Конспект урока "Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім" 2 класс


«Қашаған Құржыманұлы атындағы № 8 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Тәуелсіздік тірегім,
елім деп соққан жүрегім»
Өткізген: 2 «А» және 2 «Ғ» сынып жетекшілері
Жұмабаева Ақбалдай
Жарилгасова Жанар
Жаңаөзен қаласы
2016 2017 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды еліміздің Тәуелсіздік алғанына 25 жыл толуына
байланысты Қазақстан туралы білімін кеңейту.
Дамытушылық: Тарихи деректердің маңызын аша білуге және
материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Тәуелсіздік жолында күрескендердің ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете
отырып, ұлт жандылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Түрі: Тәрбие сағаты
Көрнекілігі: Слайдтар, қанатты сөздер, мақал – мәтелдер, схемалар, шарлар,
музыка, безендірулер.
І. Ұйымдастыру
1 жүргізуші:
«Бостандық» - деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді,
қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір түн, бір мезет емес талай
ғасырларға созылған.
2 жүргізуші:
Егемендік! Тәуелсіздік! Осыдан 25 жыл бұрын бұл сөздердің қаншалықты
мағыналы екенін біз қазіргі уақыттағыдай түсінбеген шығармыз. Ешкімге
тәуелді болмауды арман еткен Кенесары секілді айбарлы ханымыз Наурызбай,
Ағыбай батыр найзаның ұшымен білектің күшімен күресіп құрбан болған.
3- жүргізуші:
Төле, Қазыбек, Әйтеке секілді аузы дуалы билеріміз ел тыныштығын сақтады.
Сол заманнан бері азаттың егемендік елімің арманы болды. Халқының қамын
жеген ата- бабаларымыздың қайсар ұрпағы 1986 жылы арман еткен
тәуелсіздіктің азаттықтың туын көтерді.
Ән «Алға, Қазақстан » Өтеген Мадияр
Миға шабул 2 слайд
Мұғалім:
1.Тәуелсіздік ұғымын қалай түсінесіңдер?
- Азаттық таңы (барлығы)
2. Қазақстанның қазіргі жай күйін сипатта.
1- оқушы:
Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда жариялады.
Қазақ мемлекетінің тіуелсіздігін 140-тан астам ел таныды.
2 оқушы:
1992 жылы Қазақстан дүние жүзіндегі ең ықпалды және беделді ұйым БҰҰ– ға
Ұйым болды.
3- оқушы:
1991 жылы қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа
ұшты.
4- оқушы:
1992 жылы Қазақстан Республикасы жоғарғы Кеңесінің сессиясында еліміздің
мемлекеттік рәміздері қабылданды.
1993 жылы 15 қарашада ұлттық валюта теңге енгізілді.
5- оқушы:
Шарықта, шарла, көкте көк байрағым
Арманым Азаматтығым, көпке айғағым
Мен сенің Салтанатты сағатыңа
Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым
Ал, самға әлем кезіп әнұраным
Қалықта Елтаңбасы шаңырағым.
Әң: Әнұран 3-слайд
6- оқушы:
Отан – деген сөзім қандай әдемі
Көзге елестер бүкіл қазақ әлемі
Таңдандырды жан жағында бай өлке
Қарапайым кең дастархан әдебі
Атам қазақ аңсағаны еркіндік
Сақтау үшін азаттықты бекіндік
Қастығы жоқ қазақ деген аңыз бар
Татулықтың символымыз сертім нық.
7- оқушы:
Тұңғыш ой шерге батып тұнғанбыз
Сан сүрініп құлап қайта тұрғанбыз
Тәуелсіздік жолында енді жан пида,
Тәуелсіздік туы үшін құрбанбыз