеудедегі.
1. Ой қозғау. Жұмбақты шешіңдер: Қиналғанда жаныңнан табылып,
Адалдықпен шын көңілден
Созады көмек қолын.
Айтыңдаршы недейді мұның атын?!
(Достық)
2.Достық деген сөзді қалай түсінесіндер? кластер
3. Мақал-мәтелдер. «Доссыз өмір – тұл», «Доссыз өмір – тұссыз ас»- деп халық бекер
айтпаған. Адам ес біліп етек жапқаннан бастап өзін түсінетін, жанына серік болатын
айнымас дос іздейтіні анық.
1. Аққуды атпайды,
Достықты сатпайды.
2. Достық-татулық белгісі
3. Жаман дос – көлеңке
4. Ағаш жапырағымен көрікті
Адамдар достарымен көрікті.
5. Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
7. Дұшпан күлдіртіп айтады,
Дос жылатып айтады.
8. Жүз теңген болғанша,
Достық
Жүз досын болсын.
4. Мәтінмен жұмыс. Мәтіннің ішнде қандай етістіктердің түрлері бар?
Бүгінгі сабағымызды біз сендермен мәтін арқылы сабағымызды пысықтаймыз, не
түсіндіндер.
Екі топқа тапсырма
Жақсы дос
Қанат конькиін аулаға қалдырды да, өзі тамағын ішуге үйге кетті. Тамағын ішіп
отырып ол конькиін Маралдың теуіп жүргенін көрді. Қанат ашуланып, аулаға жүгіріп
шықты. «қазір оның сазайын тартқызамын, біреудің затын сұрамай алушы болмасын»
деп ойлады.
Ашулы күйінде жетіп барды, тіпті жұдырығын да түйіп алған. Маралдың қасына
Айдар деген сыныптасы келді.Ал Марал оны көрді де, «танысып қой, Айдар, бұл
менің ең жақын досым – Қанат»- деді. Қанат ұялып қалды.
5. Достық ережесін құрастыр.
Бекіту
Қорытынды. Аяқталмаған сөйлем.
Етістік жіктелген ........., ................. түрде болады.
Мен бүгін сабақта................
Маған қиыншылық туғызды ...................
Мен келесі сабақта ............бұданда жақсы ...............
Мадақтау.
Үйге тапсырма. Менің досым туралы әңгіме жазу