Конспект урока "Ұұ дыбысы және әрпі"

Молдашева Құндыз Әмірбайқызы
Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясы
Бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Ұұ дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Ұұ дыбысы мен әрпі туралы білімдерін одан
әрі жетілдіру. Ұ дыбысына қатысты сөздерді,сөйлемдерді дұрыс оқуға
жетелеу,сөздерге дыбыстық,буындық талдау жасату.
Сөздік қорларын молайту,ойлау қабілеттерін дамыту,еркін сөйлеу дағдыларын
қалыптастыру.
Достыққа,қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрден тыс сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,ойын,көрнекілік,түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: паравоздың макеті,жапырақтар,түрлі дамытушылық
тапсырмалар,шарлар,билеттер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
“Көңілді вагон” әнімен оқушылар сыныпқа кіреді.
-Балалар,біз тағы бір бекетке келіп тоқтадық. Кішкене аялдап алайық.(күзгі
бақтың іші)
-Апай,мына жапырақтардың әдемісін-ай! Арасында дыбыстар да бар.
-Кәне,шынында да әріптер жазылған екен.Зер салып қарайықшы,кешегі
танысқан әріпіміз көрінбей ме?
-Бар,бар.
-Ендеше,осы әріптермен сөздер құрастырып көрелік.
Үй тапсырмасын бекіту (жапырақтарда әртүрлі әріптер жазылған)
Жаңа сабақ.
-Балалар,бәріміз бір-бірімізге жақын отырайық. Күзгі бақ қанша дегенмен
суықтау болады,от жағып жылынайық.
Оқулықпен жұмыс
Мұғалімнің оқуы. Оқушылардың тізбектей оқуы.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
-Мәтін кім жөнінде?
-Сұлтан өскенде кім болуды армандайды?
-Ол ағаштан не жасады?
-Жасаған ұшағы қандай болды?
-Сұлтан ержеткенде кім болады?
Ойын”Сөз калейдоскопы “
-Балалар,біз өткен сабақта қандай дыбыспен танысқан едік?
Ұ дыбысына байланысты қандай жұмыстар жүргіздік? Ол қандай дыбыс?
-Ендеше шардан Ұ әрпін жасап көрейікші.
Дәптермен жұмыс.
Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазыңдар.
-Ал балалар,біздің уақытымыз келді. Бүгін жақсы жұмыс жасадыңдар. Әрі қарай
саяхатымызды жалғастыруымыз керек. Көңілді вагонға орналасуымыз үшін”
Сиқырлы тізбек“ойынын ойнайық.
Билет арқылы оқушыларды бағалау
Сабақты қорытындылау.
- Мінекей балалар,біз бүгінгі сабағымызда достықпен,татулықпен бірігіп еңбек
еттік. Біріміздің білмегенімізді біріміз толықтырып жолдасымызды жолда
тастамадық. Достығымыздың жалауы әрқашан биік болғай деп әнімізге
басайық.
-