Конспект урока "Негізгі және туынды зат есім" 3 класс

Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім
Сабақтың мақсаты: а) Негізгі және туынды зат есім туралы алған білімдерін
пысықтау, сөйлем ішінен тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету.
ә) Оқушылардың ойлау қабілеттерін, зейінін дамыту.
б) Оқушыларды ұйымшылдыққа, іздемпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге
тәрбиелеу.Табиғатты қорғауға баулу
Сабақтың түрі: бекіту сабағы, экологиялық-ертегі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, дайындалған слайдтар,
Пәнаралық байланыс: дүниетану,ана тілі, бейнелеу
Ой қозғау
Үй тапсырмасын тексеру
Мағынаны ашу
Ертегі желісімен жаттығулар орындау
Толғаныс
Бағалау. Үйге тапсырма
Ой қозғау
Психологиялық дайындық
Үй тапсырмасын тексеру
2- жаттығуды аяқтау
Ертегіге шолу
Ерте, ерте, ертеде жапан түзде достарына өкпелеп жалғыз емен өмір сүріпті. Ол 10
жасында ержетіп, 20 жасында бұғанасы бекіп жайқалып өсіпті де, кенеттен қартая
бастапты. ( слайдтар көрсету)
Балалар, шағаламен бірге Еменнің ауруын емдейтін дәрігер іздеп жолға шығайық. Ол
үшін мына тапсырманы орындап жіберейік.
Зат есім дегеніміз не?
Зат есімнің сұрақтары?
Зат есім туралы тағы не білеміз
Зат есімнің түрлерін анықтау
1 жаттығу : Өлеңді оқы. Туынды түбірлерді теріп жаз.ар қай сөз табы
2 жаттығу: Бірнеше зат есімге бір жұрнақ жалғап, туынды зат есім жаса.Жалғану
себебін түсіндір.
5 жаттығу
Өлеңді көшіріп жазып, туынды зат есімдердің астын сыз
3 жаттығу
Сөздерді көшіріп жаз, сөз құрамына талда.түбір сөз қай сөз табы екенін анықта
Содан бері әлгі Емен жайқалып өсіп тұр. Тоқылдақтар ағаштарды құрттардан, шіруден
сақтайды екен. Ал, жасыл өсімдіктерді, ағаштарды күтсек, біздің денсаулығымызға
пайдалы екен.Ендеше жасыл өсімдіктер, ағаштар жайқала өсіп, құстарымыз көл басып ,
шарықтап ұша берсін десек,мына бір тапсырманы орындап жіберіңдер.
САБАҚТЫ БЕКІТУ. АУЫЗША ТЕСТ (дұрыс жауапқа қол шапалақтайды)
1. Зат есім нені білдіреді ?
а) заттың санын ә) заттың атын б) заттың іс-қимылын білдіреді
2. Зат есімді белгілеңдер
а) қарады, жазды. ә) алма, алмұрт б) он төрт, жиырма
3. Етістік қандай сұраққа жауап береді?
а) не? ә) не істеді? б) кім?
4. Көп нүктенің орнына керекті сөзді жазыңдар.
Нұржан үй тапсырмасын ..........................
а) келді ә) берді б) орындады
5. Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есім қалай деп аталады?
а) негізі ә) туынды б) жекеше
Қорытынды.
Үйге тапсырма. 4 жаттығу,26 бет.
8-наурызда анаңды қалай қуантатының жайлы әңгімеле. Ережені пысықтап келу.
Бағалау
Зеленов орта жалпы білім беретін мектеп
Қазақ тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы:
Негізгі және туынды
зат есім.
Дайындаған : К.К. Габдулова
Ақпан 2013 ж.